Орақова амангүл шахарбекқызы оқу процесінде оқушылардың шығармашылығын дамытудың педагогикалық шарттары


кесте - Модуль №1. «Қазақстан ерте темір дәуірінде» 6 сынып



бет27/53
Дата22.12.2023
өлшемі0,72 Mb.
#198727
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   53
Байланысты:
Орақова амангүл шахарбекқызы оқу процесінде оқушылардың шығармаш-emirsaba.org

14 кесте - Модуль №1. «Қазақстан ерте темір дәуірінде» 6 сынып.




Модуль құрылымы


сағат

саны

Сабақтың түрі мен мазмұны

Бөлінетін уақыт

1

2

3

4

Кіріспе бөлімі


1-ші сабақ


1.Модуль құылымымен, мақсатымен таныстыру.


2.Тақырыпты түсіндіру
3.Тірек-сызба бойынша тақырыпты түсіндіру.
4.Оқулықпен, дәптермен жұмыс
5.Қорытынды, үйге тапсырма

5 мин
15 мин

10 мин
10 мин

5 мин

Диалог бөлімі


2-ші сабақ


Жеке-топтық жұмыс формасы


  1. Жаңа сөздермен жұмыс


  2. Картамен жұмыс


  3. Қорытынды, үйге тапсырма



25 мин

15 мин
5 мин


3-ші сабақ


Жеке-топтық жұмыс


  1. Деңгейлік карточкамен жұмыс


  2. Қорытынды



40 мин

5 мин













14 кестенің жалғасы:


1

2

3

4

Диалог бөлімі


4-ші сабақ


Топпен жұмыс.


  1. «Эрудиция» ойыны


  2. «Бұл кім, не туралы»





35 мин

10 мин

5-ші сабақ

1.Шығармашылық жұмыс


2. Мәнжазба


15 мин
30 мин


6-шы сабақ


Топпен жұмыс формасы


«Әңгіме құрастыру » оқыту ойыны



45 мин

Қорытынды бөлім


7-ші сабақ


Аралас тест


Қорытынды


15 мин
20 мин



10 мин



Оқушы нені білу керек?
Ерте темір дәуірі деген ұғымның мәнін түсіндіру, хронологиялық шеңберін атау, археологиялық ескеркіштерімен таныстыру, сақ тайпаларының тұрмысы, қоғамдық құрылысы, мәдениеті жайында мәліметтердi келтiру.


Оқушы нені меңгеру керек?
Бұл дәуірге жататын археологиялық ескерткіштерге сипаттама беру, ерекшеліктерін атау, қосымша деректермен таныстыру арқылы оқушылардың өй-өрісін дамыту. Қазақ халқының ататегі болған тайпаларды атап, сипаттама беру, әңгіме құрастыру.
1. Тірек сызбамен тақырыпты түсіндіру.
2. Тірек сызбаны дәптерге түсіру.
Интерактивтік модульдік оқыту технологиясында мұғалім оқу материалын қызықты (тартымды) етіп бере отырып, олардың мүмкіндіктеріне сәйкес тапсырманы таңдауына, сәтсіздіктен құтылуына, сын көзбен қарауға, өзіне-өзі немесе жолдастарының жұмысына баға беруге жағдай туғызады.
Тірек сызбаларын даярлауда келесі ережелерді есте ұстаған жөн:
- тірек сызбалар мемлекеттік білім беру стандарты мен оқу бағдарламаларының талаптарын қанағаттандыруы тиіс;
- сызба, кесте, тірек конспектілер құрарда материал айқын жүйеленген болуы шарт;
- сызбалар негізіне өтілетін тақырып бойынша ең маңызды мәліметтер алынады;
- тірек сызбалар, кестелер, конспектілер сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға ықпал етуі тиіс.
Сөйтіп, тірек сызбалар тек қандай да бір ақпарат беруді ғана білдірмейді, сонымен қатар оқышуларда қисынды ойлау, бағдарламалық материалдың ең бастысын таба білу қабілеттерін қалыптастырып, материалды неғұрлым терең меңгеруін қамтамасыз етеді әрі берік оқу біліктері мен дағдыларын қалыптастыруға ықпалын тигізеді.
Оқу модулінің сөйлесу (даярлық диалог) бөлімінің тағы бір ерекшелігі бар екенiн ескеру керек. Зерттеу көрсеткендей, оқытудың белсенді және ойын формаларын кеңінен қолдану оқушылардың оқу материалдарына бірнеше мәрте – 13-тен 24 ретке дейін - қайта оралып, жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Оқу материалын меңгеру оған 7 рет қайта оралып, пысықтағанда ғана жүзеге асырылады [119, 6].
Оқу модулінің диалог бөлімінде интерактивтік тәсілді қолдану коммуникацияға, танымдық әрекетке жақсы стимул береді. Мұғалім жеке оқушыларға көп көңіл бөле алады, өйткені оқушылардың барлығы белгілі бір іспен айналысады. Бірігіп оқуға, бірігіп әрекет етуге тән ерекшеліктер (мақсат пен міндеттің ортақ болуы, ол жердегі жеке жауапкершіліктің болуы және нәтижеге жетудің бәріне бірдей мүмкін болуы) мұғалімге әрбір оқушының әрекетінен хабардар болуға, әрбір оқушыға көңіл бөлуге және қажет болған жағдайда көмек беруге мүмкіндік туғызады. Ал бұл сыныптық-сабақтық жүйе шартындағы әрбір оқушыға бағытталған тәсіл болып табылады.
Бұл бөлім оқушылардың өзін-өзі оқытуына және өзін-өзі бағалауына, бірін-бірі оқытуына және бірін-бірі бағалауына негізделіп құрылған. Сонымен қатар, интерактивтік тәсілдің ерекшелігіне көңіл аудара отырып, оқушыларға оқу материалын меңгертуде арнайы жұмыс формаларын, лайықты тапсырмаларды, түрлі бағдарлы жаттығуларды орындату оқушыларға оқытылып отырған пәннің практикалық тұрғыдан нәтижесін, жемісін көруге мүмкіндік береді және осы жағдай олардың пәнді оқып үйренуге деген қызығушылығын, оқушылардың қиялын, елестетуін, ойлау қабілеттерін арттырады. Бұл әрбір оқушы үшін тек үш деңгейлік тапсырмалар ғана емес, олардың үлгі жауаптарын да даярлау арқылы іске асырылады.
Оқушылардың ұжымдық-шығармашылық оқу-танымдық қызметін осылай ұйымдастыру нәтижесінде оқушының жеке тұлғасы емес (үлгеруші, үлгермеуші), оның жұмысы бағаланады (оқу мақсатына жетті – толық жетпеді – жетпеді). Сонымен қатар оқушылар бұл кезде оқу-танымдық қызметтің субъектілері болады, оларда ұйымдастырушылық қабілеттері, белсенділіктері, бастамашылдығы, шығармашылық көзқарастары, өзіне деген жауапкершілік сезімі, ұжымның қамын ойлауы дами түседі. Бұл кезде сөйлеуге деген іштей мотив қалыптасады, оқушылардың бойында бір нәрсе айтуға деген ниет туындайды, біріккен әрекетке, диалогқа қатысуға деген ынтасы артады. Оқушылардың меңгерген білімдерінің көмегімен өз бетінше ойлау қабілетін белсенді түрде дамытуға бағытталады, алынған білімді есте сақтап қана қоймай, оны практикада қолдануға үйренеді.
Оқушылардың шығармашылығын дамыту үшін шығармашылық қызметтің мотивациясын дамытудағы барлық мүмкіндіктерді пайдалану қажет. Сабақты жүргізу үшін проблемалық және ойландыратын тапсырмалар мен мәтіндерді дайындаудың да маңызы бар. Көрнекті құралдарды және жабдықтарды қолдануды жоспарлай отырып та оқушылар үшін шығармашылық тапсырмалар мен сұрақтарды да дайындау қажет. Мотивациялық тапсырмаларды сабақтың диалог бөлімінің барлық кезеңінде оқытудың жеке, жұптық, топтық, ұжымдық формалары негізінде қолдану қажет, тек осы кезде ғана шығармашылық танымдық қызметке оқушылардың қызығушылықтарын арттыру үздіксіз және жүйелі болмақ.
Сонымен бірге мұғалімнің оқыту процесіндегі маңызды рөлі – оқушының өз бетінше коммуникативтік, танымдық, шығармашылық әрекетінің басқарушылық пен жүргізушілікке қарағанда ұйымдастырушы рөлі кеңірек қалыптасады. Өйткені интерактивтік тәсілде мұғалім белсенділігі ұйымдастырушылықта, бақылаушылықта болса, оқушылар әрекетте белсенді болып табылады. Сабақта барлық оқушы бірігіп, белсенді түрде жұмыс жасап, мүмкіндігінше бір-біріне көмектесіп, бірін-бірі моральдық тұрғыдан қолдап, біріккен әрекет нәтижесі үшін әрбір оқушы өзінің жауапкершілігін сезінеді. Мұнда төмендегідей мәселелер шешіледі:
- оқыту процесі оқушыға бағытталады. Бұл жерде ең алдымен оқушының қызығушылығы, мүддесі, жеке ерекшелігі көзделеді;
- интерактивтік тәсіл оқыту процесін ұйымдастырудың әртүрлі формаларына қол жеткізеді, яғни оның негізінде оқушылардың бір-бірімен және мұғаліммен біріккен әрекеті көрінеді. Ал ол әрекет негізінде мұғалім рөлі тең құқылы әріптеске немесе кеңесшіге ауыса алады;
- оқушылардың белгілі бір жеке, жұптық, топтық жұмыста жауапкершілігі артады;
- пәнді оқуға деген мотивациясын ұлғайтатын эмоционалдық сферасын қозғайды;
- қажетті ақпаратқа өз бетінше қол жеткізе отырып, оқушылар шығармашылық жұмыстарының жемісін көрсету мүмкіндігіне ие болады.
Егер оқушы қандай да бір себептермен оқу модулінің диалог бөліміндегі сабақтарда болмаған болса, оған осы сабақтарда қолданылған барлық деңгейдегі тапсырмалар жеке беріледі. Оны бала үйінде, сабақтан тыс уақытта орындауына болады. Тапсырмаларды орындаған оқушыға өзін-өзі тексеруі үшін жауап үлгілерін беруге немесе мүғалімнің өзінің, не болмаса осы сынып оқушыларының ішінен кеңесші оқушының тексеруіне болады. Тек содан кейін ғана оқу модулінің қорытынды бөлімінің тапсырмалары беріледі, оның орындалуын мұғалім өз бақылауына алады.
Диалог-сөйлесу бөлімі сабақтарының ұйымдастырылу формасы бойынша әр оқушы өзінің қалай және немен шұғылдануы тиіс, сабақ барысында не істеуі керек екенін біледі, өйткені оқушылар сабақтың ережелерімен (егер ол оқыта үйрету ойыны болса) немесе оның құрылысымен және жүру барысымен алдын ала таныстырылады.
Мысалға:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет