Қортынды нормативтерді тапсыру
1) жүгіру 100 м.;
2) орыннан ұзындыққа секіру;
3) Жүгіру 1000 м (қыздар), 3000 м (бозбалалар)
29 – Апта
57-58. Жалпы төзімділікті дамыту. Күш – жылдамдық сапаларын дамыту. Қортынды нормативтерді тапсыру.
Аяқты тізеден бүгіп, кеудеге тигізіп жоғары секіру.
Екі аяқпен орнында тұрып, кедергіден секіру – 4–6 төменгі кедергі, біреуі екіншісіне 80–100см арақашықтығында орналасқан.
Екі аяқпен гимнастикалық орындықтан секіру.
4. Бүгілген екі аяқпен (80 см) биіктіктен секіру.
5. Жартылай отыру арқылы биіктіктен (60-70 см) секіру .
6. Екі аяқты бүгіп биіктіктен (30-40 см) секіру және қалпына келу, ары қарай 3–4 төмен кедергілерден секіру.
7. Секіру кезінде әр түрлі тапсырмаларды орындау арқылы биіктіктен (60-70см) екі аяқпен секіру және жеңіл жерге түсу.
8. Бет жақпен тіреке тұрып (гимнастикалық қабырға, ағашқа, бағанаға), қолдарымен қабырғаға тіреліп (білтекті) бет (иық) деңгейінде ұстау.
9. Ілініп тұрған заттарға екі аяқпен жартылай отырыған қалыптан секіру арқылы қол тигізу.
10. Терең адымдап жүру.
11. Бір аяқта отырып (екіншісі алда) – «пистолет» қалпы, гимнастикалық
орындықтың білтегіне сүйеніп, орыннан тез аяқтың ұшына көтерілу.
12. Жоғары көтерілген сүйенішке (гимнастикалық орындық) қырынан тұрып, бүгілген аяқ сүйеніште. Сүйеніштен бір аяқпен итеріліп, орнында тұрып жоғары секіру.
13. Гимнастикалық орындыққа бет жақпен тұрып, бір аяқ тізеде бүгіліп орындық үстінде қойылған, екіншісі тіреуші аяқ еденде (жерде). Бүгілген аяқты жазып жоғары қарай секіру және биіктікте аяқ орындарын ауыстыру.
14. Көптеген рет жоғарыға-алдыға секіру, бір аяқпен үшінші, сосын бесінші қадамнан иітеріліп екпінен жүгіру.
15. Скакалкамен екі аяқта кезектесіп, оң, сол аяқпен орнында тұрып, алдыға қарай қозғалумен секіру .
Оң аяқта 3–5 секіру, сол аяқта 3-5 секіру 2х40 м.
Жеңіл атлетика элементтерімен эстафета.
Достарыңызбен бөлісу: |