ОҚу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде оқу процесін


Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы



Pdf көрінісі
бет11/50
Дата06.12.2019
өлшемі3,46 Mb.
#53115
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   50
Байланысты:
ИМП-каз-сонгы-15.07


Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



работы. 

При оценке обучающих работ учитываются: 

1) степень самостоятельности учащегося

2) этап обучения; 

3) объем работы; 

4) четкость, аккуратность, каллиграфическая правильность письма. 

Если возможные ошибки  были предупреждены в ходе работы, оценки 

«5»  и  «4»  ставятся  только  в  том  случае,  когда  ученик  не  допустил  ошибок 

или  допустил,  но  исправил  ошибку.  При  этом  выбор  одной  из  оценок  при 

одинаковом  уровне  грамотности  и  содержания определяется  степенью 

аккуратности  записи,  подчеркиваний  и  других  особенностей  оформления,  а 

также  наличием  или  отсутствием  описок.  В  работе,  превышающей  по 

количеству  слов  объем  диктантов  для  данного  класса,  для  оценки  «4» 

допустимо и 2 исправления ошибок. 

Первая и вторая работа, как классная, так и домашняя, при закреплении 

определенного  умения  или  навыка  проверяется,  но  по  усмотрению  учителя 

может не оцениваться. 

Порядок проверки письменных работ учащихся 

Тетради  учащихся,  в  которых  выполняются  обучающие  классные  и 

домашние работы, проверяются по литературе: 

- в 11 классе – не реже одного раза в месяц. 

Сочинения в 11 классе проверяются не более 10 дней. 

При  планировании  и  организации  внеклассной  работы  по  учебным 

предметам  рекомендуется  обратить  внимание  на  календарь  юбилейных  дат, 

которые будут отмечаться в 2019/2020  учебном году: 

3  августа  -  95  лет  со  дня  рождения  писателя  Анатолия  Георгиевича 

Алексина (1924-2017); 

10 августа  - 125 лет со дня рождения писателя и драматурга Михаила 

Михайловича Зощенко (1894-1958); 

13  августа  -  215  лет  со  дня  рождения  писателя  и  критика  Владимира 

Фёдоровича Одоевского (1804-1869); 

20  августа  -  120  лет  со  дня  рождения  русского  писателя  Андрея 

Платоновича Платонова (1899-1951); 

28  августа  -  270  лет  со  дня  рождения  немецкого  писателя  И.В.  Гёте 

(1749-1832); 

31  августа  -  270  лет  со  дня  рождения  писателя  А.Н.  Радищева  (1749-

1802);    

24  сентября  -  100  лет  со  дня  рождения  поэта,  писателя Балтабая 

Абдрахмановича Адамбаева (1919-1990); 

29  сентября  -  115  лет  со  дня  рождения  русского  писателя  Н.А. 

Островского (1904-1936); 

2  октября  -  80  лет  со  дня  рождения  детского  писателя, 

драматурга Алдихана Калдыбаева (1939-2015); 

3  октября-  195  лет  со  дня  рождения  русского  поэта  И.С.  Никитина 

(1824-1861); 


81 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



13  октября  -  120  лет  со  дня  рождения  русского  поэта  А.А.  Суркова 

(1899-1983); 

15  октября  -  125  лет  со  дня  рождения  известного  казахского  поэта, 

государственного  и  общественного  деятеля Сакена  Сейфуллина (1894-

1938); 

15  октября  -  210  лет  со  дня  рождения  русского  поэта  А.В.  Кольцова 



(1809-1842); 

15 октября- 205 лет со дня рождения русского поэта и драматурга М.Ю. 

Лермонтова (1814-1841); 

16 октября - 165 лет со дня рождения английского писателя О. Уайльда 

(1854-1900); 

18  октября-  85  лет  со  дня  рождения  писателя  и  историка  Кира 

Булычева (1934-2003); 

12  ноября  -  130  лет  со  дня  рождения  замечательной  русской 

поэтессы Анны Ахматовой (Горенко) (1889-1966); 

15  ноября  -  125  лет  со  дня  рождения  известного  казахского 

писателя Беймбета Майлина (1894-1938); 

20 ноября - 150 лет со дня рождения писательницы и поэтессы Зинаиды 

Николаевны Гиппиус (1869-1945); 

6  декабря  -  80  лет  со  дня  рождения  народного  писателя  Казахстана, 

государственного  и  общественного  деятеля Абиша Кекильбаева (1939-

2015); 


16  декабря  -  90  лет  со  дня  рождения  замечательной  казахской 

певицы Бибигуль Ахметкызы Тулегеновой (1929); 

25  декабря  -  80  лет  со  дня  рождения  казахской  поэтессы Фаризы 

Онгасыровой (1939-2014); 

30 декабря - 130 лет со дня рождения казахского писателя, драматурга, 

переводчика,  исследователя  литературы Жусупбека Аймауытова (1889-

1931). 


 

Шетел тілі 

 

11-сыныптарда  шетел  тілін  оқытудың  басты  мақсаты  -  білім 

алушыларды  жастар  туризмі,  мектептің  білім  беру  саласындағы 

мәдениетаралық  қарым-қатынасқа  дайындауда,  білім  саласында  өзіндік 

білімін көтеруде, Қазақстан Республикасында тұратын басқа ұлт өкілдерінің 

мәдениетімен,  тұрмыс-тіршіліктерінің  ерекшелігімен,  Қазақстанның  әлемдік 

мәдениетке  қосқан  үлесімен  танысуда,  мәдени  сұхбат  жасауда  шетел  тілін 

қарым-қатынас  құралы  ретінде  қолдану  қабілетін  және  дайындығын 

дамытудан тұрады. 

Шетел  тілін  меңгеру  заманауи  коммуникативтік  әдістер  көмегімен 

білім  алушылардың  интерактивті  дағдыларын  дамытуға  мүмкіндік  жасау 

және басқа адамдармен қарым-қатынас жасау негізінде жақсы коммуникатор 

болуына  мүмкіндік  береді.  Шетел  тілін  білетін  жақсы  коммуникативті 

дағдылары  бар  білім  алушылар  Қазақстан  елінің  дамуына  өз  үлестерін 



82 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



қосады. 

Қазіргі  әлемдегі  жаппай  жаһандық  коммуникация  кезеңінде  шетел 

тілінде қарым-қатынас жасай білу біліктілігі үлкен мәнге ие. Білім алушылар 

шетел  тілінде  оқи  білулері,  жаза  алулары  және  шетел  тілінде  өзінің 

қатарластарымен  және  мұғалімдерімен  түсінісіп,  жоғары  деңгейде  қарым-

қатынас  жасай  алулары  керек.  Шетел  тілі  коммуникация,  ғылым,  бизнес, 

саяхат,  спорт  салаларында  және  бос  уақытта  жиі  қолданылады.  Білім 

алушының шетел тілін жақсы меңгергені оның білім, экономика, әлеуметтік 

және мәдени тұрғыда дамуына зор мүмкіндік береді. 

Жалпы  орта  білім  беру  деңгейіндегі  «Шетел  тілі»  оқу  пәніндегі 

дағдылар деңгейі тілді меңгерудің жалпыеуропалық жүйесіне (CEFR) сәйкес 

келеді. 


Шетел тілін оқыту тәрбие, таным және басқа ұлттар мәдениетімен және 

оны  тасымалдаушылармен  өзара  әрекет  ету  құралы  ретінде  болашақта 

бәсекеге  қабілетті  маман  даярлау  үшін  білім  алушылардың  функционалдық 

сауаттылығын дамытуға, шетел тілін меңгеру дағдыларын одан әрі дамытуға 

бағытталған.  Шет  тілінде  ауызша,  жазбаша  нәтижелі  коммуникацияға 

қабілеттілік  функционалдық  сауаттылықты  дамыту  нәтижесі  ретінде  негізгі 

құзыреттіліктердің біріне жатады. Бұл орта мектептің жоғары сыныптарында 

шет тілін оқытудың мақсаттары мен міндеттері болып табылады. 

Орта  мектепті  аяқтау  кезеңінде  шетел  тілінде  білім  берудің  негізгі 

айырмашылығы  –  шетел  тілі  бейіндік  оқытуды  жүзеге  асырудың  құралы 

болып  табылуында.  Белгілі  бір  бейіндік  бағыт  оқыту  мазмұнын  қайта 

құрылымдау,  яғни  жалпы  білім  беру  тақырыбын  қысқарту  және  білім 

алушылардың болашақ мамандығына бағдарланған аутентті оқу материалын 

енгізу,  бейіндік  бағыттағы мәтіндік материал негізінде сөздік қорын байыту 

арқылы коммуникативтік құзыреттілікті жетілдіру есебінен қол жеткізіледі. 

Жоғары  сыныптарда  "Рухани  жаңғыру"бағдарламасын  жүзеге  асыру 

бойынша  жұмысты  жалғастыру  ұсынылады.  Бұл  деңгейде  қазіргі  әлемде 

және  Қазақстанда  шетел  тілін  білудің  маңыздылығы  мен  қажеттілігін, 

болашақ  мансабында  кәсіби  даму  үшін  үлкен  мүмкіндіктер  ашатынын 

түсінуді қалыптастыру қажет. 

Шетел  тілі  сабақтарындағы  аутентті  материалдарды  пайдалану  -  жас 

ерекшеліктері мен жоғары сынып білім алушыларының тұлғалық мүддесіне 

жауап  беруі,  кәсіптік  бағдар  элементтерімен,  таңдалған  мамандық 

ерекшеліктерімен  және  болашақ  мамандықты  меңгерудегі  шетел  тілінің 

рөлімен  танысуды,  ғылыми-техникалық  және  мәдени  прогреске  тартуды, 

таңдаған бейіндік бағыт саласындағы жалпы ой-өрісін кеңейтуді қамтамасыз 

етуі тиіс. 

Бейіндік  бағыттағы  оқу  материалдарымен  жұмыс  істеу  кейбір 

продуктивті, рецептивті  тілдік  минимумдарды ұлғайтуға, сонымен қатар әрі 

қарай  колледждер  мен  жоғары  оқу  орындарында  кәсіби  бағдарлы  базаны 

жалғастырып  оқуға  мүмкіндік  беретін  сөйлеу  қызметінің  барлық  түрінде 

білімін, шеберлігі мен дағдысын арттыруға бағытталған болуы керек. 

Оқытудың  мазмұнын  және  оқытудың  шығармашылық-креативті 


83 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



деңгейін  арттыруға  қабілетті  білім  беру  технологиялары  жалпыеуропалық 

стандартқа сәйкес шет тілін В1+ (В2) деңгейінде меңгеруді қамтамасыз етуі 

тиіс. Білім алушылар тілдік және сөйлеу тақырыптарын меңгеруі, әңгімелесу 

барысында  тілдік  материалды  пайдалануы,  белгілі  бір  тақырыптар 

шеңберінде  коммуникативтік  міндеттерге  сәйкес  ауызша  және  жазбаша 

түрдегі  монологиялық  және  диалогтік  сөздерді  оқуы,  түсінуі  және  ой 

қорытуы тиіс.  

Шетел тілі бойынша сағат саны: 

қоғамдық-гуманитарлық бағытта: 

11-сыныпта – аптасына 4 сағаттан, оқу жылында 136 сағатты; 

жаратылыстану-математикалық бағытта: 

11-сыныпта аптасына 2 сағаттан, оқу жылында 68 сағатты құрайды. 

Білім алушы дәптерлерінің саны мен түрлеріне, білім алушы дәптерін 

жүргізуге  қойылатын  негізгі  талаптарға  және  дәптерлерді  тексеруге 

қойылатын негізгі талаптарға берілетін ұсыныстар өзгеріссіз қалады. 

Ұсынылатын бақылау жұмыстарының нормалары. 

Алған  білімдерінің  динамикасы  мен  мониторингін  анықтау  үшін  оқу 

жылында  7  бақылау  жұмысын  жүргізу  ұсынылады.  Жаңа  форматтағы  ҰБТ 

стандартына  сәйкес  тестілеу  тапсырмаларын  40  сұраққа  дейін  көбейту 

ұсынылады.  Жұмыс  түрін  ҰБТ  жүйесі  бойынша  бағалау  ұсынылады:  «5» 

деген  баға  –  33-40  балл,  «4»  деген  баға  -25-32  балл,  «3»  деген  баға  –  9-24 

балл. 

№1 кіріспе тест. Бұл жұмыс түрі өткен оқу жылында алған білімдердің 



диагностикасы  мен  бақылауын  қарастырады,  тек  лексика-грамматикалық 

аспектілерді  қамтиды.  Тест  тапсырмаларының  саны  –  40,  жауаптар 

нұсқаларының  саны  –  5.  «2»  деген  бағаны  қою  ұсынылмайды,  өйткені  оқу 

жылының  бірінші  күндерінен  бастап  білім  алушының  пәнге  деген 

қызығушылығы мен ынтасы төмендеуі мүмкін. 

Шетел  тілі  бойынша  №  2  бақылау  жұмысы  –  1-тоқсан  қорытындысы 

бойынша алынады. Бұл бақылау жұмысы тіл дамытудың барлық бағыттарын 

есепке  ала  отырып,  1-тоқсанда  меңгерген  материалды  қамтиды.  Лексика, 

грамматика  бойынша  20  тапсырма,  тыңдалым  бойынша  –  10  тапсырма, 

оқылым бойынша – 10 тапсырма.  

Шетел  тілі  бойынша  №  3  бақылау  жұмысы  –  2-тоқсан  қорытындысы 

бойынша алынады. Бұл бақылау жұмысы тіл дамытудың барлық бағыттарын 

есепке  ала  отырып,  2-тоқсанда  меңгерген  материалды  қамтиды.  Лексика, 

грамматика  бойынша  20  тапсырма,  тыңдалым  бойынша  –  10  тапсырма, 

оқылым бойынша – 10 тапсырма.  

№  4  диагностикалық  тест.  Бұл  алдыңғы  екі  оқу  тоқсанда  алған  

білімдердің  бақылау  мен  динамикасын  қарастырады  және  лексика- 

грамматикалық  аспектіні  ғана  қамтиды.  Тест  тапсырмаларының  саны  –  40, 

жауаптар  нұсқаларының  саны  –  5.  «2»  деген  бағаны  қою  ұсынылмайды, 

өйткені  білім  алушының  пәнге  деген  қызығушылығы  мен  ынтасын  

төмендетуі мүмкін. 

Шетел  тілі  бойынша  №  5  бақылау  жұмысы  –  3-тоқсан  қорытындысы 



84 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



бойыша алынады. Бұл бақылау жұмысы  тіл  дамытудың барлық  бағыттарын 

есепке  ала  отырып,  3-тоқсанда  меңгерген  материалды  қамтиды.  Лексика, 

грамматика  бойынша  20  тапсырма,  тыңдалым  бойынша  –  10  тапсырма, 

оқылым бойынша – 10 тапсырма.  

Шетел  тілі  бойынша  №  6  бақылау  жұмысы  –  4-тоқсан  қорытындысы 

бойынша алынады. Бұл бақылау жұмысы тіл дамытудың барлық бағыттарын 

есепке  ала  отырып,  4-тоқсанда  меңгерген  материалды  қамтиды.  Лексика, 

грамматика  бойынша  20  тапсырма,  тыңдалым  бойынша  –  10  тапсырма, 

оқылым бойынша – 10 тапсырма.  

Шетел  тілі  бойынша  №7  бақылау  жұмысы  –  оқу  жылы  бойынша 

барлық  оқылған  тақырыптарды  қамтиды.  Лексика,  грамматика  бойынша  20 

тапсырма,  тыңдалым  бойынша  –  10  тапсырма,  оқылым  бойынша  –  10 

тапсырма.  

Ұсынылатын жазба жұмыстарының нормалары. 

Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жазба 

жұмыстарын, соның ішінде эссе жазу ұсынылады. Жұмыстың бұл түрі білім 

алушылардың  сын  тұрғысынан  ойлауын  және  жазылым  дағдыларын 

дамытуға мүмкіндік береді. Эссе жазуда (барлық артикль сөздерді, есімдіктер 

мен қосымшаларды ескере отырып) сөздердің келесі нормалары ұсынылады: 

11-сыныптарда 140-150 сөз. 

Оқытылатын пәнге деген ынта мен қызығушылықты арттыру үшін пән 

бойынша  үйірме  жұмысының  түрін  ұйымдастыруға  болады,  мысалы 

мәнерлеп  оқу  клубы.  Бұл  клубтың  мақсаты  -  шетел  әдебиетіне  деген 

қызығушылықты арттыру. Көптілділікті дамытатын «Полиглот» клубын құру 

ұсынылады. Клуб  мүшелерінің жиыны ең аз дегенде жылына 4 рет  болады, 

соңғы жиын – есеп беру. 

 

 

 

 

 

 


85 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



«МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА» БІЛІМ САЛАСЫ 

 

Жалпы  орта  білім  деңгейінде  «Математика  және  информатика»  білім 

саласы  бойынша  «Алгебра  және  анализ  бастамалары»,  «Геометрия», 

«Информатика» пәндері екі бағыт бойынша (жаратылыстану-математикалық 

бағыт және қоғамдық-гуманитарлық бағыт) оқытылады.  

Жаратылыстану-математикалық  бағыт  бойынша  математикадан  білім  

мазмұны  білім  алушылардың  бойында  қоршаған  әлем  туралы  біртұтас 

түсініктің  қалыптасуына,  білім  алушылардың  интеллектуалдық  қабілеттерін 

дамытуға  ықпал  ететін  жалпы  ғылыми  біліктерді  меңгеруіне  бағытталған. 

Кейбір  нақты  математикалық  жағдаяттардың  математикалық  моделін 

интерпретациялауда 

және 


құрастыруда 

қалыптасатын 

біліктілік 

жаратылыстану-математикалық 

бағытта 

шынайы 


процестер 

мен 


құбылыстарды,  теориялық  мәселелерді  зерттеуде  және  қолданбалы  есептер 

шығаруда қолданылады.  

Математиканы оқытуда қалыптасқан теориялық сұрақтар мен есептерді 

шешудің зерттеу аппараты жаратылыстану-математика пәндерін оқыту үшін 

үлкен рөл атқарады. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы сыныптарда 

математика  пәнін  оқыту  математикадан  білімі  мен  біліктілігінің  белгілі 

деңгейін  талап  ететін  мамандық  бойынша  оқу  орнында  білім  алушының 

оқуын жалғастыру мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.  

Қоғамдық-гуманитарлық  бағыттағы  сыныптарда  математика  курсын 

оқытудың ерекшелігі – адамды жалпы мәдени дамуға бағыттау, математика 

заңдарымен  таныстыру  және  қазіргі  заманауи  өмірде  еркін  бағдар  алуына 

қажетті  адамның  іс-әрекеттеріне  байланысты  математикалық  білім  мен 

біліктілікті  қалыптастыру  болып  табылады.  Бұл  курс  үшін  көптеген 

дәлелдеулері  бар  теориялық  деректер  берілмейді,  теоремалардың  қатаң 

түрде  дәлелдеулері  өте  аз  мөлшерде,  негізінен,  нақтылы  пайымдаулардың 

үлгілері  ретінде  беріледі,  түсіндірулер  көрнекіліктермен  негізделеді, 

жаттығулардың  күрделілігі  қарапайым  деңгейімен  шектеледі.  Курстың 

кейбір  дәстүрлі  бөлімдері  жалпыланған  түрде  (дәлелдеулерсіз,  түсініктер 

деңгейінде) оқытылады. 

Жалпы  орта  білім  беру  деңгейінің  жаратылыстану-математикалық 

бағыттағы  11-сыныптары  үшін  «Информатика»  пәнін  оқытудың  мақсаты 

қазіргі  кездегі  визуалды  программалау  технологиялары  мен  ақпараттық 

технологиялардың  теориялық  негіздері  бойынша  базалық  білім  жүйесін 

меңгеру,  сонымен  қатар  осы  құралдармен  жұмыс  істеу  дағдысын 

қалыптастыру  болып  табылады.  Мұнда  есептерді  шығару  базасында  оқыту 

жүйелік  және  алгоритмдік  ойлауды  дамытуға  бағытталған,  бұл  іс-әрекеттің 

үздіксіз жалғасы практикумдық жұмыс жасау болып саналады. 

Жалпы  орта  білім  беру  деңгейінің  қоғамдық-гуманитарлық  бағыттағы   

11-сыныптары  үшін  «Информатика»  пәнінен  оқыту  мақсаты  қазіргі  кездегі 

ақпараттық  технологиялардың  теориялық  негіздері  бойынша  базалық  білім 

жүйесін  меңгеру,  білім  алушыларды  ақпараттық  мәдениетін  қалыптастыру, 

ақпараттық-коммуникациялық  технологиялар  құралдарымен  жұмыс  істеу 



86 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



дағдысын 

қалыптастыру, 

білім 

алушыларды 



жаңа 

ақпараттық-

коммуникациялық  технологияларды  үнемі  пайдалануға  дағдыландыру, 

танымдық  және  зияткерлік  қабілеттерін  дамыту  болып  табылады.  Мұнда 

информатиканы  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  тереңдетіп 

оқытуға бағытталған.  

«Математика  және  информатика»  білім  саласының  пәндері  бойынша 

білім  сапасын  жетілдіру  мақсатында  келесі  педагогикалық  тәсілдерді 

қолдану  ұсынылады:  саралап  оқыту,  іс-әрекеттік  оқыту,  жеке  тұлғаға 

бағытталған оқыту, жүйелі оқыту. 

Білім алушылардың «Математика және информатика» білім саласының 

пәндеріне деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында жобалық әдістерге 

баса  назар  аудару  ұсынылады.  Әр  сыныптар  бойынша  жобалық  іс-әрекетті 

оқытуға  жеке  сағаттар  бөлінген.  Жобалау  технологияларын  қолдану 

информатика пәні бойынша ғана оқу сапасын көтеріп қоймайды, пәнаралық 

байланыс  жасайды.  Жобалық  іс-әрекеттерге  тақырыптарды  мұғалім  өз 

қалауы  бойынша  өткен  тараулардан  алуына  болады.  Жобамен  жұмыс  істеу 

барысында  білім  алушылар  топтасып  немесе  жеке  жұмыстарын  жоспарлау, 

мақсат  қою,  қажетті  ақпаратты  іздеу,  гипотезаны  ұсыну  және  дәлелдеу, 

эксперименттер жүргізу, жасаған жұмыстарын талдау және бағалау, сондай-

ақ, өз жобаларын қорғай алу біліктерін дамытады. 

2019-2020  оқу  жылындағы  11-сыныптарда  «Математика  және 

информатика» 

білім 


саласының 

пәндерінен 

өткізілетін 

бақылау 


жұмыстарының нормасы келесі кестеде берілген.  

 

12-кесте –Өткізілетін бақылау жұмыстарының нормасы 



 

Сынып 


Пән 

Аптадағы 

сағат саны 

Оқу 


жылындағы 

сағат саны 

Бақылау 

жұмыстарының 

нормасы 

11 ЖМБ 


Алгебра 

және 


анализ 

бастамалары 

102 


6-7 

Геометрия 

68 


4-5 

Информатика 

34 


4-5 

11 ҚГБ 


Алгебра 

және 


анализ 

бастамалары 

102 


5-6 

Геометрия 

34 


3-4 

Информатика 

34 


2-3 

 

Бақылау  жұмыстарына  пәндерге  сәйкес  жартыжылдық  және  жылдық 



бақылау жұмыстары, практикалық жұмыстар кіреді. 

Сыныпты екі топқа бөлу қалалық білім беру ұйымдарында сыныптарда 

білім алушылар 24-ке немесе одан артық, ауылдық жерлерде білім алушылар 

20-ға  немесе  одан  артық,  шағын  жинақты  мектептерде  кемінде  10-ға  толған 

жағдайдажүзеге асырылады. 

 

 



 

87 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



Математика бойынша қорытынды аттестаттау 

Қорытынды  аттестаттау  аясында  алгебра  және  анализ  бастамалары 

бойынша  жазбаша  емтихан,  қоғамдық-гуманитарлық  бағыт  үшін  5 

тапсырмадан,  жаратылыстану-математикалық  бағыт  және  математиканы 

тереңдетіп оқытатын мектептер (сыныптар) үшін 6 тапсырмадан тұрады. 

Тапсырмалар теориялық материалды, ұғымдар мен  тәсілдерді  меңгеру 

дәрежесін,  есептерді  шешу  біліктерін,  функционалдық  сауаттылық  деңгейін 

айқындауға бағытталған. 

Кез  келген  жазбаша  емтиханды  өткізу  барысында  басты  назар  оқыту 

бағытына,  емтихан  тапсырмаларының  мазмұнына,  жазбаша  жұмысты 

рәсімдеуге және бағалауға аударылуы керек. 

Алгебра 

және 

анализ 

бастамалары 

бойынша 

емтихан 

тапсырмаларының мазмұны туралы 

І. Жалпы білім беретін мектептердің 11-сыныптарында оқыту бағыттар 

бойынша  жүргізіледі,  сонымен  қатар  жекелеген  мектептерде  (сыныптарда) 

математика пәні тереңдетіліп оқытылады. Сондықтан емтихан тапсырмалары 

оқыту  бағыттарына  (қоғамдық-гуманитарлық  бағыт,  жаратылыстану-

математикалық 

бағыт, 

математиканы 



тереңдетіп 

оқыту) 


сәйкес 

құрастырылуы тиіс.  

ІІ.  Емтихан  тапсырмаларының  мазмұны  оқыту  бағытына  сәйкес 

«Алгебра  және  анализ  бастамалары»  пәні  оқу  бағдарламасының  барлық 

тарауларын қамтуы тиіс. 

 

13-кесте  –  «Алгебра  және  анализ  бастамалары»  пәні  бойынша  оқу 



бағдарламасының тараулары 

 

Қоғамдық-гуманитарлық 



бағыт 

Жаратылыстану-

математикалық бағыт 

Математиканы тереңдетіп 

оқыту 

11-сынып 



Алғашқы 

функция 


және  

интеграл 

Алғашқы  функция  және  

интеграл 

Алғашқы  функция  және  

интеграл 

Дәреже 

және 


түбір. 

Дәрежелік функция 

Дәреже 

және 


түбір. 

Дәрежелік функция 

Дәреже 

және 


түбір. 

Дәрежелік функция 

Көрсеткіштік 

және 


логарифмдік функциялар 

Көрсеткіштік 

және 

логарифмдік функциялар 



Көрсеткіштік 

және 


логарифмдік функциялар 

Көрсеткіштік 

және 

логарифмдік  теңдеулер  мен 



теңсіздіктер 

Көрсеткіштік 

және 

логарифмдік  теңдеулер  мен 



теңсіздіктер 

Көрсеткіштік 

және 

логарифмдік теңдеулер мен 



теңсіздіктер 

 

Теңдеулер 



және 

теңсіздіктер,  теңдеулер  мен 

теңсіздіктер жүйелері   

Теңдеулер 

және 

теңсіздіктер, теңдеулер мен 



теңсіздіктер жүйелері  

 

ІІІ.  Көрсетілген  тарауларды  ескере  отырып,  емтихан  жұмыстарының 



тапсырмаларын    «Есептеулер»,  «Өрнектерді  тепе-тең  түрлендіру», 

«Теңдеулер  мен  олардың  жүйелері»,  «Теңсіздіктер  мен  олардың  жүйелері», 

«Функция  және  оның  графигі»,  «Мәтіндік  есептер»  бөлімдері  бойынша 


88 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет