Отандық ғалымдар Қай жылдары зерттеді?



бет2/5
Дата07.02.2022
өлшемі41,04 Kb.
#93495
1   2   3   4   5
Байланысты:
CРС ИНКЛЮЗИВ

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: ."Л.С. Выготскийдің ғылыми көзқарастары және білім берудегі инклюзивті практика”
Орындаған:Амантаева С.Қ
Қабылдаған:Абдуллаева П.Т
Тобы:ББП 18-02

2020-2021 оқу жылы


Жоспар
I.Кіріспе


II.Негізгі бөлім
А)Выготскийдің өмірі
Б)Выготскийдің психологияға қосқан үлесі
В)Инклюзивті білім туралы түсінігі
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әделбиеттер


Выготский Лев Семенович (1896-1934) Көрнекғі психолог ғалым Л.С.Выготский 1896 жылы 5 қарашада қазіргі Витебскі облысы Орша қаласында (бұрынғы Могилев губерниясы) туған.

Ата-анасы білімді, шетел тілдерін жақсы меңгерген адамдар болған. Отбасы мен әулетінің тағылымы мен өнегесіне жастайынан қаныққан Выготский өзінін қысқа өмірінде зеректігі мен ынталығына орай ғалым мен өнердің сан-саласынан әр тарапты терең білім алып, өз дәуірінің озық ғалымы және ардақты азаматы болып жетілді.


Л.С.Выготскийдің мамандығы әдебиетші болса да психология ғылымына ерекше зер салып осы саладағы еңбектерін материалистік ілімінің методологиялық принциптері тұрғысынан іздестіреді. XIX ғасыр аяғы мен XX ғасыр басында қарқынды дамыған бүкіләлемдік психология ғылымының сан-салаларынан жарық көрген шетелдік ғалымдардың зерттеулерін сын көзімен қарап, оларға талдау жасап, XX ғасыр психологаясының дамуына орасан зор үлес қосты. Выготскийдің жан-жақты білімі мен жеке басының дарындылығы психология саласында материалистік көзқарастарна тіректелген жаңа теориялық тұжырымдар жасауға даңғыл жол ашты.
Адамның жан дүниесінің сыр-сипатын терең зерттеген Л.С.Выготский адам психикасының мәдени-тарихи дамуы және «бала психикасының жақын арадағы даму аймағы» дел аталатын тұжырымдарын айрықша атап көрсетуді қажет етеді. Мәдени-тарихи теория туралы Выготский іліміндегі жүйе, ең алдымен, адамның әлеуметтік өміріндегі тіршілік бейнесі қоғамның даму дәрежесіне, екіншіден, ондай даму деңгейі сол әлеуметтік өрістің заттарды ұстап-тұтыну деңгейіне тәуелді, үшіншіден, адамның жарық дүниеге келуінен өмірінің соңғы кезеңіне дейін ұрпақтан ұрпаққа мұра ретінде қалдыратын өмір тәжірибесіне, іс-әрекеті мен мінсз-құлық бейнесіне, бір сөзбен айтқанда, бүкіл жан дүниесінің өзгеріп өрістеуіне, қалыптасуына ықпал етіл отыратым тарихи фактор ретінде қарастырьшады. Сондай-ақ баланың дамуы мен өсіп жетілуі, кәмелетке толып, азаматтық қасиетке ие болуы, кісілік сипаттарының жетілуі де өрістеп отыратын тарихи жағдайларға, әлеуметтік ортаға байланысты.
Л.С.Выготскийдің психология ғылымында. ерекше орын алатын теориясы — бала дамуының жақын арадағы аймағы деп аталады. Бұл теорияның түпкі мәні — баланы тәрбиелеп оқыту, оған білім беріп, дүниетанымын қалыптастыру үнемі онын табиғи даму деңгейінен оздырып отыруды талап етеді. Мұндай талап біріншіден, баланың психикасын, оның жан дүниесінің дамуын, ақыл-ой деңгейін өрістетіп, оны жетілдіруде шама-шарқы жетерлік оқу-білім алуға, оны ездігінен ойлантып-толғантуға, әрбір зат пен құбылыстың мазмұн-мағынасын пайымдап білуіне жетектеп отырады. Бала оқу-тәрбие үстінде өз санасын неғұрлым күрделендіріп, заттар мен құбылыстар арасындағы себепті байланыстарды зерделсп танитын міндеттерге машықтанулары керек.
Егер баланың табиғи дамуында оның психикасы күрделеніп, сана-сезімі жетілетін болса, ал оқу-тәрбие жұмыстары арқылы оның дүниетанымы мен білімінің шеңбері кеңейеді. Оның дамып жетілуі, сыртқы ортадан түйсініп, қабылдаған, көріп білгендерін ой елегінен өткізіп санасының өрістеуіне әсер етуін сыртқы факторлардың (экстериоризация) ішкі факторларга (интерноризация) айналуымен белгіленеді. Осы жайт Выготскийдің адамның мәдени-тарихи дамуы жайындағы теориясының мәнісінен туындайды.
Л.С.Выготский теориясының енді бір ерекшелігі баланың айналасындары адамдармен қарым-қатынас жасауда тарихи тәжірибелерді, тыныс-тіршілік шындығын өзгелердің сөзінен, тәлім-тәрбие өнегесінен жанамалай үйренуі. Осылайша бала өзінің дербестігін, жеке басының психикалық қасиеттерін өрістетеді, әлеуметтік ортадан меңгерген білімі мен әр алуан мағлұматтары оның ішкі дүниесінің, психикасының дамуындағы ең жоғары қызмет, яғни, болмыстың бала санасындағы бейнелеуі деп аталады.
Бала басынан кешірген әр қилы оқиғалар мен болмысты белгі, таңбалар ретінде танып-біліп, олардың мән-жайын түсінуі оның жан дүниесін байытады, яғни мұндай процесс баланың әрбір нәрсенің мазмұнын өз ойымен, ақылымен пайымдап білуін қалыптастырады. Дамудың осы жолы Выготскийдің айтуынша материалдық (заттық) дүние жоғары психикалық қызмет арқылы мәдени факторға (оның бейнесіне) айналады. Сондай-ақ жаттаудың сөздік-мағыналық еске айналуы, нәрселердің бейнесін көз алдына келтіріп елестету — сол зат жайындағы ойлау әрекетіне алып келеді, немесе бұлар творчестволық қиялға айналады, қарапайым қимыл-қозғалыстар ерікті қимыл-әрекеттерге ауысады. Жоғарыда айтқанымыздай ішкі процестердің бәрі сыртқы әсерлер нәтижесінде пайда болып, қайтадан ішкі процесстерге (интериоризгцияға) айналады. Психикалық құбылыстардың пайда болуы туралы осы пікір баланың мәдени дамуыңдағы кез келген қызметтің сыртқы көрінісінін сахнаға шығуы екі түрлі бағытта анық байқалады екен. Оның бірі — әлеуметтік сипатта болса,екіншісі — психолоптиялық сипатта көрініп отырады. Даму процесіндегі мұндай психикалық заңдылық алдымен адамдардың өзара қарым-қатынасы арқылы өріс алса, кейіннен оның нәтижелері адамның ішкі көңіл-күйінен жақсы байқалады. «Жоғары психикалық қызметтің даму тарихы» дейтін еңбегінде (1931) Выготский осы пікірін одан әрі жалғастыра түсіп, баланың жоғары психикалық қызметі әлеуметтік ортада ересектермен қарым-қатынас жасау арқылы туындап отырады осы жағдайда ғана оның сана-сезімі өсіп жетіледі. Выготскийдің бұл тұжырымы баланың «жақын арадағы даму аймағы» жайындағы қағидасын негізеуге тірек болды.
Выготскийдің психология саласындары зерттеулерінде «психологиялық жүйелер» деген маңызды бір ұғым кездеседі. Бұл ұғымның мәні түрлі психикалық қызметтердің арақатынасын білдіретін тұтас құрылымдар. Ол ойлау мен ес процестерінін, өзара ұштасып, олардың арасында әр қилы байланыстар жасалып отыратындығын анықтап, осындай жүйелердің құрылымында басты рольді атқаратын бастапқы белгі (таңба) делінсе, ал одан кейімгі психикалық кызметті «жасаушалар», яғни адам психикасының ұлпаларын жасайды. Бұл жай адам психикасының хайуанаттар психикасынан ерекше күрделі сипатта болатындырын көрсетеді.
Л.С.Выготский тарихи даму кезендерінде адам психикасының өзгеріске түсіп отыратындығын, әсіресе оның ойлауы мен сөйлеуінің өрістеу сатыларын жан-жақты іздестіреді. Осы тұжырымның мәні 1934 жылы жариялнған «Ойлау мен сөйлеу» деген енбегінде жан-жақты қамтылған.
Выготский идеялары тек психология ғылымын ғана емес, адам тануға қатысты басқа да ғылым салалаларының (дефектология, тіл білімі, психиатрия, өнертану, этнография, семантика, т.б.) дамуына ықпал жасады. Лев Семеиович Выготский қаламынан 190-нан астам ғылыми енбек кейінгілерге мұра болып қалды. Ұсынылып отырған осы жинақта Л.С.Выготскийдің еңбектерінің жекелеген жақтары ғана қамтылып отыр.
Л.С.Выготскийдін психология ғылымы саласынан жазған еңбектерін Қазакстан оқырмандарына 30 жылдары алғаш таныстырып түсініктер берген Т.Т.Тажібаев. Ал Выготскийдің психологиялык идеяларынын бірсыпыра жәйттерін арнайы зсрттеп қазақ оқырмандарына жеткізген М.М.Мұқанов.

Л.С. Выготскийдің педагогикалық тұжырымдамасы қазіргі саяси және экономикалық шындықтарда өте маңызды болып табылатын балаға деген құрмет пен сенімге негізделген. Л.С. Выготскийдің «Қиын балалық шақ» монографиясында елімізде инклюзивтік білім беру тәжірибесін қарқынды дамыту кезеңінде қазіргі кезде қолданыстағы сипаттамасы бар.


«Мәселен, біздің алдымызда қандай да бір себептердің салдарынан, есту қабілеті жетіспеушілігінен зардап шегетін бала тұр делік. Бұл баланың қоршаған ортаға бейімделуіне байланысты көптеген қиындықтарға тап болады деп елестету оңай. Оны ойын кезінде басқа балалар кемсітеді, серуенге шыққанда кешігеді, балалар мерекесіне, пікірталастарға белсенді қатысудан шеттетіледі. Енді баланың үш даму жолы бар. Бірінші - бүкіл әлемге ашуланып агрессивті болу, екінші - өз кемшіліктеріне бейімделіп одан «екінші пайдалы жағын» табуға тырысу немесе үшінші - көңіл бөлу, сезімталдық, сұлулық сияқты жақсы қасиеттер арқылы өз кемшілігін толтыру». Выготский мұғалімдерді білім алушылардың «тұрпайы» мінез-құлқына түсіністікпен қарауға, оның себептерін анықтай білуге шақырды, «салдарын емес, себебін анықтау». Егер осындай тәсілді жазалаудың орнына қолданар болса, «оларды жақсы мінез-құлық қасиеттеріне айналдыруға» - мойынсұнбаушылыққа немесе оқуға деген икемсіздікке алып келетін ақауларды балалардың игілігі үшін пайдалануға болады - деп дәлелдеді ол. Арнайы білім алу қажеттілігі бар баламен жұмыс жасауды қалай ұйымдастыру керек? Жақын даму аймағы мен жақын даму аймағын меңгеру стратегиясын зерттеуге байланысты мәдени-тарихи психология мен педагогиканы зерттеуден бастауды ұсынамыз. ЖДА-ның ғылыми-әдістемелік 6 негіздері мұғалімдерге оқу процесіне балалардың ерекше қажеттіліктерін өлшеудің өз жүйесін құруға мүмкіндік береді деп сенеміз. Сыныпта арнайы баланы алған әр мұғалім ерекше тәжірибеге ие, өйткені оның білім алу қажеттілігін өлшеу мүмкіндігі баланың өзі және оны оқытатын мұғалімі ретінде жеке тұлға болып табылады. Арнайы білім беру қажеттілігін бағалау үшін сызғыш немесе кесте ретінде бір құрал ойлап табу мүмкін емес. Дегенмен, ерекше қажеттіліктерді бағалау мәселесі бүкіл әлем бойынша оқыту мен тәрбиелеуде балалардың ойлау қабілетіне зерттеу жүргізген көптеген ғалымдарды ойландырмай қоймады. Белгілі болғандай, Л.С. Выготский ЖДА-ны ашқаннан кейін ғалымдардың психология мен педагогикаға деген қызығушылықтары күрт арта бастады. Жақын даму аймағы (ЖДА) - мәдени-тарихи психологияның эвристикалық тұжырымдамаларының бірі. Ол баланың дамуын түсінуге деген жаңа көзқарастың ашылуына негіз, сондықтан жаңа дәуірдің басталуын белгілеп, педагогикалық психологияның жаңа ғылыми парадигмасы болды. Бұл идеяның құндылығы мен тартымдылығы, дамуды соңғы нәтиже ретінде емес, үздіксіз процесс ретінде қарастырып, жаңа көкжиектерге жетуді үйренуге мүмкіндік береді: баланың нені білетіндігі емес, оның ересек адамның көмегі арқылы нені үйрене алатындығы маңызды. Осылайша, білім берудің мақсаты – білім алушыларды белгілі бір деңгейге дейін «тарту» емес, олардың қозғалысы, жаңа білім мен дағдыларды игерудің әдісі. Выготскийше айтсақ, жақын даму аймағы әлі піспеген, бірақ пісіп-жетілу процесіндегі психикалық функцияларды анықтайды: «Ересектердің көмегімен бүгінгі істегенін, бала ертең өз бетімен істей алады» Жақын даму аймағының тұжырымдамасы барлық мәдени-тарихи теория негізіндегі жоғары психикалық функциялары заңының тікелей салдары болып табылады: «Баланы дамытудағы әрбір жоғары психологиялық функция екі рет кездеседі – бірінші рет, ұжымдық қызмет, әлеуметтік белсенділік ретінде, екінші рет - жеке әрекет, баланың ішкі ойлау тәсілі ретінде» . Психологияда дамуды әлеуметтену, бейімделу (жеке адамнан әлеуметтікке) процесі ретінде анықталады, мәдени-тарихи теория дамуды жеке тұлғаның (әлеуметтіктен жеке адамға) жеке даму, «өзін-өзі дамытудың бірыңғай процесі» ретінде қарастырады.
Л. С. Выготский Ж. Пиаже сияқты, баланы өз білімінің белсенді құрушысы деп санаған, алайда Пиажеден айырмашылығы, когнитивтік немесе жеке конструктивизм деген атаумен белгілі теорияда, Выготский оқыту мен дамудағы әлеуметтік өзара әрекеттесудің рөлін атап өтті. Мұндай тәсіл әлеуметтік конструктивизм деп жиі көрсетіледі. Өкінішке орай, Л.С. Выготский жақын даму аймағы тұжырымдамасы әзірлемесін аяқтап үлгермеді, алайда осы түсініктің зор әлеуетін сезіне отырып, бұл баланың интеллектуалды саласына ғана емес, сонымен қатар баланың жеке басының басқа аспектілеріне де қолданылатынын атап көрсетті, өйткені «баланың жеке тұлғалық қасиеттерінің дамуы басқа адамдармен ынтымақтастықта болудың (бұл сөзді кең мағынада түсіне отырып) ең жақын көзі болып табылады»
Инклюзивті білім беруді дамытудың екі магистральды бағыты:
- Бірінші бағыты – бала дамуындағы психофизиологиялық бұзылыстарды ерте жас кезеңінде (0 мен 3 жасқа дейін) анықтау және түзетушілік-педагогикалық жұмыстарды ұйымдастыру.
- Екінші бағыты – мүмкіндігі шектеулі балалардың психофизиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту мен тәрбиелеуде «Кедергісіз аймақтар» құру арқылы жалпы білім беру үдерісіне енгізу.
Бірінші бағыты: Ерте көмек көрсетудің артықшылығы
1. Түзетушілік-педагогикалық жұмыстардың нәтижесінің жоғары болуы: ҚАЛЫПТЫ БАЛАЛАРДЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУ 59 - 30-40% дамуында ауытқуы бар балалар норманың көрсеткішіне жетеді; - 90% балаларда тұрақты оң нәтиже болады;
2. Экономикалық жағынан үнемді;
3. Мүмкіндігі шектеулі балалар санының азаюы. Екінші бағыты: I-кезең – мүмкіндігі шектеулі балаларды анықтау және білім беру ұйымдарына бағыттау:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет