Оқу-әдістемелік материалдар №1 басылым


Вирустардың химиялық құрамы



бет20/26
Дата06.02.2022
өлшемі108,65 Kb.
#49723
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   26
Байланысты:
c6a70f33-095d-11e7-bfa7-a692e7d05c5eобъекты каз УММ

Вирустардың химиялық құрамы басқа тіршілік түрлерінен қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Омырқалылар вирусының құрамына геномды ДНҚ немес РНҚ-дан басқа вирион массасының 57-90% құрайтын ақуыздар кіреді. Вирионды ақуыздар мөлшері вирустың құрылымының күрделігіне байланысты кең ауқымда ауытқып отырады. Вирусты геноммен кодталатын ақуыздар ішінде құрылымдық және құрылымдық емес вирусспецификалық ақуыздарды ажыратады.
Көптеген вирустарда құрылымдық вирусты ақуыздар гендердің біріншілік өнімі болып табылмайды, олар полипептид-алғының (предшественник) вирусспецификалық және жасушалық протеазалармен посттрансляционды ыдырауы нәтижесінде қалыптасады.
Құрылымдық емес вирусты ақуыздар болып вирусты геноммен кодталатын, бірақ вирионның құрылымдық бөліміне енбейтін ақуыздар табылады. Олардың біреуі вирусты компоненттердің репликациясында, екіншілері – вириондарды жинақтауға қатысады, үшіншілері қалыпты жасушалық синтезді бұзады.
Вирусты жасушалардың молекулалық массасы 5-200 кД. Қарапайым вирустар (вирустар-сателлиттер, ақаулы вирустар) тек бір ғана ақуыздың синтезін кодтайды, көптеген патогенді вирустар 5-10 ақуыздың синтезін, шешек вирусы, ұшық вирусы сияқты ірі вирустар 200-ге ақуыздардың синтезін кодтайды.
Микроорганизмдердің қоректенуінің екі түрі бар: 1-голозойлы 2- голофидті
Голозойлы қоректенуде тірі организм қатты бөлшектерді арнайы орган арқылы жұтады. Ол ас қорыту жүйесінде қорытылады.
Ал голофидті қоректенуде қоректік заттарды жұтатын арнайы орган болмайды. Олар қоректік заттарды сулы ерітіндіден молекула түрінде сіңіреді. Бұл қоректену өсімдіктер мен микроорганизмдерге тән.
Полимерлі органикалық қосылыстарды микроорганизмдер жұта алмайды және бірден зат алмасуға пайдалана алмайды.
Бұл заттар қарапайым қосылыстарға ыдырауы керек. Микроорганизмдер экзоферменттерді бөле отырып, ыдыратады да сіңіреді.
Су және еріген қоректік заттар сырттан микроб клетка ішіне енуі және зат алмасу өнімдерінің сыртқа шығуы клетка қабығымен, ЦПМ байланысты.Қоректік заттардың енуі және оның сыртқа шығуы клетканың бүкіл бетімен жүзеге асады. Қоретік ортаның заттары суда еритін күйде болуы керек. Себебі олар клеткаға тек еріген күйде ене алады. Ал метаболизм өнімдері клеткадан еріген күйде шығады.
Микроорганизмдердің тағы қоректену типтері:
(Энергия көзі)Хемо: хемолитоавтотрофия
Хемолитогетеротрофия
Хемооргано автотрофия
Хемоорганогетеротрофия
Фото: фотолитоавтотрофия
Фотолитогетеротрофия
Фотоорганоавтотрофия
Фотоорганогетеротрофия
Тотығу-тотықсыздану реакциясы:
Хемолитоавтотрофты(нитрификациялаушы,тионды,сутект бактериялар,ацидофиз темір бакт-лар)
Хемолитогетеротрофты(метанотүзуші архебактер, сутект б-лар)
Хемоорганоавтотрофты(факультативті,метилотрофтылар)
Хемоорганогетеротрофты(көптеген прокариоттар)
Жарық: фотолитоавтотрофты(цианобакт, пурпурлы, жасыл бакт-р)
Фотолитогетеротрофты(кейбір циано бакт, пурпурлы, жасыл )
Фотоорганоавтотрофты(кейбір пурпурлы б-р)
Фотоорганогетеротрофты(пурпурлы,жасыл б-р, галобактер-р, кейбір цианобакт)
Микроорганизмдерге сыртқы қоршаған орта факторларының әсері . Микроорганизмдердің температура, оттегі, орта ph –ына байланысты топтарға бөлінуі.
Микроорганизмдерге әсер ететін фактор 3 топқа бөлінеді:
1-Физикалық фактор. Ең маңызды: температура,ылғалдылық, осмостық гидростатикалық қысым, ультрадыбыстар
2- Химиялық фактор: ортаның реакциясы(ph) , тотығу-тотықсыздану р-я, токсинді заттар, әртүрлі хим.заттардың әсері
3- микроорганизмдердің өзара және өсімдіктермен қарым-қатынасы: антибиотиктер, витаминдер, фагтардың әсері
Температураның микроорганизмдерге әсері: жеке микроорганизмдердің өсу қарқынмен тіршілік ету мүмкіндігін анықтайтын фактор болып табылады. М-дер белгілі бір темп-да өсіп,көбейеді.
Микро-дің өсу қарқындылығын анықтайтын температураның 3 нүктесін бөліп қарауға болады:
1-минимальды 2-максимальды 3- оптимальды
Әр микроорганизм үшін одан төмен болса, микроорг. өсуі жүрмейтін минимальды, тез өсуге әсер ететін оптимальды, және одан жоғары болса, өспейтін максимальды температура тән.
Температура аймақтары кең эвритермалар деп аталады. Ал темп.аймағы өте аз микроорганизмдер стенотермиялар деп аталады.Температураға байлансты микроорг-р 3 үлкен топқа бөлінеді: 1-психрофильдер 2 – мезофильдер 3 – термофильдер
Психрофильдер үшін оптимальды температура 5-12 градус С, бұл топқа: өзен, теңіздерде, мұздарда тіршілік ететін микроорганизмдер жатады. Олардың ферменттері төмен температураға тиімді болады.Олардың клеткалық мембранасында қанықпаған май мөлшері жоғары болады. Осының нәтижесінде олардың мембраналары жартылай сұйық болып қалады. -30 градус С темп-да клеткалар өсуі тоқтайды, бірақ ферменттік реакциялары ақырындаса да, бұл ортада р-лар жүре беруі мүмкін.
Мезофильді микроорганизмдерге температуралық оптимумы 25-37С болатын микроорганизмдер жатады. Бұған: топырақта, суда, ауада, адамдармен жануарлардың орган-де тіршілік ететін микроорг.жатады және бұл топқа сапрофиттілер және патогенділер де жатады.

Термофильдер үшін темп-лық оптимум 40-60градус С құрайды. Тер-ң белок синтезінің механизмдегі жоғарғы темп. Төзімді.


Бұлардың клеткалық мембранасында қаныққан май қышқылы көп болады.Термофильдердің ішінде жоғарғы температураға төзімді термогенді формалары кездеседі. Олар жоғарғы температураға төзіп қана қоймай, жылу шығара отырып, сондай жағдайды өздері туғызады.
Ph факторы ортаның әсері.
Ортаның реакциясы сутек иондарының концентрациясымен сипатталады. Орта реакциясын ph сутек көрсеткішімен анықтайды. Ортаның ph дегеніміз- сутек иондарының концентрациясы. Мысалы, таза судың сутек ионының концентрациясы 10ның -7дәрежесіне тең.Микроорганизм ph әсеріне байланысты 3 топқа бөлінеді: 1.Ацидофильді- ортаның ph –ы 4 тен төмен болғанда тіршілік ететін микроорганизм.(кейбір бацилустар, тиобактериялар, оксидаз жатады) 2.Нитрафильді – олар ортаның рн-ы 4-9 дейін тіршілік ететін көптеген микроорг жатады. 3.Алкалофильді бактер – pн- ы 9 жоғары мәнінде тіршілік ететіндер: бацилус стрептококк, псевдомонодалар
Сутек иондарының микроорганизмге тікелей немесе жанама әсер етеді. Тікелей әсер ететін кезде ол микр. Кл өзіне әсер етеді.Ал жанама әсер еткенде олар ортаның компонентіне әсер етеді. Нәтижесінде клеткаға қоректік заттардың түсуі өзгереді.
Молекулалық оттегі маңызды экол.фактор болып саналады.
Молекулалық оттегіге байланысты микроорганизмдерді бірнеше топқа бөледі:
Тіршілік үшін оттегі қажет ететін микроорган. абригатты аэробтылар д.а. Аэробтылар ішінде оттегі пайдаланатын бірақ ауадағы концентрациясын төмен көлемде ғана жақсы өсетіндер микроаэрофильдер д.а. Аэробтыларға көптеген бактериялармен, саңырауқұлақтар жатады.
Кейбір микроорган. оттегіні пайдаланбайды. Оларды анаэробтылар д.а. Олардың 2 түрі белгілі:
1. Аблигатты анаэробтылар: олар үшін оттегі токсинді әсер етеді.
2. Аэроталирантты анаэробтылар: олар оттегі мен байланыста тіршілігін жоймайтындар
Факультативті аэробтылар және факультативті анаэробтылар бар. Яғни бұлар метаболизмнің аэробты типінен анаэробты типіне өте алатындар және керісінше


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет