Денсаулықтың дұшпаны
Сәлем, достым! Халің қалай? Мына зымыран заманда уақытың қалай өтіп жатыр? Саған фаст-фуд туралы айтқым келіп отыр. Кеше бізде зиянды тағамдар туралы пікірталас болды. Мен сол пікірталаста шығып сөйледім. Шындығында, мен пікірталасқа дайындық барысында көп нәрсе білдім. Маған құрдастарым да біраз сұрақ қойды. «Фаст-фуд» (fast food) сөзі ағылшын тілінен аударғанда «Шұғыл дайындалған тағам» дегенді білдіретінді көбіміз білеміз. Сен де білетін шығарсың? Фаст-фудтың түрлері көп. Атап айтсақ, бұл – біз сүйіп жейтін фри картобы, әр түрлі бюргерлер, хот-догтар, пицца, шаурма. Тағы да фаст-фудқа оңай дайындалатын кеспе, картоп пюрелерін, ботқаларды жатқызады. Сонымен қатар дүкендерде сатылатын чипсы, кептірілген тұзды нандар, жаңғақтар, поп-корндар да фаст-фудтың бір түрі екен. Бір қызығы, үлкеніміз де, кішіміз де оны сүйсіне жейміз, іздеп жүріп жейміз. Ал зиянды екенін ойламаймыз. Тек қарнымыз тойса, соған мәзбіз.
Ең бастысы, фаст-фудтың ағзамызға зиянды тағам екенін ұмытпау керек. Бірақ біз осыны біле тұра бәрібір оны жегіміз келіп тұрады. Бүгінгі фаст-фудтар адам ағзасына көп зиян келтіреді. Оны жиі жесек, көптеген ауруға шалдығады екенбіз.
Маған ата-анам бұрыннан чипсы, кептірілген тұзды нандарды, бюргер, хот-догтарды жеуге қатаң тыйым салған. Анда-санда пицца аламыз.
Өзіне-өзі дұшпан адам фаст-фудты жей берсін, ал сен жеме! Ең басты нәрсе денсаулығың емес пе? Дені саудың жаны сау! Өзіңді күт, достым. Енді мен де фаст-фудқа құмарлығымды азайтамын.
44-тапсырма: мәтінде кездеспеген тез дайындалатын тағамдарды атаңыз:
45-тапсырма: сыныптастарыңа қандай кеңес берер едіңіз...
___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |