Қорытынды Қолданылған Әдебиеттер Кіріспе



бет8/17
Дата21.10.2022
өлшемі168 Kb.
#154458
түріҚұрамы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17
Байланысты:
ref 1388
0001d066-4e2948d3, 0001d066-4e2948d3, 6 сынып тапсырма №1, 5-с деңгейлік тапсырмалар, Экономикалық география сөж, Ақсеңгір ОМ
АЗАМАТТЫҚ ЗАҢДАР
Қазақстан Республикасының Азаматтық заңдары - әр түрлі заңдық күші бар нормативтік-құқықтық актілердің жиынтығы. Азаматтық заңдар жүйесі Азаматтық кодекстен (АК), оған сәйкес қабылданған Қазақстан Республикасының басқа да заңдарынан, Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлықтарынан, Парламен Сенаты мен Мәжілісінің қаулыларынан (заңдық актілердің), сондай-ақ, қатысушылардың тең құқықтылығына негізделген тауарлы-ақша және басқа да мүліктік қатынастарды және мүліктік қатынастармен байланысты, сонымен қатар мүліктік қатынастармен байланысы жоқ жеке мүліктік емес қатынастарды ретке келтіретін Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларынан тұрады.
Азаматтық заңмен нормалары заңдарда, нормативтік-құқықтық актілерде және халықаралық шарттарда (келісімдерде) орнығып бекиді. Бұл орайда, Қазақстан Республикасының 1998 ж. 24 наурыздағы «Нормативтік-құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес аталған нормативтік-құқықтық актілердің барлығы олардың заңдық күшіне қарай әрекет ететінін айтқан жөн.
1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы азаматтық-құқықтық қатынастар үшін ең жоғары заңдық құжат болып табылады. Қазақстан Республикасының Конституциясы бірқатар азаматтық құқық нормаларын қамтиды. Мысалы, 6-бапта, Қазақстан Республикасында мемлекеттік және жеке меншік танылатыны, сондай-ақ олардың тең дәрежеде қорғалатыны көрсетілген.
Азаматтық заңдылықтар ішінде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі ерекше орын алады. Ол 1124 баптан тұрады. Азаматтық кодекстің Жалпы бөлімі 1994 жылы 27 желтоқсанда, ал Ерекше бөлім 1999 жылдың 1 шілдесінде қабылданды.
Азаматтық кодекс Қазақстан Республикасының бүкіл территориясынданың бүкіл территориясында мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарды біріңғай құқықтық жолмен реттеуді қамтамасыз етуді көздейді. Осыған сәйкес, Азаматтық кодекс азаматтық құқыққа жататын барлық қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған азаматтық заңның неғұрлым маңызды қағидаларын орынқтырады. Нарықтық экономика жағдайындағы азаматтық қатынастардың нормативтік негізін салу азаматтық кодекстің сипатты белгісі болып табылады. Онда кәсіпкерлік қызметтің анықтамасы берілген және кәсіпкерлік саласындағы қатынастарды реттеуге бағытталған көптеген құқықтық нормалар бар.
Орныққан нормативтік актілермен қатар, қоғамдық қатынастардың жекелеген түрлерін реттейтін арнаулы заңдар азаматтық заңдылық жүйесін құрайды. Мысалы, Қазақстан Республикасының авторлық қатынастарды реттейтін 1996 ж. 10 шілдедегі “Авторлық құқық және аралас құқықтар туралы” Заңы. Осы және басқа да арнаулы заңдар Азаматтық кодекс сияқты жалпыға бірдей сипатқа ие болмаса да, арнаулы азаматтық құқықтық қатынастарды реттеуде үлкен маңызға ие.
Алайда басқа арнаулы заңды актілердегі азаматтық-құқықтық нормалар Азаматтық кодексе қайшы келмеуге тиіс. Қазақстан Республикасының заңдарында бар, бірақ Азаматтық кодекс нормаларына қайшы келелтін азаматтық құқық нормалары кодекске тиісті өзгертулер енгізілгеннен кейін ғана қолданыла алады.
Азаматтық заңдылық нормалары Азаматтық кодекс пен басқа да заңдық актілерде ғана емес, сонымен ірге заң ішіндегі нормативтік актілерде де болады. Мысалы, Қазақстан Республикасы Президентінің “Азаматтар мен заңды тұлғалардың ерікті кәсіпкерлік қызметпен шұғылдану құқығын қорғау туралы” 1998 жылғы 27 сәуірдегі Жарлығы.
Азаматтық кодекстің 3-бабының 3-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының Президенті, министрліктер және басқа да орталық органдар, жергілікті өкілетті және атқарушы органдар, Азаматтық кодексте және азаматтық заңдылықтың басқа да актілерінде қаралған жағдайлар мен шектерде азаматтық қатынастарды реттейтін актілер шығара алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет