Оқу ауру тарихын жазу жоспары төлқұжаттық бөлігі


V.ЖАЛПЫ ҚАРАУ (Status praesens communis)



бет3/6
Дата28.09.2023
өлшемі25,33 Kb.
#182860
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Ауру тарихын жазу схемасы
1551160670, Тесты для подготовки к ВОУД по математике (9 класс)
V.ЖАЛПЫ ҚАРАУ (Status praesens communis)
Арудың хал-жағдайы, көңіл-күйі, ақыл-есі, төсектегі қалпына көңіл бөлу керек
Науқастың жалпы жағдайын бағалау. Науқастың жалпы жағдайын бағалау емдеу шараларының көлемін, кезегін (режимі, тамақтануы, дәрі-дәрмектерді таңдау, оларды организмге жіберу жолдарын шешу) анықтауда негізгі роль атқарады. Сонымен қатар, тексеру қандай және қай кезекте болу керегі де осыған байланысты шешіледі.
Науқастың жалпы жағдайын көңіл-күйінен айыра білу керек. Себебі кейде аурудың көңіл-күйімен жалпы жағдайы бірдей болып келеді, бірақ көбіне бөлек екені анықталады. Мысалы, кейбір аурулар көптеген шағымдар айтады, бірақ жалпы жағдайы қанағаттанарлық болып қала береді. Керісінше кейбір аурулар ешқандай шағым айтпайды, бірақ жағдайы қатқыл болуы мүмкін де, қарқынды емдік шаралар қолдануды қажет етуі мүмкін. Әсіресе, жаңа туылған науқас нәрестенің жалпы жағдайын бағалау қиын болып келеді.
Ауру баланың жалпы жағдайының ауырлығын үш дәрежеге бөледі: қанағаттанарлық, орташа, ауыр.
Қозғалыс функцияларын бағалау. Қозғалыс жүйелерін зерттеу көңіл-күйі ақыл-есі, бұлшық ет тонусының, шартсыз бейнелістер жағдайларын, спонтанды, енжар, белсенді қимылдар көлемін, тарамыс, сүйек қабы және беткейлі бейнелістерді анықтауды қамтиды.
Баланың тәртібінің маңызы, оны тыныш жағдайда сөйлесіп, тексеруде ғана емес, сонымен қатар оны сипаттауда да (бұлшық еттер тонусы, рефлекстер, ес-түсі) тексеру кезіндегі баланың тәртібінің маңызы үлкен.
Тәртібін бірнеше түрге беліп, ол үшін төмендегі белгілерді қолдану ұсынылады:
1. Тыныш, көзін жауып, ырғақты демалып, қозғалмай ұйыктайды;
2. Активті ұйқы. Көзі жабық, тынысы бір қалыпты емес, әр түрлі бұлшық ет топтарында кептеген кішкене қимылдар байқалады;
3. Бала ұйқыдан ояу, бірақ тыныш. Көзі ашық, үлкен қимылдар мен айқай жоқ.
4. Сергек және активті. Көзі ашык, аяқ-қолдарында, тұлғасында әртүрлі қозғалыстар байқалады.
5. Айқайлайды. Көзі ашық немесе жабық болуы мүмкін, әдетте қимылдар байқалады.
6. Баланың тәртібінің басқа да түрлері де болуы мүмкін.
Баланың ес-түсін бағалауды онымен сөйлесу арқылы шешу тек ересек балаларда ғана мүмкін болады. Сондықтан, көп нәрселерді сұрастыру және тікелей қарау кезінде шешу қажет. Осыған орай, науқастың көңіл-күйін, ақыл-есін бағалауды жүйелі ретпен жүргізу керек.
Көңіл-күйі және ақыл-есі қалыпты. Ата-анасы көңіл-күйінің өзгермегенін, жақындарымен әдеттегідей сөйлесіп, ойнап күлетінін, ұйқысының тыныш екендігін тәбетінің жақсылығын, шағымының жоқтығын, себепсіз жылап мазасызданбайтындығын хабарлайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет