Оқу-әдістемелік материалдар №1 басылым


Бактериялар, алуантүрлілігі және оларды биотехнологияда қолдану



бет18/26
Дата06.02.2022
өлшемі108,65 Kb.
#49723
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26
Байланысты:
c6a70f33-095d-11e7-bfa7-a692e7d05c5eобъекты каз УММ

Бактериялар, алуантүрлілігі және оларды биотехнологияда қолдану.

Бактериялар (гр. βακτήριον — таяқша) — көбінесе біржасушалы болатын прокариотты микроорганизмдер тобы. Қазіргі уақытта он мыңға жуық бактериялық түрлер сипатталған және олардың саны миллионнан астам деп жорамалданады.


Бактериялардың басым көпшілігі (актиномицеттер мен жіпшелі цианобактериялардан басқа) біржасушалы. Жасушалар пішініне қарай олар дөңгелек (коккалар), таяқша тәрізді (бацилла, клостридия, псевдомонад), ирек (вибрион, спирилла, спирохета), сирек – жұлдыз тәрізді, тетраэдр, кубтық, С- немесе О- пішінді болады. Пішіні бойынша бактериялардың жабысу, қозғалу, қоректік заттарды сіңіру қасиеттері анықталады.
Міндетті жасушалық құрылымнан үшеуін көрсетеді:
- нуклеоид
- рибосомалар
- цитоплазмалық мембрана (ЦПМ)

Сырт пішіні бойынша коккалы (шар тәрізді), таяқша тәрізді және шиыршықты-ирек бактерияларды ажыратады.


Коккалы бактериялар
Бір біріне қатысты дара жасушалардың орналасуына байланысты келесі топтарға бөлінеді:
1)микрококкалар – жасушалар жеке және ретсіз орналасады;
2) диплококкалар екі кокканың тұтасуы;
3) стрептококкалар – әр түрлі ұзындықтағы тізбек түрінде орналасады;
4) тетракоккалар төрттен тұтасқан жеке коккалар;
5) стафилококкалар – жүзім шоғын еске салатын коккалардың жиыны;
6) сарциналар – пакеттер немесе тайламалар тәрізді, әрқайсысында 8-16 коккадан.
Таяқша тәрізді (цилиндрлі) формалар
Бактериялар ұзын және қысқа, жуан және жіңішке, тік және иілген, үшкір, дөңгелек немесе тік ұштармен болуы мүмкін. Олар спора түзуші (бациллалар) және спора түзбейтіндер (бактериялар) болып бөлінеді. Жасушалардың бір-біріне қатысты өзара орналасуына байланысты олар дара, диплобактериялар және диплобациллалар, стрептобактериялар және стрептобациллалар болып жіктеледі.
Шиыршықты-ирек
Шиыршықты-ирек бактериялар ұзындығы, саны және иректердің көлеміне қарай келесідей жіктеледі:
вибриондар – үтір пішінді, қысқа аздап қисайған бактериялар;
спириллалар – бірнеше ірі шиыршықтары бар (5-6) біршама ұзынырақ бактериялар;
спирохеталар – штопор түріндегі көптеген ұсақ шиыршықтары бар жіңішке ұзын бактериялар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет