Оқу-әдістемелік материалдар №1 басылым



бет22/26
Дата06.02.2022
өлшемі108,65 Kb.
#49723
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
c6a70f33-095d-11e7-bfa7-a692e7d05c5eобъекты каз УММ

Қоректену түрлері және энергия алу әдістері бойынша бактериялардың жіктелуі. Бактерия метаболизмінің негізгі мақсаты өсу , дәлірек айтқанда жасушаның барлық құрылымдарының үйлесімді ұлғаюы болып табылады. Бактерия жасушасының негізі көміртегі атомынан тұратын органикалық қосылыстар (ақуыздар, көмірсулар, нуклеин қышқылдары) болғандықтан, жасуша өсу үшін үздіксіз көміртегі атомдарының түсіп тұруын қажет етеді. Сіңірілетін көміртегі алу көзіне байланысты бактерияларды төмендегі түрлерге бөледі:
Аутотрофтар (гректіңautos- өзім,trophe- қоректену)-өз жасушаларын құруда көміртегін ауадағы СО2 - нен сіңіретіндер.
Гетеротрофтар (грекше heteros- басқа)-көміртегіні органикалық қосылыстардан пайдаланатындар. Жеңіл сіңірілетін көміртегі көздері гексозалар, көпатомды спирттер, аминқышқылдар болып табылады.
Энергия көзіретінде күннің жарығын пайдаланатын организмдерді фототрофтар деп атайды. Ал тотығу-тотықсыздану реакцияларының нәтижесінде пайда болған энергияны пайдаланатын организмдерді хемотрофтар деп атайды.
Хемотрофтардың ішінде органикалық емес электрондарды(H2, NH2, H2S, Fe2+және т.б) пайдаланатындарды литотрофтар (гректіңlithos-тас),ал органикалық қосылыстардың электрондарын пайдаланатындардыорганоторфтар деп атайды.
Медициналық микробиология зерттейтін бактериялар гетерохемоорганотрофтарға жатады. Бұл топтың ерекшелігі, көміртегі көзі-энергия көзі болып табылатындығында.
Әр түрлі бактерияларда гететротрофтық дәрежесі біркелкі болмайды. Өлі органикалық заттармен қоректенетін және басқа организмдерге тәуелсіз микроорганизмдер-сапрофиттер(гректіңsapros- шіріген,phitos-өсімдік) және қоректік заттарды макроорганизмнен алуға тәуелді гетеротрофты микроорганизмдерпаразиттер (гректіңparasitos-арамтамақ) деп бөлінеді.
Паразиттерді облигатты және факультативті түрлерге ажыратады. Облигатты паразиттер жасушадан тыс жерде мүлдем тіршілік ете алмайды. Оларға макроорганизм жасушасының ішінде ғана көбейе алатын Rickettsia, Coxiella, Ehrlichia, Chlamidia тұқымдастығының өкілдері жатады.
Факультативті паразиттер, сапрофиттер тәрізді иесінің жасушасынсыз қоректік орталардаin vitro,яғни дәлірек айтқанда организмнен тыс тіршілік етіп көбейе алады.
Бактерияларды in vitroжүйесінде дақылдандыру қоректік орталарда жүзеге асырылады. Жасанды қоректік орталар келесі талаптарға сай болуы тиіс:
1. Бактериялардың барлық тіршілік процестері суда өтетіндіктен кез-келген қоректік ортада жеткілікті мөлшерде су болуы қажет.
2. Гетеротрофтық бактерияларды дақылдандыру үшін ортада органикалық көміртегі көзі болуы керек. Бұл қызметті түрлі органикалық қосындылар атқарады: көмірсулар, аминқышқылдары, органикалық қышқылдар, майлар. Ең жоғарғы энергетика көзі глюкоза болып табылады, өйткені ол ыдырау барысында тікелей АТФ және биосинтетикалық жолдарға қажетті ингредиеннттерге бөлінеді. Бұл мақсатта ақуыздардың жартылай гидролизінің өнімі, поли-, олиго-, дипептидтерден тұратын пептонжиі пайдаланылады. Пептон және де бактериалдық ақуыздарды құруға қажетті аминқышқылдарын жеткізіп отырады.
Дәріс 9,10.Штамдар технологиялылығы. Өнеркәсіптік штамдарға қойылатын талаптар.
Штаммдарға қойылатын технологиялық талаптар:

  • Ұзақ ферментация жүргізу процесінде өзінің негізгі физиолого- биохимиялық қасиеттерін сақтай алу

  • Мутациялық әсерлерге, фагтарға, бөтен микрофлорамен (контаминация) ластануға төзімділігі

  • Адамдарға және қоршаған ортаға зиянсыз болуымен сипатталу керек.

  • Өсіруде бөтен токсинді зат алмасу өнімдері мен қалдықтардың болмауы

  • Өнімнің жоғары шығымына және қолайлы технико-экономикалық көрсеткіштере ие болу керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет