Отбасы туралы жалпы түсінік және оның пайда болу тарихы



бет8/23
Дата20.03.2022
өлшемі141,13 Kb.
#136468
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23
Байланысты:
ОТБАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ – ҚАТЫНАС ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТІНІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Отбасылық-қоғамдық тәрбие негіздері - ғылыми-әдістемелік әзірлеме, Сынып жетекшісі және оның тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы ролі., Инклюзивтік білім беру мәселелерінің Қазақстандағы жағдайы
Қазақ ұғымыңда отбасы - өмірдің тұтқасы, үй ішінде от жағылатын ошақтың төңірегі, оттың маңайына таратқан жан балқытар жылуы. 

  • Отбасы — неке негізінде немесе қан жағынан туыстас шағын топ, олар өзара көмек көрсету, жауапкершілік алу және тұрмыстық жалпылылықта байланысады (Эйдемиллер, Э.Г.Юстицкий В.В., 1990).

    Отбасында адам өмірге келеді, тәй-тәйлап басады, бірінші қуанышы мен қиындығын кездестіреді, өседі, өнеді, одан үлкен өмірге аттанады. Осы жерде көптеген сұрақтар туындайды. Олар:
    Отбасы деген не?
    Оның мәні неде?
    Қоғамда қандай рөл атқарады?
    Әр адамға не береді?
    Осы сұрақтарды жан-жақты қарастырып, шешу кезінде көптеген ойшылдар, ғалымдар атсалысқан. Мысалы: ежелгі грек ойшылы Платон «Адамдар отбасын құру үшін болашақ өмірдегі серігінің қандай отбасынан шыққанын, оның әке-шешесі мен ата-бабаларын жақсы білуі қажет» деген екен. Ал, Аристотель болса, «отбасы — адамдардың қарым-қатынастарының ең бірінші түрі және ол мемлекеттің бірінші кішігірім бөлігі» деп санаған .
    Классикалық неміс философиясының өкілі Кант отбасы мәселесін қарастыра отырып, ондағы адамдардың құқықтық мәселелеріне көп көңіл бөлген.
    Фихте отбасының негізі-махаббат десе , Гегель бірінші болып отбасы мен некенің тарихи формаларын көрсеткен .
    19 ғасырдың екінші жартысынан бастап отбасына деген тарихи көзқарастар толықтырыла түсті. Мысалы, 1877 жылы шыққан «Ежелгі қоғам» атты кітабында Л. Морган отбасының тарихын, оның некелі қарым-қатынасын, экономикалық, әлеуметтік дамуын және қызметін қарастырған. Одан кейінгі уақыттарда отбасы туралы марксистер де жазды. Соның бірі — Ф. Энгельстің 1884 жылы шыққан «Отбасының, жеке меншіктің және мемлекеттің шығуы» атты еңбегі. Мұнда Ф. Энгельс жанұяны тарихи категория ретінде қарастырып, оның формаларының байланысын, даму жолдарын көрсетті.
    Француз ағартушысы Ж.Ж.Руссо, швейцарлық И.Г.Песталоцци, орыс педагогтары К.Д.Ушинский, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко,т.б.өз еңбектерінде отбасы тәрбиесін қарастырған .
    Отбасындағы тәрбие мәселесін көптеген әлеуметтану, философия, психология, педагогика, демография, құқық, әдептану, тарих, т.б. ғылымдардың қарастыруына байланысты көптеген анықтамаларды кезіктіруге болады. Бұл да дұрыс шығар, өйткені, барлық ғылымдарды бірдей қанағаттандыратын бір анықтама табу өте қиын. Олай болса, отбасының бірнеше анықтамаларына тоқталайық. Жоғарыда айтқандай, отбасы-жанұя-семья-үйелмен-бәрі бір ұғымды білдіреді.
    Отбасы өмірі материалдық және рухани үрдістермен сипатталады. Табиғи-биологиялық және шаруашылық тұтыну қатынастары оның материалдық жағын құраса, рухани жағын құқықтық, адамгершілік және психологиялық қатынастар құрайды.
    Отбасы мәселелері ТМД елдерінің ғалымдары В. И. Зацепин, В. Д. Цимбалюк, Г. К. Матвеев , Ю. И. Семенов, Н. Е. Соловьев, А. Г. Хрипкова, З. Я. Янкова, ал Қазақстанда С.Қалиев, М.Жарықбаев, Ж.Б. Қоянбаев, К. Бейсенбиева, М. Тажин, Б. Аяғанова секілді ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған .
    Бұл ғалымдардың тұжырымдалары бойынша отбасы — адамдардың, яғни некелік негізде қосылған еркек пен әйелдің, олардың туған немесе тумаған балаларының, кей кезде басқа да бірге тұратын жақын адамдарының қарым-қатынастық, бірлестік формасы. Авторлардың ойынша бұл анықтама барлық отбасының кез келген даму кезеңдерінің мәні мен сипаттарын қарастырады.
    Дүние жүзі халықтары тәрізді, қазақтың да өзіне тән отбасы тарихы бар. Адам баласы басынан өткізген сан алуан қоғамдық-экономикалық формациялардың қай-қайсысы болмасын, әр қилы отбасы түрлерімен тығыз байланысты болған. Оны Жер планетасын мекеңдеген барлық халықтар өз басынан өткізген.
    Алғашқы қауымдық құрылыстағы ең көне отбасы түрі топты некеге негізделген. Ондағы некелер тобы рулар ішіндегі бірімен-бірі тұстас ұрпақтар жігімен бөлінетін. Айталық, бабалар мен әжелер, әкелер мен шешелер, балалар тобында – ағалы-інілер, апалы-сіңілілер, немере және шөбере туыстар біріне-бірі , яғни әр ұрпақ бір-біріне аға-қарындас бола тұра некелес болатын.
    Отбасы тарихының бұдан кейінгі даму сатысы топты некенің ішінде жұп отбасының қалыптаса бастауымен, яғни қандас туысқандар арасындағы некелесу ғұрпына тыйым салуына байланысты болған. Осының нәтижесінде алғашқы қауым ішінде бірімен бірі некелеспейтін "ағалы-інілілер", "апалы-сіңілілер" топтары қалыптасады да, тағылық дәуірдегі топты неке біртіндеп ығысып, оның орнына жұп отбасы дүниеге келді. Жұп отбасы тағылық дәуірдің соңында қалыптасып, варварлық дәуірде әбден кемеліне келіп, қоғамдағы басты отбасы формасына айналады. Бірақ мұндағы неке беріктігі онша мығым болмағандықтан, отбасының ыдырап, ажырасуы тым оңай болған.
    Алғашқы қауымдық қоғамда өндіруші күштердің дамып еңбек бөлісінің шығуына байланысты, қауымдық ортақ меншік орнына жеке меншіктің пайда болуы – моногамиялық отбасының, таптық және мемлекеттің шығуына әкеліп соқты. Моногамиялық отбасы варварлық дәуірдің соңғы кезеңінде басталды да, оның жұпты некені түпкілікті жеңуі цивилизация дәуірінің басында еркектер үстемдігінің орнауымен байланысты болды. Сондықтан моногамиялық отбасы түгелдей еркектер үстемдігінің негізінде қалыптасып, жетіле түсті. Отбасы тарихының бұл кезеңінде некелесу не ажырасу тек қана еркектер үлесіне тиді де, моногамиялық отбасындағы өзара байланысты жұпты некеге қарағанда әлде-қайда нығая, беки түсті.
    Сөйтіп, топты неке - жабайылық дәуірге тән болса, жұпты отбасы - варварлық, ал моногамиялық отбасы цивилизация дәуірлеріне тән болған.
    Отбасы тарихындағы мұндай неке формаларын қазақ халқының арғы тектері де басынан өткізді. Бұған дәлел ретінде сол көне отбасы түрлерінің кейбір қалдықтары қазіргі жаңа заманда да кездесіп тұратыңдығын айтсақ жеткілікті сияқты.
    Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ халқына тән отбасы түрі негізінен әке-шеше және үйленбеген балалардан тұратын дара, шағын отбасы болатын да, онда үлкен патриархалды отбасының көптеген сипаттары сақталып келген.
    Қазақ ұғымыңда отбасы - өмірдің тұтқасы, үй ішінде от жағылатын ошақтың төңірегі, оттың маңайына таратқан жан балқытар жылуы. Қазақтың ошағы дөңгелек үйінің ішіңде болады да, бүкіл жайдарылық соған жағылған отқа үйіріледі. От басының амандығы, ошақтағы оттың маздап тұруы - үмітінің өшпес алауы. Үй ішінің қызыққа, қуанышқа толы болуы да соған байланысты. Оттың басы, ошақтың қасы - ырыстың ұйтқысы. Соңдықтан қазақ отының басын тіршілігінің тұтқасы санап аялайды. Соның шырқы бұзылмауы үшін шара қолдануы - өзінің атқаратын адамдық борышы.
    Отбасы әр адамның өмірінде, қоғам мен мемлекетте ерекше маңызды орын алатыны бәрімізге мәлім. өйткені отбасы әр адам үшін махаббат пен қолдаудың сарқылмас бұлағы болып табылады. Мықты, әрі берік отбасы – кез – келген қоғамның дамуына, оның тұрақты болуына кепілдік береді.
    Отбасы – қоғамның маңызды әлеуметтік институты, оның құрамындағы адамды репродуктивті қызмет атқаратын қоғамның мүшесі ретінде қарастырады.
    Отбасы әлеуметтік институты есебінде адам қоғамның қалыптасуымен бірге пайда болды. Отбасының дербестігі болғанымен, отбасылық қатынастар қоғам мен оның дамуымен тікелей байланысты.
    Отбасы – кіші әлеуметтік топ, ал оның мүшелері некемен немесе қаны бар туыстығымен, тұрмыстық ортақтығымен және өзара адамгершілік жауапкершілікпен байланысты. Отбасы – қоғамның бастапқы ұясы, қоғамның әлеуметтік құрлымының негізі болып табылады.
    Ер мен әйел – отбасының екі іргетасы, бұл іргетас үйленумен құрылады. Отбасында адамдар ұрпақ жалғастырады. Сонымен қатар қоғамның қартайған, еңбекке жарамсыз мүшелеріне қамқорлық та осында іске асырылады. Отбасы тұрмыстық қатынасты қалыптастырудың да алғашқы ұясының бірі.
    Қоғамның тұрақты болуына, дамуына отбасының тигізетін әсері зор. Өзінің табиғаты бойынша ол ортамыздағы түбегейлі мәселелерді шешуге көмектеседі – депопуляцияның азайюына, балалардың әлеуметтенуіне, мәдениет, экономика мен отбасылық кәсіпкерліктің дамуына айтарлықтай ықпалын тигізеді.
    Отбасы тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік құбылыс, себебі формасы өндірістік қатынастарға тікелей тәуелді. Мәселен, некелік қатынастардың алғашқы тарихи формасы полигамия, ал өндіріс құрал-жабдықтарына жеке меншіктің пайда болуына байланысты ол моногамиялық отбасымен ауысады.
    Отбасы некеге қарағанда күрделі жүйе, себебі ол жұбайларға ғана емес, олардың балаларын, басқа туыстарын да біріктіреді.
    Социологтардың пікірінше, отбасы және оны сақтау халықтың фзиологиялық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру жүзеге асырылады. Отбасының негізін қалайтын неке – ол ерікті де тең болуы керек, күштеп немесе тәуелділіктің салдарынан некелестіруге болмайды. Отбасы әр түрлі жыныстар арасындағы жұбайлық қатынас болғандықтан, табиғи, адалдық – эстетикалық қатынасқа негізделі керек, жұбайлардың сүйіспеншіліктен қанағат алу материалдық есепке негізделуі тиіс. Отбасының қоғамдық құндылығы тек меншікке, мұрагерлік мүддеде негізделуі қажет, ол жеке адамдардыі рухани қалыптасуы, дамуына байланысты болуы қажет.
    Неке – қоғаммен санкцияланған, жыныстық қатынастардың әлеуметтік және тұлғалық қалыпты формасын айтады.
    Отбасының негізін некелік жұбайлар құрайды, сонымен бірге толық емес, юридикалық түрде рәсімденбеген отбасылар.
    Отбасы тұрақты жүйе. Олардың тұрақтылығынан беріктігі де әр кезде өзгеріп отырады. Оған әсер ететін құқық, дін, қоғамдық пікір, психологиялық факторлар, әсіресе экономикалық өмір бірлігі.
    Сондықтан да қоғам некелік – отбасылық қатынастардың нығайуына тікелей ынталы болып, соған қамқорлық жасайды. Отбасы жұбайлардың, ата-ананың қоғам алдындағы жауапкершілігі нәтижесінде дамып, нығая түсуі керек.
    Отбасының маңызы оның атқаратын қызметі арқылы анықталады. Екінші сөзбен айтқанда, отбасының мазмұны мен қатынасы тікелей байланысты. Отбасының қызметі деген түсінік оның жүйесімен қатынасының жүйесін көрсетеді. Отбасы адамның бастапқы ұясы,қоғамдық-әлеуметтік негізігі компонеттерінің бірі бола отырып,көптеген әлеуметтік қызметтерді атқарады.
    Отбасының қызметі қоғамдық тарихи жауапкершілікке оның мүшелерінің жігерлілігі мен еңбек сүйгіштігінде тәуелділділігі мен қатар отбасының негізгі қызметтеріне тоқталайық.
    Отбасының бірінші міндеті-ұрпақ жалғастыру қызметі. Бұл барлық тарихи кезеңдерде қоғам үшін де,жеке адам үшін де маңызды қызмет болып келеді. Бірақ жұбайлардың балалы болу тілегі,қоғамының қай кезеңінде болмасын,оны қанағаттандыратын әлеуметтік жағдайларға сәйкес өзгеріп отырған,қазірде солай.
    Отбасылық міндеттері мен лидерлік қасиеттеріне байланысты отбасы үш негізгі типтерге бөлінеді:
    - дәстүрлі (патриархалды)отбасы;
    - дәстүрлі емес(эксплуататорлық)отбасы;
    - эгалитарлы(теңдіктері бірдей отбасы);
    Дәстүрлі отбасыларда бір баспанада кем дегенде үш ұрпақ тұруы тиіс. Бұл типтің мінездемесі:
    1) әйелдің күйеуіне экономикалық тәуелділігі;
    2) әйел мен еркектерінің міндеттерінің білуі;
    3) еркектің отбасының басында тұруы.
    Дәстүрлі емес отбасыларда:
    1) әйел мен еркектің қоғамдық еғбекке бірдей қатысуы;
    2) үй шаруашылығын әйел атқарады.
    Эгалитарлы отбассының мінездемесі:
    1) үй шаруашылығының бірдей бөлінуі;
    2) туған мәселені отбасының барлық мүшелерімен келісуімен шешілуі;
    3) отбасындағы қатынастардың эмоционалдылығы .
    С.П.Дружинин «эгалитарлы отбасы»деген ұғымды –біздің «ешкім де басшы емес, би емес, ерлі-зайыптының екеуі де билікке теңдей қатысады» дейтін бүгінгі таңдағы отбасылардың түрі. Бірақ мұнда дау-дамай көп болады. Оны дау-жанжалды отбасы деу керек, дейді ол.
    Отбасының негізгі функциялары:
    Репродуктивтік функция – балаларды өмірге әкелу. Әрине, бұл репродуктивтік функция тек отбасылық жағдайларда жүзеге асуы мүмкін. Қоғам масштабы мен репродуктивтік халықтыққа адам саны азаймас үшін жұбайлардың әрқайсысына екі баладан аз емес бала сәйкес келуі керек.
    Көптеген әйелдер мен еркектер некеге тұрғызса келмегендіктен әр отбасыға үш баладан болғаны дұрыс. Бірақ, бұл «қоғамдық қажеттіліктерді» тек кейбір отбасылар ғана орындайды.
    Экономикалық-шаруашылық функциясы отбасылық қатынастардың келесі аспектісі қамтиды: үй шарушылығын жүргізу, отбасы бюжеті, үй еңбегін бөлу.
    Тәрбиелік функциясы баланың тұлға ретінде қалыптасуына негіз болады. Отбасының рекреационды функциясы – отбасы мүшелерінде психологиялық комфортын және қауіпсіздік сезімін тудыру, отбасының демалысын ұйымдастыру.
    Отбасының екінші маңызды қызметі – материалдық-экономикалық және тұрмыстық-шаруашылық мәселелері. Отбасының бұл қызметі қазіргі уақытта бірінші орынғ көтерілді, себебі халықтың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Ана ерінің – күйеуінің, туысқандарының көмегінсіз өмір сүре алмайтын дәрежеге түсті. Сонымен отбасы мүшелерінің экономикалық тәуелділігі артты, әсіресе көп балалы отбасында.
    Отбасы мүшелерінің шаруашылық-тұрмыстық қызметтерін ерлі-зайыптылар атқаруы қажет. Қазақта «Үйлену – оңай, үй болу – қиын», «Бас екеу болмай, мал екеу болмайды» деген мақал сөздер бар. Оның мәнісі отбасылық өндірісті қйымдастыру керек, отбасылық меншікті, үй шаруашылығын жүргізу қажет деген сөз. Табыс табу, отбасы экономикалық-материалдық жағынан қамтамасыз ету ерлі-зайыптылардың ортақ парызы, отбасының беріктігі де осыған байланысты.
    Қандай да тұйық, жабық отбасы болғанымен ол қоғамсыз өмір сүре алмайды. Өйткені оның мүшелері жан-жақты әлеуметтік топтарға, яғни өндірістік, оқу ұжымдарына, балалар ұйымдарына, қоғамдық ұйымдарға, сонымен қатар сауда, денсаулық орындарына қатысты, ондағы адамдармен тығыз байланыста болады.
    Сонымен қатар отбасы қоғамдық қарым-қатынасқа оның барлық өмірінің үрдісіне ықпалын тигізе алады. Отбасы адамдарға қажеттілігін қанағаттандырып қана қоймай, бірқатар әлеуметтік функциялар орындалып, қоғамның әлеуметтік құрылымы, бір элементі болып табылады.
    Отбасы мүшелелері бір-бірімен тығыз байланыста, ерекше жанашырлық, сүйіспеншілік сезімде болады. Олар бір-бірінің өміріне, тағдырына елеулі ат салыса алады. Бұл жерде бір немесе бірнеше ұрпақ отбасы болып іріктелінеді. Екі ұрпақты отбасыда: әйелі мен ерінің, әке мен шешенің, балалардың, ағалардың және қарындас, сіңлілердің рөлі негізделеді. Ал, үш ұрпақтық отбасыда ата мен әженің, ене мен атаның, күйеу бала мен келіннің, қайындар мен балдыздардың рөлі қосылады.
    Отбасындағы ата мен баланың қарым-қатынасына ешкімнің күмәні жоқ. Ана баланы өмірге әкеледі, ақ сүтімен тамақтандырып, әлдилейді, өсіреді. Ал, әке мен бала арасындағы қарым-қатынасқа әртүрлі көзқарастар мен тұжырымдар бар. Біреулер-балаға әкесі әйелі арқылы байланысады десе, екіншілері әке мен баланың байланысы тек экономикалық және эмоционалдық көмекте дейді, ал үшіншілері «Әкенің баласына деген ниеті, жасаған жақсылығы- олардың анасын сүюі» деген ойда. Қалай болса да әкенің рөлі ананың рөлінен кем болмауы керек. Ол тек әр адамның жауапкершілік сезіміне байланысты болады.
    Ғалым-педагогтар мен психологтардың ойынша отбасында балаға әке-шешесінің қарым-қатынасы мен олардың берген тәрбиесіне жететін өмір жоқ. Балалардың дұрыс қалыптасуы олардың отбасындағы сүйіспеншілік, кішіпейілділік, сыйластық, жауапкершілік, қайырымдылық, сезімталдық, т.б. адамгершілік қасиеттерінің даму негізіне байланысты болады.
    Сонымен отбасының өзіндік даму тарихы бар. Отбасы — кішігірім мемлекет, әлеуметтік топ. Ол алғашқы адам баласы пайда болған кезеңнен бері қарай дамуда. Ертеде отбасын құру — күнкөріс қамынан, ерлі-зайып қатынасынан, ұрпақ әкелуден туындаған.
    Бүгінде отбасыға мынадай анықтама беруге болады: қазіргі заманғы отбасы – ерлі-зайыпты екі адамның арасындағы некеге құрылған негізгі әлеуметтік топ, отбасыға сонымен бірге ұрпақтары (ұл-қыздары) да кіреді. Отбасының функциясы бала тауып, тәрбиелеп өсіру, ерлі-зайыптылардың жыныстық, эмоциялық сезімдерін және басқа (әлеуметтік, экономикалық) қажеттерін өтеу.
    Отбасы баланың ең жақын әлеуметтендіру ортасы. Осы ортада баланың өмірдің мақсаты, оның құндылықтары, не біліп, өзін қалай ұстау керектігі туралы алғашқы мағлұматтар меңгеріледі және онда басқалармен қарым-қатынас орнатуға дағдыланады. Сөйтіп, өзінің «кім» және «қандай» екенін, басқалардың «кім» және «қандай» екенін тәжірбиеде сынап байқап көреді. Балар отбасында әртүрлі жағдаяттар мен төтенше ахуалдарда өзін ұстаудың нормаларын, мінез-құлқын реттеудің өлшемдерін меңгереді. Отбасы психологиясын зерттеушілер А.Г.Харчев, А.Н.Антонов, З.И.Файнбург, Д.Горборинко оның функцияларын ата-ананың үгіт-насихаты, түсіндіруі, олардың үлгі-өнегесі, үйдегі ахуал, отбасының психологиялық тынысы арқылы балалардың әдеті, мінез-құлқы, жақсы-жаманды бағалау уәзіндері (критерий) қалыптасуымен бірге қандай қылықтары үшін сөгіс алып, не үшін жазаланатынын, әділдік пен адалдық үғымдарын меңгереді деген тұжырымдар жасады.
    Қазақстан Республикасының Конститутциясында «балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы» деп, отбасының міндеті нақты көрсетілген.
    «Қазақстан-2030» бағдарламасында балаларымызды алыс болашақта қандай сапада көруіміз керектігі айтылған. Сонымен бірге, отбасы туралы заң жоғары және орта білім тұжырымдамасында әрбір отбасына өзінің ұрпағын тәрбиелеп, қатарға қосу міндеті жүктелген.
    Қазіргі заманда отбасының құрылымы өзгеріп, оның мүшелер саны азайып, бала саны да кеми түсті. Қоғамдағы әлеуметтік, мәдени экономикалық жаңғырулар, әр түрлі сипаттағы әлемдік деңгейдегі ақпарат алмасу, отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас сипатына да өз әсерін тигізіп отыр. Қазіргі аналардың көпшілігі жұмыс жасайтын болғандықтан бала уақытының көбін пассивті тәрбиешілермен өткізеді. Бала тәрбиесі қалалық отбасына тән болып отырған келесі ерекшеліктерімен шартталған: балалардың көбісі күннен күнге ұлғайып отырған айырылысулардың нәтижесінде әкесіз немесе анасыз өседі; теледидар, жеке бөлме т.с.с. өркениеттің жетістіктері балалар мен олардың ата-аналарының арасындағы қарым-қатынас процесін қиындатады.

    1.2 Отбасындағы қарым – қатынас
    Психология ғылымындағы негізгі ұғымдардың біреуі – қарым-қатынас. Қарым-қатынассыз жеке адамды түсіну, оның дамып жетілуін талдау мүмкін емес.
    Қарым-қатынаста адамдар өзін көрсетеді, өзі үшін және басқалар үшін психологиялық қасиеттерін аша түседі. Сонымен бірге ол қасиеттері қарым-қатынаста қалыптасады да, адамдармен қарым-қатынаста адамның адамзаттық тәжірибені игеруі, қалыптасқан мораль, құндылықтар, білім мен іс-әрекет түрлерін игеруі , жеке адам және дара адам түрінде қалыптасуы іске асырылады. Яғни қарым-қатынас адамның психологиялық дамуының маңызды факторы. Жалпы алғанда қарым-қатынасты былай анықтауға болады: адамның бүкіл өмірі барысында психикалық процестері мен мінез-құлқы қалыптасатын жан-жақты шындық.
    Қарым-қатынас ұғымы С.И. Ожегов сөздігінде өзара келісім, іскерлік және достық байланыс арқылы анықталады. Нақты әлеуметтанулық, психологиялық, педагогикалық зерттеулерде қарым-қатынас ұғымы өзара әрекеттестік, байланыс ұғымдарымен жақын мағынада қолданылады. Сонымен қатар қарым-қатынас контексінде өзара әрекеттесуді, қатынасты тиімді жүзеге асырудың тәсілдері, дағдылары, құралдары, адамның қабілеті мен қасиеттері жүйесінде қарастырылады. Қазіргі кезде қатынас мәселесін философия, психология, әлеуметтану, этика, психолингвистика - осы сияқты, саладағы ғалымдар әр жақты зерттейді. Мәселен, Л.П.Буева іс-әрекет пен қарым-қатынас өзара байланысты, сонымен қатар өзбетті деп тұжырымдаса, М.С.Каган қарым-қатынасты адамның іс-әрекетінің бір түрі, құрлым мен атрибутына тән деп қарастырады. М.В.Соковин адамның қарым-қатынасын коммуникативті іс-әрекет, қатынас, өзара түсіну және өзара әсер ретінде қарастырады. 
    “Қарым-қатынас” ұғымының көп анықтамаларының арасында біз оны - “коммуникативті іс-әрекет” ұғымымен синоним деп қарастыратын (А.Н.Леоньтев, М.И.Лисина, Х.Т.Шерьязданова, Т.И.Суркова, Д.А.Исмайлова, Ж.А.Абишева және т.б.) позицияларына жүгініп, М.И.Лисинаның анықтамасын арқау етеміз. Сонымен қарым-қатынас деп - екі (немесе одан да көп) адамның қатынастарын жасап, реттеуі мен ортақ нәтиже алуды мақсат етіп, келісім мен бірлестікке бағытталған өзара әрекеттерін атаймыз. А.Н.Леоньтев іс-әрекеттің қай түрін болмасын қарым-қатынаспен қабаттас болады деп түсіндіреді. Ол іс-әрекетті қарым-қатынастың қажетті шарты ретінде қарастырады. А.Н.Леоньтевтің қарым-қатынасты іс-әрекеттің өзгеше түрі деп талдау концепциясы, Б.Г.Ананьевтің, А.А.Бодалевтің коммуникативтік әрекет жайлы ілімдері біздің зерттеулеріміздің әдіснамалық негізі болды.
    Ал қазақстандық ғалым -психолог С.М.Жақыпов бүтіндей оқу-тәрбие үрдісініің тиімділігін анықтайтын факторлардың бірі және оқытушы мен оқушының арасындағы өзара әрекеттестік деп бірлескен диалогтық танымдық іс-әрекетті тиімділік критериі деп көрсетеді. Мұнда өзара әрекеттестік, қарым-қатынас мәселесі шешілгенде танымдық іс-әрекетті қалыптастыру үрдісіне жетекшілік жасау мүмкіндігі пайда болатындығы дәлелденеді.
    Қарым-қатынасты зерттеуде ең алдымен оның құрлымдық компоненттерін анықтау қажет. Осыған орай зерттеу барысында Г.М.Андрееваның қарым-қатынастың бір-бірімен өзара байланысты 3жағынан қарастырады : коммуникативтілік, интерактивтілік және 


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет