«Өрлеу» баұО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ баи оқушылардың ОҚу сауаттылығын дамыту бойынша тапсырмалар жинағЫ Әдістемелік құрал


Түркістан қаласы туристер назарында



бет15/24
Дата07.02.2022
өлшемі3,03 Mb.
#95749
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24
Байланысты:
Оку сауаттылыгын дамыту бойынша тапсырмалар жинагы

Түркістан қаласы туристер назарында

Түркістан – Қазақстанның көне қалаларының бірі. Бұл қала еліміздің оңтүстік аймағында орналасқан. Қазір Түркістан – тарихи және туристік қала. Түркістанға келгендер алдымен Қожа Ахмет Иасауи кесенесіне барады. Кесененің жанында шығыс моншасы бар. Жер астында қырық төрт бөлмеден тұратын «қылует» деп аталатын ғибадатхана салынған. Түркістан қаласы Қожа Ахмет Иассауи атымен әйгілі болды.


Бүгінгі Түркістан – туристердің назарын аударып отырған қала. Мұндағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде мыңдаған қазақстандық жастар білім алады. Түркістан қаласында туризмнің дамуына мүмкіндіктер мол. Туризмді экономиканың бір саласы деуге болады. Қожа Ахмет Иасауидің кесенесі – ортағасырлық сәулет өнерінің озық үлгісі.
Кезінде атақты Әмір Темір данышпан Қожа Ахметтің ақындық сөзіне таңғалады. Көшіп-қонып жүрген қазақтар Әмір Темірдің қылышынан қорықпайды, ал ақынның уағыз сөзіне сенеді. Осыны ойлаған Әмір Темір Қожа Ахметтің құрметіне алыс елдерден ұста, зергер, сәулетші жинайды. Сөйтіп, ақын зиратының басына ғажайып ғимарат орнатуға жарлық береді. Ғимаратты тұрғызу үшін мыңдаған адам қатар тұрып, күйген қышты бір-біріне қолдан беріп, алыстан осы әдіспен жеткізген. Құрылыс іргесін үйір-үйір жылқы айдап, мал тұяғымен қатайтады. Ғимарат 35 бөлмеден тұрады. Солардың бірі «қазандық» деп аталған. Осы бөлмеде салмағы 2 тонна үлкен қола қазан орнатылған. Қазанды Әбіләзиз деген шебер Қарнақ деген жерде құйған. Оған жеті жылқының еті сыяды.
Бұл ғажайып ғимаратты бірнеше жыл тұрғызған. Сәулетті шебер ұста Ғұбайдолла Садыр жүргізеді. Бұл ғимараттың салынғанына қанша уақыт болса да, оның өздігінен бір қышы сынбаған, бір шегесі босамаған, сыры кетпеген. Хандар таққа отырған кезде осында ант беру дәстүрі болған. Ал өлген соң, оларды осы жерге жерлеген. Көне Түркістан топырағында сексен бір хан, би, батырдың сүйегі жерленген.
34-тапсырма: бұл кесенені неліктен ғажайып ғимарат деп атайды?

  1. Тарихи құндылығы бар ескерткіш;

  2. Осы уақытқа дейін еш өзгеріске ұшырамаған;

  3. Ғимарат 35 бөлмеден тұрады.

35-тапсырма: Түркістанның туристтік қала болуының пайдасы мен зияны.



пайдасы

зияны





























36-тапсырма: Қазақстандағы туризм туралы ой-пікірім


____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет