«Жалпы тәжірибелік дәрігердің науқастарға кеңес беру кезінде тұлға аралық қатынас қағидалары».
Орындаған:Сатылғанова Ә. Ғ.
Тобы:545 ЖМ
Тексерген:Наркулова А. А.
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
Тиімді арақатынас қағидалары
Дәрігер тарапынан сақталатын ережелер
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Дәрігер қашан да науқаспен және оның жақындарымен тілдескенде сыпайылықты ұмытпауы тиіс.Сонымен қатар,қатынасудың уақытын,орнын дұрыс таңдай білу керек.
Қатынас жасау барысында кезең-кезеңменәрекет жасай білу керек:
1-кезең:науқастың қас-қабағын бақылай отырып қатынасқа ену.Науқастың өзін еркін сезінуі және дәрігердің науқас көңіл-күйін сезінуі өте маңызды.
2-кезең:науқасты ашық пікірлесуге қызықтыра отырып тарту.
4-кезең:дәрігер мен науқас бір нәтижеге жетіп,оны бекіту.
Дәрігер-науқас арақатынасының құралдары
Қатынас құрудың негізінде ақпарат алмасу жатады.Нәтижелі арақатынас құру үшін вербальды және вербальды емес құралдар қолданылады.
Тиімді арақатынас қағидалары
Дәрігер науқаспен эмпатиялық қатынас құруы керек.Нәтижесінде науқастың ішкі бейнесін,барлық эмоционалдық және мағыналы жақтарымен толық қабылдау іске асады.Эмпатиялық әдіс бойынша,дәрігер ауру адамның ішкі әлеміне кіріп,онда өзін «үйіндегідей» сезінуін ойластырады.Мұнда дәрігер басқаның уайымдарына сезімтал болып,онымен бірге қорқақ,ызалы,жасқаншақ болуы керек.Бұл дәрігерден үлкен шеберлік пен эмоциялық тұрақтылықты талап етеді.Бір жағынан дәрігер белсенді,жауапты,күшті болса,екінші жағынан-нәзік және сезімтал бола білуі маңызды.
Мақсаты- науқастың тәртібін бақылау, белгілі бір әрекет жасауға мәжбүрлеу. Құралдары:бұйрық,нұсқау,талап.
Диалогтық
Дәрігер тарапынан науқасқа ұстамдылық көрсетіліп, тепе-теңдік жағдайы туады. Өзара әрекеттесудің келесі ережелерін орындағанда ғана диалогты қатынасқа нәтижелі жетуге болады:
Науқастың өзекті жағдайына өзінің толық көңіл-күйін аудару;
Науқас ықпалдарына априорды (алдын-ала) сенім білдіріп, оны бағалаусыз қабылдау;
Науқасты өзіне тең деп есептеп қабылдау;
Қатынасуды жеке тұлғалау (персонфикациялау) -сұхбатты өз атынан жүргізіп, басқалардың пікіріне және көзқарасына сүйенбей, тек өзінің нақтылы сезімдері мен талаптарын көрсету.
Қорытынды
Қорытындылай келе, дәрігер мен науқас арасындағы нәтижелі қарым қатынас құру бірінші кезекте дәрігердің қызығушылығы. Себебі, бұл арқылы дәрігер өзіне керекті ақпаратты толық жинастыра алып, сонымен қатар, науқастың сеніміне ие болып, айтылған нұсқаулар мен кеңестің барлығын орындайтынына кепіл болады. Келген науқасты тыңдаудың да өз техникасы болады.Оның басты мақсаты- науқасты сөйлету арқылы қажетті ақпарат жинау.Оның 2 түрін ажыратамыз:
Бағалай отырып тыңдау:
Бағалаусыз тыңдау.
Дәргерлік тәжірибеде бағалай отырып тыңдау жиі қолданылады.
Сұхбаттасу барысында дәрігердің дене қалпы (поза) оның толық назар аударып, тыңдауға әзірлігі жайлы пікір қалыптастыру керек. Дәрігер науқас адамның көзіне үнемі тесіле қарамай,тек анда-санда көз тастағаны жөн.
Бақылаусыз тыңдау техникасы бойынша ең маңызды шарт-үндемеу,ымдап қолдау және қызыққанын вербалды емес қатынас арқылы білдіру. Сұхбат кезінде науқастың қобалжып,қапалануын дәрігер бірден түсіне білуі керек,егер:
Психологиялық жайсыз жағдай пайда болғанның маңызды белгісі-науқастың сұрақтан жалтарып, көзін қашырып, мағынасыз тіркестерді қолдануы.
Дәрігердің басты мақсаты болса,науқастың жағдайына еніп, оған жылы жүзбен қарап,сабырмен,байыппен барлығын егжей-тегжей түсіндіріп айту.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Артюхина А.И. Профессионально-личностное развитие студентов в образовательной среде медицинского вуза:учебное пособие.-Волгоград:ВолГМУ,2006.-122с.
Биомедицинская этика в системе последипломного образования врачей:учеб.-метод.пособие//А.А.Александров,Т.В.Мишаткина,Т.В.Силич/под ред.Г.Я.Хулупа.-Мн.,БелМАПО,2008.-134с.
Дернер К. Хороший врач.Учебник основной позиции врача.//Пер.с нем И.Я.Сапожниковой при участии Э.Л.Гушанского.-М.:Алтейя,2006-544с.