«Өрлеу» баұО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ баи оқушылардың ОҚу сауаттылығын дамыту бойынша тапсырмалар жинағЫ Әдістемелік құрал



бет14/24
Дата07.02.2022
өлшемі3,03 Mb.
#95749
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24
Байланысты:
Оку сауаттылыгын дамыту бойынша тапсырмалар жинагы

Ақпарат құралдары

Ақпарат құралдары – мемлекет тәуелсіздігінің саяси-экономикалық және ғылыми-технологиялық дербестігімен пара-пар басты белгілерінің бірі. Ақпарат құралдары кең мағынасында: бұған жұртшылыққа хабар тарататын құралдардың бәрі – газет, журнал, телевизия және радио, ғылыми хабаршылар, бюллетеньдер, пресс-релиздер, ғылыми жинақтар, жарнамалық мәтіндер, таблоидтер жатады. Қалыптасқан мағынасында мерзімді баспасөз, телевизия мен радио, ақпарат агенттіктері, әр түрлі байланыс жүйелері енеді. Баспасөз, теледидар және радио тек ақпарат тарататын құрал ғана емес, олар көпшілікке ұсынылатын материалдарын түсіндіреді. Бұл материалдарына көркемдік түр мен сипат береді, сол арқылы көрерменнің, тыңдарманның эстетикалық сұранысын өтейді. Ақпарат құралдарына дәл пікірді «Би-би-си» компаниясының тұңғыш бас директоры Джон Рейт берді. Ол хабар тарату саясатынан –«хабарлау, ағарту, көңіл көтеру» секілді үш негізгі ұстанымды бөліп алды. Бұл үш ұстаным бүгінгі таңда да радио мен теледидарға айқындауыш ретінде қалып отыр. Осы үш бағыттың ішінде хабарлау теледидардың қызықты, жедел, тартымды, көп өрісті, ауқымды болуына және көзқарас пен жария пікірге кең жол ашты.


32-тапсырма: мәтіннің мазмұнына сүйенсек, БАҚ кімдердің эстетикалық сұранысын өтейді?



  1. Би-би-cи компаниясының

  2. Мемлекеттің, көрермендердің

  3. Көрермендер мен тыңдармандардың

33-тапсырма: «Жұртшылыққа хабар тарататын құралдар» тақырыбында кластер жасаңыз







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет