Оѕтїстік америка



бет12/31
Дата01.12.2022
өлшемі0,84 Mb.
#160780
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31
Байланысты:
05 (8)
практика 11

Қосымша әдебиеттер:




Лекция №5. Оңтүстік Aмериканың ішкі сулары Жоспары.

    1. Гидрографиялық тордың таралу ерекшелігі.Басты су айрығы. 2.Жылдық жиынтық ағын, оның материк бойынша таралуы.

  1. Топырақ және өсімдік жамылғысы.Анд тауының биіктік белдеу түрлері

  2. Географиялық белдеулер. 5.Ландшафттық зоналар.

Сабақтың мақсаты: Оңтүстік Американың, аумағы Антарктида мен Австралиядан ғана улкен болғанына қарамастан, оның ағынының жалпы көлемі (7500 км3) Евразиядан басқа барлық материктерден асып түседі, ал ағын қабатынын, орташа қалыңдығы жөнінен (417 мм) Жер шарында бірінші орын алады.
Оңтүстік Америкада тығыз, жақсы дамыған өзен торының қалыптасуына материктің климат жағдайлары, даму тарнхы және жер бедері қолайлы жағдай жасайды. Онтүстік Американын көпшілік белігінде мезозойдан бастап кұрлық болған. Сондықтан материктің едәуір бөлігінің өзен торы ескі. Онтүстік Американык жер бедеріне биіктіктердің сан алуан түрлілігі және ең үлкен ойпатты жазыктардың биік тау жоталарымен іргелес жатуы тән болады. Бұл ірі әрі күрделі өзен торларының қалыптасуына қолайлы жағдай жасайды.
Материктің басты суайрығы Андыны бойлап өтеді, бірақ барлық жерде ең биік жоталарға сәйкес келе бермейді.
Амазомканың негізгі бастауы - біршама таяуда ғана зерттелген Мараньон өзені - Андыда 4840 м биіктікте басталады. Бірінші ірі саласы - Укаялимен қосылғаннан кейін ғана (жазык. шегінде) өзен Амазонка деген атқа ие болады. Амазонка өзінің көптеген салаларын Андының, Бразилия мен Гвиана таулы қыраттарының беткейлерінен жинастырады. Олардың көбінің ұзындығы 1000 км-ден асады. Амазонканың барынша көп және ірі салалары оңтүстік жарты шар өзендері. Оның ең ірі сол жақ саласы Риу-Негру (2300 км), ең ірі оң жақ жоне жалпы Амазонканың ең ірі саласы - Мадейра (3230 км).Амазонка арнасыкың ені Мараньон мен Укаяли кссылғаннан кейін 1-2 км құрайды, бірак ол ағысты бойлап төмен қарай жүрген сайын тез өседі. Манаустың тұсында ол 5 км- ге дейін барып қалады, төменгі ағысында 20 км-ге жетеді, ал сағасында Амазонканың негізгі арнасының ені көптеген ұсақ аралдарымен қоса алғанда 80 км. Ойпаттың батыс бөлігінде Амазонка өзені кернеуіне келіп ағады, енткені бұл бөлігінде қалыптасқан анғары жоқ. Шығысқа қграй езекнің аңғары жер бетін терең тіледі де, ол суайрық жерлерімен бірге өте адырлы болып келеді.
Атлант мұхитынан шамамен 350 км жерде Амазонканың атырауы басталады. Ол ежелден келе жатканына қарамастан, негізгі жағаның шегінен шығып, мұхитқа каран жылжымаған. Өзен мұхитқа қатты материалды орасан мол апарғанымен (жылына орта есеппен 1 млрд. т) атыраудын, өсу процесіне толысу мен қайту әрекеті, ағыстардың әсері сонымен бірге жағалаудың темен түсуі кедергі келтіреді.
Амазонканың төменгі ағысында онын режиміне және жағалаудын, қалыптасуына толысу мен қайту үлкен әсерін тпгізеді. Толысу толқыны өзеннің төменгі жағында биіктігі 1,5-5 м жал турінде жылжи отырып, ағыстың бойымен жоғары қарай шамамен 1400 км-ге өтеді. Бұл толқын құм кайрандар мен қайырларда қатты буырқана және жағаларды бұза отырып, ағысқа карсы аскан жылдамдықпен зымырайды. Бүл құбылыс жергілікті халыққа
«поро-рока» және «амазуну» деген атпен белгілі.
Бүкіл жыл бойы Амазонканың суы мол болады. Жылына екі рет өзен суының деңгейі үлкен биікке көтеріледі. Бұл максимумдар солтүстік және оңтүстік жарты шарлардың

жанбырлы кезендерімен бапланысты. Амазонкадағы ен үлкен су шығыны оңтүстік жарты шардағы жаңбырлы кезеңпен кейінгі (манда) судын, көбі оның оң жақ салаларынан косылатын кезге тура келеді. Өзен кемерінен шығып, орта агысында орасан зор территорияны алып жатады, ол ішкі үлкен көл тәріздес болады. Содан кейін су шығынының бірте-бірте азаю кезені келеді де, өзен сабасына түседі. Өзендегі судың ен темен деңгейі - август пен сентябрьде, одан кейін солтүстік жарты шардың жазғы жаңбырлы кезеңімен байланысты екінші маусым келеді. Ол Амазонкада біраз кешігіп, шамамен ноябрьде байкалады. Бұл ноябрь максимумы майдағыдан едәуір кем түседі.


Парананың бастаулары - Риу-Гранди мен Паранаиба Бразилия таулы қыратында жатыр. Сол жердей жүйенің баска да көптеген өзендері басталады. Олардың бәрі де жоғаргы ағысында өте шоңғалды болып келеді де, бірнеше ірі сарқырамалар жасайды. Ең ірі саркырамалар - Паранадағы Сети-Кедас (Гуайра) және биіктігі 80 м Игуасу, ол да осы, тап осылай аталатын сала бойында төменгі ағысында Парана - кәдуілгі жазық өзен. Су шығынының негізгі максимумы Бразилия таулы қыратындағы жазғы жаңбырлармен байланысты май айында болады. Ла-Плата жүйесі өзендерінің және Ла-Платаның өзінің кеме қатынасы үшін маңызы өте Оңтүстік Американың үлкендігі женінен үшінші өзені - Ориноко. Оның ұзындығы 2500 км, бассейнінің көлемі 1 млн. км2-ден астам. Ориноко басын Гвиана таулы қыратынан алады. Окың бастауын бірінші рет 1954 жылы ғана француз экспедпцпясы тауып зерттеген.
Касикьяре өзені арқылы Ориноко Амазонканың Риу-Негру саласымен жалғасады, оған жоғарғы Ориноконың бір бөлігінің суы ағады. Бұл жер шарындағы өзендердің екі салаға бөлініп кетуінің (бифуркация) ең көрнекі мысалдарының бірі.
Ориноко Атлант мүхитына барғанда ұзындығы 200 км-re жететін үлкен атырау жасап аякталады.
Ориноконың режимі түрақсыз. Өзендегі су деңгейі түгелдей жаңбыр түріндегі жауын-шашынмен байланысты. Өзен бассейнінің солтүстік белігінде жауын-шашын жазда (майдан сентябрьге дейін) жауады. Оринокода сентябрь-октябрьде болатын максимум өте айқын керікеді. Өзендегі судың жазғы және қыскы деңгейінің айырмасы 15 м-ге барады.
Оңтүстік Америкада көлдер аз. Материк көлдерінің негізгі генетикалық топтары - тектоникалық мұздық жанартаулық лагуналық. Мұздық және жанартаулық шағын көлдер Андының әр жерінде бар. Аса ірі мұздық-тектонпкалық көлдер Оңтүстік Андының батысында шоғырланған.
Материктің ең ірі көлі-Титикака-Анд таулы үстіртінде 3800 м биіктікте, Перу мен Боливияның арасындағы шекарада жатыр. Оның көлемі-8300 км2, ал ең терең жері- 304 м. Көлдің жағаларында оның деңгейінің әлденеше рет төмендегенін айкындайтын террасалар көрінеді. Көл баска, тайызырақ тектоникалық Поопо көліне ағып шығады. Осыған байланысты су Титикака көлінде тұщы, ал Поопода өте тузды.
Андының ішкі үстірттері мен Гран-Чако жазығында тектоиикалық жолмен пайда болған, тайыз тұйық және тұзды көлдер көп. Онда басқа тұзды батпактар мен сорлар (саларес) таралған.
Атлант мұхиты мен Кариб теңізінің ойпат жағасын бойлап ірі лагуна көлдері жатыр Осы лагуналардың ішіндегі ең ірісі солтүстікте, Анды жоталарының аралығындағы кең ойыста жатыр. Ол Маракайбо деп аталады және Венесуэла шығанағымен жалғасыш жатыр. Бұл лагунаның келемі 16,3 км2, үзындығы-220 км. Ла- гунаныи суы тұщы деуге болады, бірақ толысулар кезінде оның тұздылығы айтарлықтай артады.
Атлант мұхитымен байланысын үзуге айналған лагуналар материктің онтүстік-

шығысында жатыр. Олардың ішіндегі ең ірілері- Патус пен Мирин.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет