Орақова амангүл шахарбекқызы оқу процесінде оқушылардың шығармашылығын дамытудың педагогикалық шарттары



бет29/53
Дата22.12.2023
өлшемі0,72 Mb.
#198727
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   53
Байланысты:
Орақова амангүл шахарбекқызы оқу процесінде оқушылардың шығармаш-emirsaba.org

О-І-ші деңгей



Кемерлер- сақ тайпасы
Кемерлер – сақтардың Еуропаға барған алдыңғы легі Азов теңізі мен Қара теңіздің аралығын жайлаған кемерліктер Шығыстан ауып келген. Көшпелілердің ұрпағы. Олардың б.з.б. ІІ-І мыңжыл. Аралығында Қара теңіз жағалауын, яғни «кемерін» жайлаушы халық ретінде тарихта белгілі жағалауды «кемер» деп атайды. Кемерлер екі теңіз аралығында мал өсіріп, аңшылық құрған.

Дахтар- сақ тайпасы

Дахтар – Каспий теңізінің шығыс жағын мекендеген көшпелі сақ тайпаларының бір тобы. Дахтар- Арал теңізі мен Сырдарияның қыр жағында, Каспий теңізі мен Эмурдарияның аралығында көшіп жүрген сақтардың бір тобы, олардың ең мықты тайпасы. Дахтар өжет, жауынгер халық болған. А.Македонскийге қарсы бірлескен күресіне қатысқан. Дахтар жылқы, қой, түйе өсіріп, егін салған.



Асылар – сақ тайпасы
Асылар исседондар - Қазақстан жерін мекендеген сақ тайпасы. Батыста Кіші Қаратаудың жотасы арқылы арыс тайпасымен шектесіп, жазықтағы Асы өзенінің аңғарынан бастап шығысқа қарай Талас, Шу, Іле өзендерінің аңғарларына дейін Тарбағатай мен Алтайға дейінгі аралықты мекендеген. Оңтүстіктен Тәңіртау шектеген. Асылардың негізгі мекені – Жетісу өлкесі. Мал бағып, егін салып, кең өңдеумен айналысқан.

  1. Афрасиаб қаласы.


Афрасиаб – іргесі б.з.б. І - мыңжылдықта қалаған көне қала. Соғды мемлекетінің саяси- экономикалық орталығы. Самарқан қаласының шетінде ескі жұрты сақталған. Көне эпостарда Алып Ер тоңға соғды жерінің билеушісі болып, осы Афрасиабты салдырғаны айтылады. Афрасиаб қаласының қолөнерімен және саудамен айналысатын бөлігі- Табад гүлдене түсті. Х ғасырда Самани әулеті тұсында қала мейлінше өркендеген. Афрасиаб өз кезінде дүние жүзіндегі ірі қалалардың бірі болды. Афрасиаб қамал мен 4 татар қорғаныс қабырғалардан тұрады. Кейінгі дәуірде оның жанынан қазіргі жаңа Самарқан қаласы салынды.



Ахемендік Иранның сына жазу ескерткіштерінде Сақтар үш топқа бөлінеді. Олар Хаумаварға (Хаому шарабын ішетіндер); Тиграхауда (шашақ бөріктілер);
Тьяй парадарая (теңіздің арғы жағындағы ). Сақтар одақтарына Яксарт, Массагеттер, Дайлар сияқты көптеген көне тайпалар біріккен. Совет археолог тары қазақстанның оңт.ауданы мен Қырғызстан, Тәжікстан, Алтай жерлерінен Сақ тайпаларының қорғандары мен обаларын тапты. Есік, Пазырық қорғандары.
Б.з.б. – 1 ғ-да б.з. 1-5 ғ-да қазіргі Қазақстан жерінің оңтүстігінде, Сырдария, Талас, Шу, Іле өзендерінің бойында, Шығ. Орталық Қазақстанда ежелгі сақ тайпа –ның одағы көріне бастады. Олардың ішінде қуатты мемлекетке айналып, тарихта, мәдениетте, өнерде белгілі із қалдырғандар- хұнндар, үйсіндер, қаңлылар. Шығыс зерттеушісі Н.Я. Бичуриннің ежелгі Қытай тарихшыларының жылнамаларынан аударған Талас өзендерінің бойымен өтіп, Қаратаудың Шығыс бөктеріне дейін алып жатқан. Үйсін атауының этимологиясы анықталмаған, тек иероглиф жазуы түрінде белгілі, ол қазақ этнонимінің бірімен, тайпаның өз аты – үйсінмен үндес. Үйсіндер туралы деректер б.з.б. 2-ғ-дың аяғында ғана кездеседі. Хань импера –ның сарайы Хұннумен күресте өзіне одақ іздесу үшін Бат. өлкеге Чжан Цянь бастаған елшілікті жібереді. Ол жетісуда болып, үйсіндер туралы алғашқы хабар әкелді.
Қаңлылар туралы мәлімет б.э.б. 2 мыңжылдықтың ортасындағы Қытай деректемелерінде аталады. Онда қаңлылар Дауанының (Ферғана) астанасы Эрти қаласынан солт.-батыста 2 мың. жерде орналасқан.
Осы деректерге сүйенген зерттеушілер Қаңлы тайпаларының одағы Сырдарияның орта ағысына орналасқан деп есептейді. Қаңлы иелігі Каспийдің солт. Жағалауына дейін жеткен.
Б.э.б 4-3 ғ-да Қытайдың солтүстігін мекендеген тайпалардың бірлестігі құрылған. Солардың бірі Сонну (хұнну немесе ғұндар) б.з.б. ғ-да күшті ел болды. Кейінгі заманда Хұнну-ғұн аталып кеткен. Б.з.б. 200 ж. Хұнндар Хань әулетінің негізін қалаушы Лю банға соққы берді. Бірнеше әскери жорықта жеңіліс тапқаннан кейін 188 ж. Хань империясы хұнндарға жыл сайын тарту беруге мәндеттенеді. Кейін хұнндардың бір бөлігі- ТяньШаньға жылжып, қаңлы тайпалық бірлестігімен жапсарлас қоныстанды.
Еуропалықтар хұнндарды «гундар» деп атады.
Қазақ халқының шығу тегіне ежелгі сақтардан кейін негіз болған үйсіндер, қаңлылар, хұнндар.

  1. Карта бойынша жұмыстың кілті:


а) сақтар, үйсін, қаңлы, ғұндар, сармат тайпалары


ә) ЖетісудеБесшатыр, Есік обалары


Оңтүстік Қазақстан -арыс мәдениеті
Жеті асар, Қараасар, Томпақасар


Шығыс Қазақстан – Майемер кезеңі, Шілікті патша қорғаны, Берел кезеңі, Құлажорға кезеңі

Орталық ҚазақстанТасмола мәдениеті

Солтүстік Қазақстан – Ұлыбай –Тасмола мәдениеті


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет