Қорғауға жіберілді 20 ж



бет7/8
Дата31.05.2020
өлшемі221,55 Kb.
#71802
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Zhanbotakursovoy 1 (1)
Баяандама 29.10.19ж
Қорытынды

Адам баласы тіршілік ету үшін өзіне керекті заттарды табиғаттан алады. Сондықтан табиғат байлығын аялап, қоршаған ортаны ластанудан, бүлінуден қорғау келешек ұрпаққа оларды табиғи қалпынан бұзбай жеткізу үлкен мәселе. Адамның денсаулығына әсерін тигізетін қоршаған ортаның ауа мен суы, топырағы мен өсімдіктері таза болған жөн. Жер тұрғындарының шаруашылық қызметі қазіргі кезде биосфераны ластаушылардың басты себепкері болып табылады. Қазіргі өркениет табиғаттағы тепе-теңдікті бұзып , қоршаған ортаның залалын тигізіп отырғаны жасырын емес. Себебі, күн сайын , сағат сайын өнеркәсіптің газ тәріздес, сұйық және қатты қалдықтары биосфераға түсіп отырады. Ол қалдықтардан ауаға, суға және топыраққа сандаған химиялық заттар бөлініп, олар адам денсаулығына залалын тигізеді. Экологиялық зардап бүгінде адам өлімінің 20% себеп болып отыр. Ал кейбір жерлерде жағдай бұдан да қиын. Қазіргі кезде бүкіл жер шарында адамның араласуынан шет қалған, ластанушы заттардың түспеген бірде-бір жері жоқ.

Қоршаған ортаны ластайтын заттардың биологиялық әсері олардың адамды уландыруы, нысандық сырқаттарға ұрындыруы, қатерлі ісік тудыруды және мутагендік қасиеттеріне байланысты екендігі белгілі. 

Ауаны ластайтын улы заттардың 150-ден астамы белгілі. Олар ауада күн сәулесінің әсерімен ыдырап, реакцияға түсіп , жаңа химиялық қосындылар түзеді. Бұл қосындылар табиғи ортаны ластап, адам организміне әртүрлі әсер етіп, денсаулығын бұзады. Осындай улы заттар көп мөлшерде әсер етсе адамның тынысы тарылып өліп кетуі де ықтимал. Улы заттар ірі өнеркәсіптер шоғырланған қалалардың тұрғындардың денссулығына елеулі зиян келтіреді. Химиялық, түрлі-түсті металл өндіретін өндірістер тынымсыз улы заттар бөліп тұрады. Мысалы, ауаны ластаушы қайта өңдейтін зауттар мен электростанциялар секілді ауаға күкірттің қос тотығын шығаруда, ол әрине адамдардың және жануарлардың тыныс жолдарын қабындырып, әртүрлі аурулар туғызады. Көмірді жылу электрстанцияларында жағудың әсерімен ауаға күл бөлініп шығады. Ол ауылшаруашылық егістеріндегі көкөністер мен жеміс-жидектерге, орман өсімдіктеріне елеулі зиян келтіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет