г) жүзу: бросспен жүзу тәсілін үйрену мен жетілдіру.
1. Қолдар көмегімен үзіндісін жүзіп өту
2. Аяқтар көмегімен үзіндісін жүзіп өту
3. Толық координацияда жүзу
12 – Апта
23-24. Тандалған спорт түрлерінің тәсілін оқыту мен жетілдіру:
а) үстел теннисі: ойынның әдіс – тәсілі, «маятникпен» беру тәсілі, оқу ойыны.
Доппен жонглеру. Доппен және ракеткамен жаттығулар:
- оң (сол) қолмен допты еденге, серіктесіне, қабырғаға лақтырып, оны сол және оң қолмен жоғарыдан және төменнен ұстап алу, бір қолдан екінші қолға допты лақтыру, допты жоғарыға лақтырып екі қолмен, бір қолмен ұстау;
- доппен әр түрлі жонглеру түрлері, «қармаққа» байланып ілінген ракетканын оң, сол жағымен, екі жақпен кезектестіріп допты лақтыру, қабырға ракетканын оң, сол жағымен, екі жақпен кезектестіріп лақтыру;
Қозғалыс комбинация тәсілінің бір немесе екі нұсқасын үйрету.
- сол жақтан тірек + сол жақтан шабуыл соққысы;
- қиылыс (топтамасы) + жазу;
- жақын аймақтан шабуыл соққысы + орта аймақтан шабуыл соққысы;
- сол жақтан қию + сол жақтан тірек;
- жоғарыдан айналыстан және диагональ бойынша, үстелдің орта сызығынан оң жақтан қарама-қарсы соққыны сол жақтан екпінді беру;
- жоғарыдан айналыстан оң жақтан екпінді беру, сол жақ бұрыштан сол жақ тірек соққысы;
- оң жақтан екпінді беру + оң жақтан бір шабуылшы соққы (қарсылас соққыны тірекпен орындайды);
- үстел жартысыннан (орталық аймақ) оң немесе сол жақтан қиылысқа қарсы оң жақтан жазу.
Оқу ойыны.
Достарыңызбен бөлісу: |