2. Еңбек сабағының ұйымдастырылуы Бастауыш сыныптарда өтілетін еңбекке баулу сабақтарында оқушылардың орындайтын жұмыстары қаншалықты қарапайым әрі оңай болғанымен еңбек жөніндегі тәжірибесі аз балаға оны орындап шығу қиынға соғады. Бұл жұмыстар алғашқы күннен бастап мұғалімнің көмегімен жүзеге асырылып отырады. Сондықтан алғашқы сабақтан бастап түрлі жұмыстарды жүйелі түрде орындай білуге оқушыларды дағдыландырсақ, іске төселдірсек олардың қандай істі болса да атқара алатындығына сенімдері арта түседі. Ондай кездерде оқушы бойында еңбекке деген құштарлықтары, сабаққа ынтасы, ықыласы да арта түседі. Бастауыш сынып мұғалімдері жаңа оқу жылы бас кезінде әрбір жекелеген сыныптар үшін бөлінген сағат сандары бойынша бағдарлама талаптарына сәйкес атқаратын тапсырмаларды енгізе білуі тиіс. Еңбек сабағының блоктық бөлімдеріндегі жұмыс түрлерін, тапсырмаларды орындауға ыңғайлы оқу кезеңдерінің жыл мезгілдеріне байланысты рет-ретімен жоспарлай білуі тиіс. Біріншіден, бастауыш сынып мұғалімдері еңбекке баулу сабағының тақырыптарының негізгі оқу мақсатын, сабаққа қойылатын негізгі талаптарды орындай білуі керек. Екіншіден, күнделікті өтілетін әрбір сабақты сапалы әрі жауапты түрде өткізе білуі тиіс. Аталған еңбек сабағының негізгі талаптарын орындай білуін мұғалім өз-өзінен және оқушылардан талап ете білуі шарт.
Тапсырмалар: 1. Еңбек сабағының ұйымдастырылу әдістері
2. Еңбек сабағының мақсаты
3. Еңбек сабағының міндеттері
6.2 тақырып. ШЖБМ еңбек сабақтарын ұйымдастыру ерекшеліктері Мақсаты: Еңбекке баулу бойынша сабақтарды жоспарлау, дайындалу және өткізу әдіс – тәсілдерін меңгерту. Еңбек кабинетінің жабдықталуын түсіндіру.
1. Еңбекке баулу бойынша сабақтарды жоспарлау, дайындалу және өткізу 2.Еңбек кабинетін жабдықтау
1. Еңбекке баулу бойынша сабақтарды жоспарлау, дайындалу және өткізу Бастауыш мектеп жасындағы балалардың іс-әрекетінің бір түрі – еңбек. Еңбек әрекеттерінің мазмүны мен оған қойылатын талаптар балалардың жас шамасына қарай күрделене түседі. Ол жоғарыда бағдарламада айтылған. Мәселен, бастауыштың жоғары сыныптарындағы балаларға тәрбие беруде балалар еңбегін ұйымдастыруға төмендегідей міндеттер қойылады:
- үлкендер еңбегіне ынта-ықылас қойып қарау, анасының үйдегі, әкесінің даладағы еңбек нәтижелерінің әсемдігінен эстетикалық ләззат алу (техникалық қол еңбегіне, ауыл шаруашылық және гүл өсіру, өзіне-өзі қызмет көрсету еңбегі бойынша);
- асқа, шайға өздігінен дастархан әзірлеп, оның таза, ұқыпты болуына көңіл аудару (аспаздық жұмыстардың түрлері бойынша);
- қол еңбегі кабинетін, еңбек құралдарын, заттарын, тазалықта сақтау, заттарды, еңбек құралдарын үйлесімді, әдемі орналастыра білуге дағдылану;
- жеке басының тазалығы мен ұқыптылығына көңіл аудару, мәдени-гигиеналық дағдыларды бойында қалыптастыру.
Бастауыш мектеп жасындағы оқушылар еңбегін ұйымдастыруға қойылатын бағдарламалық талаптар.
- үлкендер еңбегімен бірге, ұжымдық еңбектің нәтижелеріне қуана білуге және оны бағалауға үйрету;
- аспаздық жұмыстар бойынша өздігінен дастархан әзірлеуге, оны жинауға, тазалық сақтауға дағдыландыру;
- қоғам пайдалы еңбекте мұғалімнің немесе үлкен сыныптың оқушылары көмегімен мектеп ауласын жинастырып, тазалауға қатысу, өз еңбегінің нәтижесін көріп қуануға, еңбекке қызығушылыққа тәрбиелеу.