Оқу ауру тарихын жазу жоспары төлқұжаттық бөлігі



бет6/6
Дата28.09.2023
өлшемі25,33 Kb.
#182860
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Ауру тарихын жазу схемасы
1551160670, Тесты для подготовки к ВОУД по математике (9 класс)
X. Күнделік
Күнделік жазылған парақтың сол жағында температура,тыныс алу мен пульс жиілігі және АҚ көрсеткіштері жазылады.Күнделікте күнде негізгі ауруға сәйкес науқастың жалпы жағдайы,патологиялық процестің,клиникалық белгілерінің динамикасы көрсетіледі.
Лабораториялық, аспаптық зерттеу,нәтижелерін талдап,бағалайды.Қосымша зерттеулердің,мамандардың консультациясының тағайындауларын негіздейді.Өткізіліп жатқан емдеудің тиімділігін бағалайды, қажет болса түзетіледі.
XI. ЭПИКРИЗ
Науқасты курациялау аяқталады.
Кезеңдік эпикриз. Әр 10 күннен соң жазылады. Жазу барысында науқас түскеннен бері аурудың динамикасы – жалпы жағдайы, ағзалар мен жүйелер жағынан патологиялық симптомдары, лабораториялық, аспаптық зерттеулердің нәтижелері, өткізілген емдеу және оның тиімділігі туралы мәліметтері тіркеледі.
Шығару эпикриз. Науқастың ауруханадан шығу күнінде жазылады. Баланың аты-жөні, жасы, ауруханаға жатқан және ауруханадан шығару күні атап көрсетіледі.Қандай диагнозбен жатқаны көрсетіледі.Түскен кездегі шағымдар мен аурудың патологиялық көріністері,лабораториялық,аспаптық зерттеу нәтижелерін белгілеп көрсетеді.Шығарған күніндегі баланың жағдайын бағалайды:жақсару,аурудан айығу.Мерзімінен бұрын шығарылса, себебін атап көрсету керек.Шығару эпикризі соңында науқасты реконвалесценция кезінде емді жалғастыру,бақылау және ауру қайталануын алдын алу жөнінде ұсыныстар беріледі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет