«Өрлеу» баұО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ баи оқушылардың ОҚу сауаттылығын дамыту бойынша тапсырмалар жинағЫ Әдістемелік құрал



бет22/24
Дата07.02.2022
өлшемі3,03 Mb.
#95749
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
Оку сауаттылыгын дамыту бойынша тапсырмалар жинагы

Армысың, жас ұрпақ!

Өмір, шіркін, адам үшін бір жалт еткен сәуле екен, мен оны тоқсанға келгенде өз көзіммен көріп отырмын. Қол дірілдемеген, көз бұлдырамаған, кәрі жүрек шабысынан танбаған шақта аталарың батасын бермекші, қарақтарым, құлақ сал.


Адамның басшысы – ақыл, жетекшісі – талап, шолушысы – ой, сынаушысы – халық, қорғаушысы – сабыр, таусылмайтыны – арман, ең қымбаттысы – ар, барлығының ардақтысы – өмір. Өмір бір-ақ рет беріледі, жарқ етіп өте шығады. Сондықтан әр күніңді ардақта, әр мезетіңнің құнын біл. Дүниедегі ең қызық – сыйласу, ең қымбат – сыйласу, ең жақсы – сыйласу, ең тәтті де сыйласу, ұмытпа, ұмытпа.
Ал сау болыңдар, ұрпақтар. Менің сендерге деген махаббатым шексіз. Менің берген батамды мұра етіңдер. Мен сендерге тыныш өмір, үлкен бақыт тілеймін. Мерейлерің үстем болсын. Теңіз күрсінбесін, таулар сілкінбесін!
Қош!
Аталарың Ыбырай Жақаев.
55-тапсырма: бұл cөздердің авторы Ы.Жақаев кім?

  1. Малшы;

  2. Күрішші;

  3. Жазушы.

56-тапсырма: автор өзінің жастарға үндеуін не деп атайды?



  1. Бата;

  2. Аманат;

  3. Хат.

57-тапсырма: автордың негізгі ойы не туралы?


____________________________________________________________________________________________________________________________________
58-тапсырма: Ы.Жақаевтың ойынша, өмірдің мәні неде?

  1. Көңілді жүруде;

  2. Еңбек етуде;

  3. Сыйласуда.

59-тапсырма: мәтінге сай ойды табыңыз.



  1. Өмір – бір сәт, ойна да күл!

  2. Адам ақыл–ойлы, арлы, сабырлы, арманшыл, талапты болуы керек.

  3. Адамдардың бәрін сыйлау қажет емес.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет