Патогенді бактериялар
Патогенді деп басқа организмдерде паразитті тіршілік ететін бактериялар аталады. Бұл бактериялар адамдарда оба (Yersinia pestis), сібір жарасы (Bacillus anthracis), лепра (Mycobacterium leprae), дифтерия (Corynebacterium diphtheriae), мерез (Treponema pallidum), тырысқақ (Vibrio cholerae), туберкулез (Mycobacterium tuberculosis), листериоз (Listeria monocytogenes) және т.б. көптеген ауруларды тудырады. Адам үшін қалыпты жағдайда қауіпсіз немесе тіпті оның терісі мен ішектерінің қарапайым мекендеушілері болып табылатын көптеген бактериялар иммунитеттің бұзылуы немесе ағзаның әлсіреуі кезінде патогендер ретінде көрініс табады.
Бактериялардың биотехнологиялық функциялары түрліше. Бактериялар тағам өнімдерін, мысалы: сіркесуы, сүтқышқылды сусындар және т.б.; - микробты инсектицидтер; - ақуыздар; - дәрумендер; - еріткіштер мен органикалық қышқылдар; - биогаз бен фотосутек шығаруда қолданылады.
Сүтқышқылды бактериялар – басты түрде сүтқышқылын қалыптастырумен көмірсуларды ашытатын микроорганизмдер тобы.
Сіркеқышқылды бактериялар – ауа оттегісінің еркін келуі жағдайында этил спиртінің сірке қышқылына тотығуын жүргізетін, біржасушалы микроскопиялық организмдер тобы
Вирустар.
Вирустардың құрылысы мен құрамы. Вириондардың (толық вирустық бөліктер) негізгі құрылымдық компоненті болып нуклеокапсид, яғни вирусты ген (ДНҚ немесе РНҚ) орналасқан ақуызды қап (капсид) табылады. Вирустардың көптеген әулеттерінде нуклеокапсид липопротеинді қабықшамен қоршалған. Кейбір вирустардың нуклеокапсиді мен қабықшасының арасында (орто-, парамиксо-, рабдо-, фило- және ретовирустар) вириондарға қосымша қаттылық беретін гликозилирленген матриксті ақуыз орналасқан. Қабықшаның сыртқы қабатын вириондар жасушалық мембранадан бүршіктену арқылы өткенде қалыптастырады. Қабықша ақуыщдары вируспен кодталады, ал липидтер жасуша мембранасынан алынады. Гликозилирленген қосылу ақуыздары пепломералармен байланысады және вирустың жасуша енуінде басты рөл атқарады. Капсидтер және вириондар қабықшалары өздігінен құрастырылу процесі нәтижесінде ақуызды суббірліктердің бір немесе бірнеше түрінің көптеген көшірмесімен қалыптасады. Вирустардың пішіні және вириондар көлеміне қарай айырмашылықтары құрылымдық ақуызды суббірліктердің пішініне, өлшемі мен мөлшеріне және олардың өзара әрекеттесуіне байланысты. Қарапайым генетикалық принциптерге сәйкес, қатаң сақталған түрде вирусты полипептидтерден жинақталған, көптеген морфологиялық суббірліктертен (капсомерлер) тұрады. Ақуызды суббірліктер бір-бірімен байланыса отырып, симметрияның екі түрлі формасындағы капсидтер түзеді: изометриялық және шиыршықты.
Вирустар қабықшасының бетінде морфологиялық анықталған гликопротеинді құрылымдар – пепломерлерді көрсетеді. Суперкапсидті қабықшаның құрамына жасуша текті липидтер (20-35%-ға дейін) мен көмірсулар (7-8% дейін) енеді. Ол екі қабатты липидті биоқабаттың сыртында және ішінде орналасқан жасушалық липидтер мен вирусспецификалық ақуыздардан тұрады. Капсомерлер (пепломерлер) бір немесе бірнеше гомологті немесе гетерологті полипептидті тізбектерден құрастырылған құрылымдық бірліктерден тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |