ОҚу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде оқу процесін


Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы



Pdf көрінісі
бет13/50
Дата06.12.2019
өлшемі3,46 Mb.
#53115
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   50
Байланысты:
ИМП-каз-сонгы-15.07


Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



білімді  меңгеру  процесінде  қолдану  білігін,  жүйелі  ойлауды  дамытуда 

ерекше рөл атқарады.  

Дидактика тұрғысынан пәнаралық байланысты жүзеге асыру оқытудың 

ғылыми  деңгейін  артырады,  оқу  материалының  мазмұнына,  мұғалім 

қолданатын  оқытудың  әдістеріне,  сонымен  қатар  білім  алушылардың  өз 

беттерінше жүзеге асыратын оқу тәсілдеріне әсер етеді. 

Сонымен  қатар,  пәнаралық  байланысты  белсенді  пайдалану, 

жаратылыстану  бағыты  пәндерін  оқыту  процесінде  оңтайландыруға  және 

білім алушыларға түсетін оқу жүктемесін жеңілдетуге мүмкіндік береді. 

«Жаратылыстану»  білім  саласы  пәндерінің  сабақтарында  пәнаралық 

байланысты қолдану ғылыми-жаратылыстанудың негізін құрайтын – «Өмір», 

«Адам»,  «Табиғат  кешені»,  «Экономика  және  экология»,  «Зат»,  «Дене», 

«Энергия»,  «Күш»,  «Қозғалыс»  және  «Даму»  ұғымдарының  қалыптасуында 

маңызды рөл атқарады. 

Жоғары  сыныптардағы  география,  биология,  химия,  физика 

сабақтарында  пәнаралық  проблемалық  жағдаяттар  жасап  отыру  қажет, 

мысалы: кездейсоқтық, дәлелдеу, жоққа шығару, болжау жағдаяттары. 

Мысалы,  «География»  оқу  пәнінің  «Табиғатты  пайдалану  және 

геоэкология»,  «Геоэкономика»,  «Геосаясат»,  «Елтану»  және  «Адамзаттың 

ғаламдық  проблемалары»  бөлімдерін  өткенде  зілзалалар  жағдайында  және 

қауіп-қатер ахуалында қауіпсіздікті сақтау, күтпеген жағдайды болжау және 

осы  жағдайларда  өзін  ұстау  ережелерін  талқылауға  болады,  білім 

алушылардың  қауіпсіздікті  сақтау  мәдениетін  қалыптастыруға  баса  назар 

аударылады.  

Пәнаралық  байланыстар  зерттеудің  (эксперименттік  әдіс,  жобалық 

және  модельдеу  әдісі  және  т.б.)  жалпы  әдістерінде  қолданылуы  мүмкін. 

Мұғалімге  пәнаралық  байланыстың:  бұрынғы,  жалғаспалы  және  келешекті 

түрлерін қолдану ұсынылады. 

Бұрынғы  пәнаралық  байланыстар  –  бұл  байланыстар  курстың 

материалын  оқу  барысында,  басқа  пәндерден  бұрын  алынған  білімдерге 

сүйенуді  қарастырады  (мысалы,  жаратылыстану,  география,  биология 

курстарынан алынған білім). 

Жалғаспалы  пәнаралық  байланыстар  –  бұл  байланыстар,  көптеген 

сұрақтар мен ұғымдар бір мезгілде бірнеше пәнде зерделенуі мүмкін екенін 

қарастырады (мысалы, дыбыс туралы түсінік физикада, ал есту органдары  – 

биологияда оқылады және т.с.с). 

Перспективалық  пәнаралық  байланыстар  материалды  бір  пәннен  оқу, 

сол материалды басқа пәндерден оқудан бұрын жүзеге асырылады (мысалы, 

атомның  құрылысы  туралы  ұғым  физика  пәнінде  химияға  қарағанда  бұрын 

оқытылады).  Бұл  жағдайда  химия  мұғалімі  физикадан  алынған  білімге 

сүйенеді. 

«Жаратылыстану»  білім  саласы  пәндерінде  «Геосаяси  жағдай», 

«Геоэкономикалық  жағдай»,  «Тұрақты  даму»,  «Даму  стратегиялары», 

«Индустриалды-инновациялық  реформа»,  «Жасыл  экономика»,  «Жасыл 

энергетика»,  «Ел  шаруашылығы»,  «Ғылымды  қажет  ететін  технологиялар», 


97 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



«Таза  технологиялар»  терминдерінің  ғылыми-теориялық  және  практикалық 

мәнін  зерделеу,  аймақтық  және  жергілікті  аспектіде  олардың  қолданбалы 

ерекшелігін  түсіну,  «Рухани  жаңғыру»  бағдарламасын  жүзеге  асыру 

контексінде  жаһандық  геоэкономикалық  кеңістікте  тұрақты  дамып  келе 

жатқан  ел  ретінде  Қазақстан  Республикасы  туралы  ғылыми  негізделген 

көзқарас  қалыптастыру  және  дамыту  маңызды  болып  табылады. 

Сабақтардың  тәрбиелік  мақсаты  «Рухани  жаңғыру»  бағдарламасын  қамтып 

отыру тиіс. 

Білім  алушылар  оқу  бағдарламасын  меңгеру  барысында  АКТ  қолдану 

дағдыларын  дамытады.  «География»  пәнінің  оқу  бағдарламасына  сәйкес 

келесі веб-ресурстар ұсынылады: 

18-кесте веб-ресурстар тізімі 

 

www.earthquakes.usgs.gov



 

www.rgo.ru

 

www.geo2000.nm.ru



 

www.geo.historic.ru

 

www.www.geografia.ru/



 

www.geographic.org

 

www.mygeog.ru



 

www.e–cis.info 

www.geography.about.com

 

www.hobitus.com 



www.imf.org 

www.kisi.kz

 

www.meteosputnik.ru 



www.mfa.gov.kz 

www.oecd.org

 

www.stat.gov.kz 



www.theodora.com 

www.un.kz

 

www.un.org 



www.undp.kz 

www.unesco.kz

 

www.unesco.org 



www.unmultimedia.org 

www.volcanodiscovery.com

 

www.worldbank.org 



 

 

 



Білім  алушылардың  ғылыми-жаратылыстану  сауаттылығын  бағалау 

үшін  түрлі  проблемалары  бар  жағдаяттар  қолданылады.  Олар  адамдардың 

күнделікті  өмірімен,  денсаулықты  сақтаумен,  техника  мен  технологияны 

дамыту үшін қажетті ғылыми-жаратылыстану білімін қолданумен, қоршаған 

орта  проблемаларымен  байланысты  болуы  тиіс.  Сабақтың  сапасын  арттыру 

үшін мұғалім: 

–  оқу  материалын  зерделеу  барысында  мультимедиа-технологияларды 

пайдалану; 

–  білім  алушылар  мен  мұғалімдердің  күнделікті  оқу  жұмысында 

компьютерлерді құрал ретінде өнімді қолдану; 

– пәнаралық байланыс технологиясын жүзеге асыру; 

– есептерді шығару үшін электрондық кестелерді пайдалану; 

– виртуалды практикумдар және зертханалық жұмыстар жүргізу қажет. 

19-кестеде  ғылыми-жаратылыстану  циклі  пәндерінің  сабақтарында 

функционалдық  сауаттылықты  қалыптастыру  бойынша  ұсынылатын 

қызметтердің  түрлерінің мазмұны келтірілген. 

 

19-кесте  –  Функционалдық  сауаттылықты  қалыптастыру  бойынша 



ұсынылатын қызметтердің түрлері 

 

 



Ұсынылатын 

қызметтердің 

түрлері 

(жобалаудың 

Білім беру бейіндері бойынша 

ЖМБ 


ҚГБ 

98 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



параметрлері) 

Оқылатын  тақырыптар 



бойынша 

шағын 


зерттеулер. 

Сабақ  барысында  негізгі 

бөлімдер  және  тақырыптар 

бойынша 


жүйелі 

презентация жасау. 

Жекелеген  сабақтарда 

жекелеген тақырыптар 

бойынша презентация. 

Карталар, 



кестелер, 

сызба-нұсқалар,  көрнекі 

құралдармен жұмыс. 

Талдау, 


өз 

бетінше 


шешімдер  әзірлеу,  жаңа 

сызбалар, жаңа білім. 

Талдау, 

қорытындылау. 

Түрлі 


күрделілік 

деңгейіндегі 

практикалық, 

зертханалық жұмыстар. 

Жоспарлы, 

жаттықтырушы, 

дамытушылық, іс-әрекеттік. 

Жоспарланған, 

іс-

әрекеттік. 



Статистикалық 

материалдармен жұмыс . 

Әрдайым,  негізгі  бөлімдер 

және тақырыптар бойынша, 

міндетті  түрде  көрнекі-

графикалық бейнелеу. 

Әрдайым, 

негізгі 

тақырыптар бойынша. 

Мерзімді 



баспасөз 

материалдарын, 

қосымша материалдарды 

зерделеу. 

Әрдайым, 

жаңа 


білім 

сабақтарындағы 

презентация, 

олардың 


функционалдық маңызы. 

Білім  алушы  үшін 

жаңа 

білім 


сабақтарындағы 

презентация,  олардың 

функционалдық 

маңызы. 


Үй 


тапсырмасының 

тәжірибелік 

бағыттылығы. 

Жүйелі, үнемі, іс-әрекеттік.  Жүйелі,  жүйелі  іс-

әрекет, 

өзін-өзі 

тәрбиелеу міндеттері. 

 

Сонымен  қатар  білім  алушылар  арасында  жаратылыстану  ғылымдары 



мен  жаратылыстану  сауаттылығына  деген  қызығушылықты  қалыптастыру 

үшін STEM-ді оқыту элементтерін ұсынамыз.  

Сабақтарда және сабақтан тыс уақытта, оқу-зерттеушілік және өмірлік 

жағдаяттарда  география,  физика,  химия  және  биология  пәндерінен  алған 

білімдерін  қолдану  біліктілігін  дамытатын  есептерді,  тапсырмаларды  және 

жаттығуларды  кеңінен  қолдануға  назар  аударылады.  Оқу  тапсырмаларын 

әзірлеу  барысында  Ы.Алтынсарин  атындағы  ҰБА  басылымдарында 

ұсынылған,  халықаралық  салыстырмалы  PISA  және  TIMSS  зерттеулерінде 

қолданылатын тапсырмалар жүйесіне көңіл аудару қажет.  

Олар білім алушыларда ойлау әрекетінің, зерттеу белсенділігінің және 

дербестіктің ерекше стилін қалыптастырады. Мысалы, қоршаған ортаға зиян 

тигізбейтін  үй  үлгісінде  табиғи  жарықты  басқару  жүйесі  істен  шығуы 

мүмкін,  бұл  мәселені  шешу  үшін  мәселенің  себебін  табуға,  оны  шешудің 

қадамдар  дәйектілігін  жасауға,  математика,  физикадан  білімдерін  қолдануы 

және оны шешу үшін табиғи материалдардың сипаттамаларын білуі керек. 

STEM  бағдарламаларын  іске  асыруда  ақпараттық  технологияларды 

пайдалану  перспективасын  асыра  бағалауға  болмайды.  Бүгінгі  таңда 

медицинада, құрылыста, химияда, физикада, биотехнологияда және басқа да 

ғылыми  аймақтарда  ақпараттық  технологияларды  белсенді  қолданатын  оқу 

орындарының  түлектеріне  сұраныс  артып  келеді.  STEM  сабақтарында 

есептеулерді  жобалау  үшін  компьютерлік  бағдарламаларды  қолдану  білім 


99 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



алушылардың  жұмысының  ажырамас  бөлігі  болып  табылады  ал,  көптеген 

жобаларда материалдық модельді құрастырмас бұрын электрондық прототип 

жасалады.  Әрбір  білім  алушыға  қол  жетімді  тиісті  бағдарламалық 

жасақтаманы қолданып, түпкілікті өнімнің техникалық сипаттамаларын және 

тиімділігін  электрондық  прототипі  арқылы  тексеруге  болады.Мысалы, 

тығыздық,  температура,  қысым  және  кинетика  заңдылықтары  сияқты  су 

эквиваленті  туралы  деректерді  пайдалана  отырып,  шынайы  жағдайлар  үшін 

терең теңіздегі зерттеу станциясының сипаттамаларын тексеруге болады. 

Мектептерде  STEM  оқытуды  қолданудың  қаншалықты  мүмкіндіктері 

бар? Интернетте практикалық тәжірибеге негізделген әдістемелік ұсыныстар 

табуға болады. 

Интеграцияланған  бағдарламаларды  жүзеге  асыру  үшін,  мысалы, 

элективті  инжиниринг  және  робототехника,  биотехнология  немесе 

нанотехнология,  сондай-ақ  әртүрлі  бағыттағы  топтар  мен  секциялар 

қосымша білім беруді қолдана алады. Орта білім беру стандарттары аясында 

STEM  оқытуды  жүзеге  асыру  үшін  ғылыми-жаратылыстану  пәндерін 

кіріктірудің жолдары ұсынылады.  

Біріншіден,  бірнеше  пәнді  (химия,  биология  және  физика)  кіріктіруге 

мүмкіндік  туады.  Мысалы,  тіршілік  үшін  судың  рөлі  және  физикалық 

қасиеті,  молекуладағы    химиялық  байланыстары,  құрамы  туралы  білімдерін 

талап  ететін  тапсырмалар  енгізілген,  биология,  химия  және  физика 

пәндерінің  мұғалімдері  жоспарлаған,  биологиялық,  химиялық,  физикалық 

көзқарастағы  су  қасиеттерін  зерттеу  тақырыбындағы  сабақтар.    Тағы  бір 

мысал,  адам  қаңқасын  зерттеуде  графикалық  редакторларды  пайдалану 

биология  мен  информатиканың  кірігуі  болып  табылады  немесе  фотосинтез 

процесі және жарықтың қасиетін оқуда физика мен биологияның кіріктірілуі.   

Екіншіден,  білім  алушылардың  бірнеше  пән  бойынша  білімі  мен 

бірнеше  пән  мұғалімдерінің  кеңестерін  пайдалана  отырып,  оқу  жобаларын 

құру  арқылы  STEM  бағдарламаларын  іске  асыру  мүмкін  болады,  мысалы, 

математика,  физика  және  информатика  бойынша  білімдерін  қажет  ететін 

бейнероликтерді  жазу  үшін  тіркелген  ауданы  бар  ұшқышсыз  әуе  көлігінің 

үлгісін жасау.  

Үшіншіден,  әдетте  екі-үш  аптаға  созылатын  жазғы  мектеп 

сабақтарының әлеуетін ескеру керек. Мұғалімдер топтағы  білім алушыларға 

белгілі  бір  уақыт  пен  бірнеше  пәндер  бойынша  дағдыларды  қажет  ететін 

ғылыми  тәжірибені  практикада  қолдануға  тапсырма  бере  алады.  Мысалы, 

бұршақ  өсімдігін  немесе  белгілі  бір  биіктіктегі  басқа  да  қарапайым 

өсімдіктерді  өсіруге  арналған  тапсырма.  Сонымен  қатар,  ересектер  кәсіби 

қызметпен айналысатын, ғылыми-зерттеу әлеуетін дамыту және сыни ойлау 

дағдыларын  дамытатын,  топырақтың  құрамын  есептеп  анықтайтын  және 

суару  режимін  жоспарлайтын,  өсімдік  бағанында  қашықтықты  есептеген 

кезде,  командалық  жұмыс  тәжірибесін  алуда  интеграцияланған  оқытуды 

ұйымдастыру маңызды. Креативті ойлау және белсенділік қарқыны бағытын 

таңдау мүмкіндігі болғанда әр білім алушының жеке қабілеттері ескеріледі. 

Мұғалімдерге әдістемелік көмек ретінде Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА 


100 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



келесі әдістемелік нұсқаулар әзірлеген: 

 1.  STEM  білімді  енгізу  –  Астана:  Ы.  Алтынсарин  атындағы  Ұлттық 

білім академиясы, 2017. – 160 б. 

2.  PISA,  TIMSS  зерттеулерінің  тапсырмалары  негізінде  білім 

алушылардың  ғылыми  жаратылыстану  сауаттылықтарын  дамыту.  Оқу-

әдістемелік құрал. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, 2014. – 40 б. 

3.  PISA-2015  халықаралық  зерттеуге  дайындықты  әдістемелік  және 

ғылыми-әдістемелік  қамтамасыз  ету.  Әдістемелік  жинақ.  –  Астана:  Ы. 

Алтынсарин атындағы ҰБА, 2015. – 118 б.  

4.  TIMSS  және  PISA  халықаралық  зерттеулерге  білім  алушыларды 

дайындауға  арналған  есептер  жинағы.  –  Астана:  Ы.  Алтынсарин  атындағы 

ҰБА, 2016. - 59 б.  

5. 12-жылдық мектеп жағдайында  білім алушылардың функционалдық 

сауаттылығын  бағалау  әдістемесі.  Әдістемелік  құрал.  –  Астана: 

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2013. – 43 б. 

6. 


Білім 

алушылардың 

функционалдық 

сауаттылығын 

қалыптастырудағы мектеп және отбасының өзара іс-әрекетінің мазмұны мен 

түрлері. Әдістемелік құрал. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім 

академиясы, 2013. – 38 б. 

7.  Білім  алушылардың  функционалдық  сауаттылығын  қалыптастыруда 

12  жылдық  білім  беру  мазмұнының  кіріктірілуі  мен  сабақтастығы. 

Әдістемелік  құрал.  –  Астана:  Ы.  Алтынсарин  атындағы  Ұлттық  білім 

академиясы, 2013. – 41 б. 

8.  Ғылыми  жаратылыстану  циклы  пәндері  бойынша  жобалық 

тапсырмалар. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2015. – 80 б. 

9.  Жобалау  және  зерттеу  қызметі  негізінде  12  жылдық  білім  беру 

жағдайында 

білім 


алушылардың 

функционалдық 

сауаттылығын 

қалыптастыру.  Әдістемелік  құрал.  –  Астана:  Ы.  Алтынсарин  атындағы 

Ұлттық білім академиясы, 2013. – 45 б. 

Осы нұсқаулықтар Академия сайтында (

www.nao.kz

) орналасқан. 



 

«АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ» БІЛІМ САЛАСЫ 

 

«Адам  және  қоғам»  білім  саласы«Қазақстан  тарихы»,  «Дүниежүзі 

тарихы», «Адам. Қоғам. Құқық», «Өзін-өзі тану» пәндерін қамтиды. 

 

«Қазақстан  тарихы»  және  «Дүниежүзі  тарихы»  пәндері  бойынша  оқу 

процесін ұйымдастырудағы ерекшеліктер. 

 

Жалпы  орта  білім  беру  деңгейінде  тарихты  оқыту  –  өткен  тарихи 



оқиғаларды  түсіну  және  оларды  талдау  негізінде  қазіргі  замандағы  орнын 

анықтау,  азаматтық  ұстанымын  қалыптастыру  және  оқиғалар  мен 

құбылыстарға жеке көзқарасын білдіре отырып, олардың маңызы мен мәнін 

түсінуді  қамтамасыз  ететін  жеке  тұлғаның  тарихи  санасын  қалыптастыруға 

бағытталған. 


101 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



«Адам. Қоғам. Құқық» пәнін оқыту – адам, қоғам және құқық туралы, 

қоғам  дамуының  негізгі  үдерістері,  әлеуметтік  факторлардың  адам  өміріне 

әсері туралы ғылыми білімді меңгеруге негізделген. 

«Қазақстан  тарихы»  пәні  бойынша  оқу  жүктемесі  қоғамдық-

гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттарда: 

11-сыныпта аптасына 2 сағаттан, оқу жылында 68 сағатты қамтиды. 



«Дүниежүзі тарихы» пәні бойыншаоқу жүктемесі: 

қоғамдық-гуманитарлық бағытта 

11 сыныпта – аптасына 2 сағаттан, оқу жылына 68 сағатты.  



жаратылыстану -математикалық бағытта: 

11 сыныпта – аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағатты құрайды. 



«Адам.  Қоғам.  Құқық.»  пәні  бойынша  оқу  жүктемесі  қоғамдық-

гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттарда: 

11-сыныпта аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағатты құрайды. 

2019/2020  оқу  жылында  «Қазақстан  тарихы»  және  «Дүниежүзі 

тарихы»,  «Адам.  Қоғам.Құқық»  пәндері  бойынша  оқу  процесін 

ұйымдастыруда келесі оқу бағдарламалары қолданылады: 

1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 

3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген, 2015 жылғы 18 маусымдағы №393 

бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Жалпы орта білім беру 

деңгейінің  қоғамдық-гуманитарлық  және  жаратылыстану-математикалық 

бағыттағы  10-11-сыныптарына  арналған  Қазақстан  тарихы  пәнінің  оқу 

бағдарламасы. 

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 

3  сәуірдегі  №115  бұйрығымен  бекітілген  Жалпы  орта  білім  беру  деңгейінің 

қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-

11- сыныптарына арналған Дүниежүзі тарихы пәнінің оқу бағдарламасы. 

3.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 

3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген, 2015 жылғы 18 маусымдағы №393 

бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Жалпы орта білім беру 

деңгейінің  қоғамдық-гуманитарлық  және  жаратылыстану-математикалық 

бағыттағы  10-11-сыныптарына  арналған  «Адам.  Қоғам.  Құқық»  пәнінің  оқу 

бағдарламасы 

«Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» оқу пәндері бойынша 

оқу процесін ұйымдастырудағы әдістемелік ерекшеліктер 

Жалпы  орта  білім  беру  деңгейінде  тарихты  оқыту  келесі  біліктерді 

қалыптастыруға бағытталуы тиіс: 

−  әртүрлі  деректердің  ақпараттарымен  (соның  ішінде  интернетте 

ұсынылған) жұмыс істей білу; 

−  анық  тарихи  фактілерден  түсіндірулер  мен  көзқарастарды  айыра 

білу;  

−  өзінің  зерттеу  және  оқу  әрекеттері  нәтижесін  бағалау  және 



таныстыра білу, кемшіліктердің себептерін анықтау; 

−  тарихи  оқиғалар  мен  қатысушыларға  өз қарым-қатынасын  түсіндіре 



102 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



білу;  

−  қазіргі  әлеуметтік-тарихи  процестер  мен  дамудың  ықтимал 

нұсқаларын  болжауды  талдай  білу  үшін  игерген  тәжірибесін,  әрекетін  және 

меңгерген білімдерін қолдана білу; 

−  қауіпсіз  мәдениет  қалыптастыру  арқылы  түрлі  жағдайларда  қауіп-

қатерлерді талдай білуі және қауіпсіздікті қамтамасыз ете білуі керек.  



Жалпы білім беру деңгейінде «Адам. Қоғам. Құқық» пәнін оқыту  білім 

алушыларды  адам  өмірінің  мәні,  құқықтық  мемлекет  дамуының 

ерекшеліктерін  анықтауға,  қазіргі  өркениеттік  әлемде  құқықтық  сананы 

қалыптастыру,  түрлі  жағдайларда  қауіп-қатерді  азайту  және  қауіпсіздікті 

қамтамасыз ету мен құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеуге бағытталған.  

Пәндерді оқытудағы педагогикалық әдіс-тәсілдер: 

Жалпы  білім  беру  деңгейінде  тарих  пәндерін  оқытуда  білім 

алушылардың  жас  және  танымдық  ерекшеліктеріне  сай  талдау,  бағалау, 

зерттеу  және  жоспарлау  дағдыларын  қалыптастыратын  әдіс-тәсілдер  мен 

тапсырмалар көбірек қолданылуы керек. Мысалы, талдамалық эссе мен есеп 

жазу, салыстырмалы талдау жасау және тағы басқалар. 

Пәнді  оқытуды  жетілдіруде  оқытудың  белсенді  түрлері  мен  әдістерін, 

жаңа  педагогикалық  технологияларды  қолдану,  білім  алушылардың  дербес 

танымдық  қызметін  ұйымдастыру,  практикалық  және  шығармашылық 

тапсырмалар,  конференция,  дебат,  дискуссия,  рөлдік  ойындар,  кейс  әдісі, 

іскерлік  ойындар,  пікірталастар  мен  семинарларды  және  т.б.  қолдану 

ұсынылады. 

Отандық  және  дүниежүзі  тарихының  кейбір  тақырыптарын  кіріктіріп 

оқыту  ұсынылады.  Халықаралық  қатынастар  тарихы  және  Қазақстанның 

сыртқы  саясаты,  әлемдік  соғыстар  тарихы,  тарихтың  жеке  мәселелері, 

мәдениет  т.б.  тақырыптарын  кіріктіруге  болады.  Тарих  пәндерін  кіріктіре 

оқыту  жүйесін  қалыптастыру  оқу  процесінің  коммуникативтік  әлеуетін 

біршама арттырады.  

Жалпы  білім  беру  деңгейінде  тарихи  және  қоғамдық  білім  берудің 

негізгі  мәселелерінің  бірі  білім  алушылардың  білімді  өз  бетінше  игеруі 

болып  табылады.  Соған  сәйкес  мұғалімнің  басты  міндеті  білім  мазмұнына 

сәйкес  сабақтың  маңызды  ерекшеліктерін  анықтап,  сабақтың  үлгісін  құру 

және сабақты жетілдірудің жолдарын тауып, оның сапасын арттыру. Ол үшін 

білім  алушылардың  әрқайсысы  тарихи  оқиғаларға  ғылыми  тұрғыдан  баға 

беріп,  олардың  сабақтастық  байланысын  түсінуіне  мүмкіндік  беретін 

тәсілдерді қолдану ұсынылады. 

«Адам.Қоғам.Құқық»  пәні  бойынша  алған  білімді  тәжірибеде  қолдану 

тез өзгермелі әлемде табысқа қол жеткізетін, өз елінің игілігі үшін жауапты 

Қазақстан 

Республикасының 

зияткер, 

әлеуметтік-рухани 

азаматын 

қалыптастыруға  мүмкіндік  береді.  Пәнді  оқытуда  оқылған  материалдарды 

ашу  мен  нақтылауға,  оны  білім  алушылардың  жеке  әлеуметтік  тәжірибесі, 

жеке бақылауы, олардың адамдардың қоғамдағы тәлімі мен әлеуметтік өмірі 

туралы  қалыптасқан  түсініктерімен  байланыстыруға  көмектесетін  әдістерді 


103 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



қолдану ұсынылады. 

Оқу  процесінде  ақпараттық  коммуникациялық  технологияларды 

дәстүрлі  әдістермен  сәйкестендіре  отырып  белсенді  қолдану  ұсынылады. 

Жобалық  тақырыптар  және  шығармашылық  тапсырмаларды  (хабарлама, 

презентация,  жобалар,  коллаждар  және  т.б.)  білім  алушыларға  алдын  ала 

беру қажет. 

Тарих сабақтарын жоспарлау және ұйымдастыру барысында оқытудың 

тәрбиелік  компонентіне  ерекше  назар  аудару  қажет.  Материал  мазмұны 

«Рухани  жаңғыру»  идеясына  және  «Болашаққа  бағдар:рухани  жаңғыру» 

бағдарламасына  сай  болуы  қажет.  Тарих  және  қоғамдық  пәндер  бойынша 

рухани жаңғыру идеясы негіздерінің құндылықтарын оқыту мен тәрбиелеуде 

жүзеге асыру ұсынылады. 

Рухани  жаңғыру  бағдарламасы  материалдарын  оқу  тәрбие  процесіне 

қолдануға 

арналған 

әдістемелік 

ұсынымдар 

академия 

сайтында 

орналастырылған:  (



https://www.nao.kz

  /

Білім  беруді  ғылыми-әдістемелік 

қамтамасыз 

ету/ 

Қазақстан 

Республикасы 

Президентінің 

Н.Ә.Назарбаевтың  «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру»  мақаласына 

арналған интерактивті сабақты өткізу бойынша әдістемелік ұсыным./ 

Мектеп 

бітірушілерді 

қорытынды 

аттестаттау 

бойынша 

ұсынымдамалар. 

Бітіру смтиханын өткізу формалары: 

Қазақстан  тарихы  бойынша  ауызша  емтихан  билеттер  бойынша 

жүргізіледі.  Құрастырылатын  билеттердің  саны  –  30;  әр  билетте  3  сұрақ 

болады,  оның  екі  сұрағы–  ежелгі  дәуірден  бүгінгі  күнге  дейінгі  Қазақстан 

тарихы  курсының  негізгі  бөлімдері  мен  тақырыптарының  теориялық 

материалдары бойынша, үшінші сұрақ – практикалық түрде беріледі (тарихи 

карталар, кескіндер, портреттер, хронологиялық кескіндерді пайдалану т.б.).  

Ауызша емтиханда білім алушы дайындалу үшін кем дегенде 20 минут 

уақыт  беріледі.  Егер  білім  алушы  билет  бойынша  жауап  бермесе,  комиссия 

оған  екінші  билет  алуға  мүмкіндік  береді  (бұл  жағдайда  жауап  бір  баллға 

кемиді). 

Мектеп  бітірушілерді  қорытынды  аттестаттау  мазмұнына 

қойылатын талаптар, бағалау өлшемдері: 

«Қазақстан  тарихы»  пәні  бойынша  мемлекеттік  бітіру  емтихандарына 

емтихан  материалдары  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым 

министрілігі Ұлттық тестілеу орталығымен әзірленеді.  



Қазақстан  тарихы  пәнінен  ауызша  емтихан  билеттерінің  құрылымы 

мен мазмұны: 

1-2- сұрақтар ежелгі және орта ғасырдағы, жаңа және қазіргі замандағы 

Қазақстан тарихы курсы материалдарын; 

3-сұрақ  практикалық  сипаттағы  тапсырмаларды  (тарихи  карталар, 

термин  сөздермен  жұмыстар,  тұлғаларға  тарихи  сипаттама  және  т.б.) 

қамтиды. 

Әрқайсысы  ең  жоғары  10  балмен  бағаланатын  1  және  2  сұрақтарды 

бағалауға қойылатын талаптар:  



104 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет