Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы
бағалауды (ТЖБ) және бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің
нақты санын жүргізуді көздейді. 1 сыныпта пән бойынша жиынтық бағалау
үшінші тоқсаннан басталады. Төменде бөлім / ортақ тақырып үшін жиынтық
бағалау рәсімдерінің саны көрсетілген.
37-кесте. «Шетел тілі/Ағылшын тілі» пәні бойынша жиынтық бағалау
процедураларының саны
Сыныптар
Бөлімдер/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің
саны
1-тоқсан
2-тоқсан
3-тоқсан
4-тоқсан
1-сынып
-
-
2*
2*
2-сынып
2*
2*
2*
2*
3-сынып
2*
2*
2*
2*
4-сынып
2*
2*
2*
2*
* Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауда сөйлеу
қызметінің екі түрі біріктіріледі (мысалы, тыңдалым және айтылым; оқылым
және жазылым)
«Шетел тілі» пәні бойынша сыныпты екі топқа бөлу мектептің
шешімімен жүзеге асырылады. Инклюзивті білім беруді іске асыру кезінде
сыныптарды топтарға бөлу ерекше білім беру қажеттілігі бар әрбір балаға
оқушылардың жалпы санын үшке азайту есебінен жүзеге асырылады.
«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» БІЛІМ САЛАСЫ
«Жаратылыстану» білім саласының мазмұнында «Жаратылыстану»
пәні ұсынылады.
«Жаратылыстану»
«Жаратылыстану» пәнінің мазмұны «Адам – Табиғат» ғылыми білім
жүйесі аясында қарапайым деңгейді қамтамасыз етеді.
Бастауыш мектепте «Жаратылыстану» пәнін оқу және меңгеру
қоршаған әлемнің күрделілігі мен көпқырлылығын, сондай-ақ табиғи
құбылыстар мен процестердің өзара байланысын; жанды және жансыз
табиғатта болып жатқан кейбір табиғи құбылыстар мен процестердің
себептерін; жаратылыстану- ғылыми білімнің адамның көптеген іс-әрекет
түрлері үшін маңыздылығын; алуан түрлі практикалық және зерттеу
әрекеттері арқылы алынған білімнің күнделікті өмірмен байланысын түсінуге
бағытталған.
«Жаратылыстану» оқу пәні пропедевтикалық курсымен оқу пәндерінің
«Биология», «Физика», «География» және «Химия» пәндерінен білім беруден
кейінгі деңгейлерде, сондай-ақ негізгі зерттеу дағдыларын қалайды, кез
келген сала үшін маңызды болып табылады.
«Жаратылыстану» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 1-сыныпта
145
Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы
– аптасына 1 сағаттан, оқу жылында – 33сағатты, 2-сыныпта – аптасына 1
сағаттан, оқу жылында – 34 сағатты, 3-сыныпта – аптасына 2 сағаттан, оқу
жылында – 68 сағатты құрайды.
Ұзақ мерзімді жоспардың «Жанды табиғат», «Заттар және олардың
қасиеттері», «Жер және ғарыш», «Табиғат физикасы» бөлімдерінің
әрқайсысы «Мен – зерттеушімін» бөлімше мақсаттарымен кіріктірілген, ол
білім алушылардың білік және дағдыларын қалыптастыруға және дамытуға
бағытталған.
«Жаратылыстану» оқу пәнін оқыту және мақсаттарын іске асыру
кезінде
экологиялық
қауіпсіздік
мәселелеріне,
денсаулық
сақтау
технологияларына, зілзалалардың қауіп-қатерін азайту мен қауіпсіз ортаны
құру мәселелеріне ерекше назар аударылуы тиіс.
«Жаратылыстану» оқу пәнін оқыту барысында әр тоқсанда жиынтық
бағалау рәсімдерінің нақты саны қарастырылған.
38 -кесте – «Жаратылыстану» оқу пәні бойынша жиынтық бағалау
рәсімдерінің саны
Сыныптар
Жиынтық бағалаудың рәсімдері
І
тоқсандағы ЖБ
саны
ІІ
тоқсандағы ЖБ
саны
ІІІ
тоқсандағы ЖБ
саны
ІV
тоқсандағы
ЖБ саны
1-сынып
-
-
2
2
2-сынып
2
2
2
2
2-сынып
2
2
2
2
«АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ» БІЛІМ САЛАСЫ
Өзін-өзі тану
«Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқу үдерісінің басты міндеті: әрбір
адамның табиғатына салынған жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа
шығару; қоғамға қызмет етуге бағытталған мәселелерді шығармашылықпен
шешудің іс жүзіндегі дағдыларын, тұлғаның құндылықтар жүйесін
қалыптастыру; білім алушылардың әлеуметтік мәнді бағдарларын, яғни
адамның өзіне, қоршаған әлемге, жалпы адамзатқа қатысына себепші
болатын адамгершілік тәртіп негіздерін қалыптастыру.
Бастауыш мектеп білім алушыларының жас ерекшеліктерін ескере
отырып пәннің негізгі базалық мазмұны төмендегі тарауларға сәйкес келеді:
«Ғасырлар даналығы», «Ынтымақты отбасы», «Адам болам десеңіз...»,
«Әсемдік әлемінде!» 4-сыныпта 25-26 сабақтардың тақырыбы «Табиғаттың
жандандыратын күші», 27-28 сабақтардың тақырыбы «Жанды су».
Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: аптасына 1 сағат, бір
жылға 1-сыныпта 33 сағат, 2-4 сыныптарда – 34 сағат.
Оқушылардың білімін бағалау. Пән бойынша оқушылардың білім
146
Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы
сапасын бағалау 1-4 сыныптар бойынша «Өзін-өзі тану» пәніне арналған оқу
бағдарламасында берілген «Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын
талаптар» негізінде жүргізіледі.
Рухани-адамгершілік білім берудің ерекшеліктеріне сәйкес сандық
емес, сапалық баға маңызды, сондықтан әрбір жартыжылдықтың
қорытындысы бойынша «сынақ» бағасы қойылады. «Оқушылардың
дайындық деңгейіне қойылатын талаптар» пән бойынша сынақ қоюдың
критериі қызметін атқарады. Егер оқушылардың дайындық деңгейіне
қойылатын барлық талаптар орындалса, оқушыға «сынақ» қойылады.
147
Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы
4.2
5-9-СЫНЫПТАРДА
ЖАҢАРТЫЛҒАН
БІЛІМ
МАЗМҰНЫ
БОЙЫНША ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Назар аударыңыз!
Мұғалімдер бір бөлім көлеміндегі тақырыптардың оқытылу ретін
және әр тақырыпты оқытуға берілетін сағат санын өздерінің
мүмкіндіктеріне қарай анықтай алады.
ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ БІЛІМ САЛАСЫ
«Тіл және әдебиет» білім саласына «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті»,
«Орыс тілі», «Орыс әдебиеті», «Ана тілі», «Ұйғыр/Өзбек/Тәжік әдебиеті»,
«Шет тілі» оқу пәндері және «Абайтану» курсы кіреді.
Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде)
«Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» оқу пәндерін оқытуда оқу
процесін ұйымдастырудағы ерекшеліктер
2019-2020 оқу жылында «Қазақ тілі» пәні бойынша 5-9-сыныптар
жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламаларымен оқитын болады.
Жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы ұлттық және
халықаралық тәжірибелердің ең үздік үлгілерін басшылыққа алып жасалған.
Дәл бүгінгі таңда жаһандану дәуірінің ұлттық құндылықтарға төндіріп
тұрған қаупі үнемі қаперде болуы ескеріліп, бүкіл ұлттық құндылықтардың
ұйытқысы қазақ тілін оқытуда басшылыққа алынған тенденциялар, оларды
жүзеге асыру жолдары мен тірек қағидалары мыналар:
1) қазақ тілін оқытуды мемлекеттің даму стратегиясымен бірлікте
қарау;
2) тілді оқытуды белгілі бір пәндік дағдыларға емес, білім алушының
тұлғалық қабілеттерін дамытуға бағыттау;
3) тілдік білім мен біліктерді ХХІ ғасыр адамының бойында сөйлеу
мәдениетін, ойлау мәдениетін және адамгершілік мәдениетті қатар дамытуға,
қарым-қатынас мәдениетін бейімдеп, құзіреттіліктер қалыптастыруға бұру;
4) тілді ұлт болашағының мәдени иммунитетін қалыптастырудың
тетігі ретінде оқыту. Тілге деген жауапкершілік пен патриотизмді
тәрбиелеуге жаңа прагматикалық көзқарас тұрғысынан келу, тілді оқытудың
құндылықтық бағдарын сабақ барысында күшейту.
«Қазақ
тілі»
пәнінің
оқу
бағдарламасы
функционалдық-
коммуникативтік бағытқа негізделіп құрастырылды. Ол оқушылардың тіл
туралы түсініктерін тереңдетіп, ұлттық мәдениет пен әлемдік мәдениеттің
маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейтеді.
Негізгі орта білім беру деңгейінің жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу
бағдарламалары Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының
сайтында орналастырылған (https://www.nao.kz/Білім беруді оқу-әдістемелік
қамтамасыз ету/ Оқу бағдарламалары/ Негізгі орта білім беру деңгейінің
148
Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы
жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламалары. Қазақ тілі).
Білім мазмұнын ұйымдастырудағы ерекшеліктер:
5-9-сыныптарда оқу процесі «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған
жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің
үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым
министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрі міндетін
атқарушысының 2017 жылғы 25 қазандағы № 545 бұйрығымен (ҚР Әділет
министрлігінде 2017 жылы 13 қарашада № 15982 тіркелген) бекітілген
«Негізгі орта білім беру деңгейінің «Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған
мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасымен жүзеге асырылады.
Ұзақ мерзімді жоспар оқу бағдарламасының құрамына енгізілді және
ұзақ мерзімді жоспарда әр сынып бойынша оқылатын шығармалар, тілдік
дағдылар бойынша күтілетін нәтижелер оқу мақсаттары түрінде нақты
көрсетілді.
«Қазақ тілі» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
1) 5-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;
2) 6-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;
3) 7-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;
4) 8-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;
5) 9-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат.
«Қазақ тілі» пәнін оқыту мақсаты – жалпы білім беретін негізгі
мектептерде ана тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға
қалыптастыру және қазақ әдеби тілі нормаларын сақтап, дұрыс қолдана
білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету.
«Қазақ тілі» пәні бойынша жаңартылған мазмұндағы бағдарламаның
қолданыстағы бағдарламадан ерекшелігі қазақ тілін функционалдық-
коммуникативтік тұрғыдан оқытуға назар аударылып, төрт дағдыға
негізделген:
1) тыңдалым және айтылым;
2) оқылым;
3) жазылым;
4) әдеби тіл нормаларын сақтау.
«Тыңдалым және айтылым» бөлімі оқушылардың төмендегі
дағдыларды үйренуіне мүмкіндік береді:
- берілген ақпаратты түсіну;
- негізгі идеяны және түрлі жағдайлар тұрғысынан мәтіндегі көптеген
көзқарастарды анықтау;
- тыңдалған материалға жауап беру;
- жасырын мәтінді анықтау, болжау;
- қоғамдық және іскерлік жағдайлардағы тіл мәдениетін түсіну және
іске асыру;
- тыңдаушылардың назарын аудару үшін әдеби тәсілдерді пайдалану;
- тыңдалған материалды бағамдау;
- мультимедиа ресурстарын пайдалана отырып, сөйлеу және тыңдау.
149
Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы
«Оқылым» бойынша:
- жазбаша ақпаратты түсіну;
- мәтіннің негізгі идеясы мен құрылымын анықтау;
- мәтіндегі лексиканың ерекшеліктерін түсіну;
- сұрақтарды тұжырымдау және бағамдау;
- мәтіннің түрлері мен стилін анықтау;
- әртүрлі оқылым стратегияларын пайдалану;
- түрлі ақпарат көздерінен қажетті ақпаратты алу;
- мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау.
«Жазылым» бойынша:
- өз көзқарасын білдіре отырып мәтін жазу;
- тиісті стильді пайдалана отырып, алуан түрлі тақырып бойынша мәтін
жазу;
- жоспар құру;
- өзіндік стильде мәтін құру;
- тыңдалым, оқылым және аудиовизуалды материалдар негізінде
шығармашылық жұмыс жазу;
- түрлі жанрда мәтін құру;
- мәтіндерді салыстыру;
- мәтіндерді түзету және түрлендіру;
- оқырманның қызығушылығын оятып, сендіріп жазу;
- эссе жазу.
«Әдеби тіл нормаларын сақтау» бөлімі аясындағы бөлімшелер
оқушылардың төмендегі дағдыларды үйренуіне мүмкіндік береді:
- орфографиялық норма;
- орфоэпиялық норма;
- лексикалық норма;
- грамматикалық норма;
- пунктуациялық норма.
Оқыту мақсаттары мұғалім мен білім алушыларға болашақ қадамдары
туралы өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік беретін
бірізділік пен сабақтастықты көрсететін 4 бөлімнен тұрады және олардың
жүйесі бірізді, оңайдан қиынға қарай, шиыршық принципі сақталып
жасалған.
Оқу мақсаттарымен жұмыс жүргізу жолдары:
оқу жоспарында көрсетілген оқыту мақсаттары оқушыларды,
тыңдалым және айтылым, оқылым, жазылым әрекеттерін қамти отырып,
коммуникативтік дағдыларын сенімді қалыптастыруға, сол негізде сыныпты
аяқтағанда күтілетін нәтижеге қол жеткізуге бағытталған;
мұғалім сабақ жоспарын құруда лексикалық тақырыпты басшылыққа
ала отырып, сынып деңгейіне, тақырып қажеттілігіне қарай бір академиялық
сағатта бір немесе екі коммуникативтік әрекетті негіз етіп алады, ал басқа
коммуникативтік әрекеттер жанама түрде қолданыла береді. (Мысалы,
тыңдалым/ айтылым, оқылым/ жазылым);
әрбір әрекет бірнеше оқу мақсаттары арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
150
Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы
Сабақ жоспарын құру барысында коммуникативтік әрекеттің барлық түрін
бір деңгейде қатар алмаған дұрыс. Олардың бірі не екеуі негізгі болса, қалған
екеуі жанама түрде дамытыла береді. Мұғалім орта мерзімді жоспарда
ұсынылған лексикалық тақырыпқа бөлінген оқу мақсаттарының орын
тәртібін сабақ түрі мен әдістерінің қажеттілігіне қарай өзгерте алады.
Бағдарлама оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға,
сыни тұрғыдан ойлау дағдысын дамытуға ықпал етеді.
«Қазақ тілі» пәнінің оқу бағдарламасында оқушылардың жас
ерекшеліктеріне сай қызықты болатын, өмірмен байланысты лексикалық
тақырыптар ұсынылды. Мысалы, «Ғарышты игеру», «Қызыл кітапқа енген
жануарлар», «Энергия ресурстары» , «Туризм. Экотуризм», «Театр», «Заң»
бөлімдеріне қатысты лексикалық тақырыптар оқушының белсенді сөздік
қорын байытуға, алған білімін күнделікті өмірде қолдана алуға, өз ойын
ашық, еркін жеткізе білуге мүмкіндік береді.
Бағдарламада әртүрлі оқыту сатыларында өмірлік маңызды міндеттерді
шешу үшін қажетті дағды мен қабілеттерді бірізді және кезеңдік дамыту
жүреді.
Ақпаратты талдау, жалпылау, жіктеу, сондай-ақ әртүрлі жанрда және
стильдерде мәтіндер жазу, жеке, іскерлік хат жазысуды жүргізу, түйіндеме,
мақала, аннотация, тезис құрастыру, берілген тақырып бойынша эссе жазу
дағдылары мен қабілеттерін жетілдіру тілді оқуды ынталандыруға септігін
тигізеді.
Бағдарлама мазмұнына түрлі санаттағы мәтіндермен жұмыс істеу
түрлері енгізілді. Мысалы, оқылымның «Мәтіннің стильдік ерекшелігін
тану» оқу мақсатын жүзеге асыру үшін 5-сынып оқушылары ауызекі сөйлеу
және жазба стильдегі мәтіндердің айырмашылықтарын таныса, одан жоғары
сыныптарда әртүрлі стильдегі мәтіндердің тілдік құралдарын анықтайды.
Оқу мақсаттарын жүйелі түрде жүзеге асырудың нәтижесінде оқушылардың
мәтінді талдау дағдысы қалыптасады. Білім алушы табиғат пен қоршаған
ортаны тануда, күнделікті тұрмыс-тіршілікте кездесіп қалатын табиғи
құбылыстардың сырын ашуда, ой бөлісуде, пікір алмасуда тілді құрал ретінде
пайдаланып, грамматикалық заңдылықтар мен формаларды дұрыс қолдана
білуге үйренеді. Білім алушылар грамматиканы дәстүрлі «жаттанды» әдіспен
емес, өмірмен байланысты мәнмәтінде меңгереді. Ол оқу бағдарламасында
сөйлеу әрекеті түрлері бөлімінен бөлек «Әдеби тіл нормалары» бөлімінде
көрініс табады.
Грамматика бөлек қарастырылмай, лексикалық тақырыптар аясында
әдеби тілдік норма арқылы функционалдық-коммуникативтік мәнмәтінде
оқытуға бағытталған. Грамматикалық бірліктердің мәтінді құруға қатысуда
қандай функционалдық мағыналық қызмет атқарғанын таныту міндеті
жүктеледі.
Мәтінді оқыту кезеңдері:
Мәтіналды (тыңдалым, оқылымалды) тапсырма:
мәтін тақырыбын ашуға бағытталған тапсырмалар, ой шақыру, сөздерді
алдын-ала үйрету, мәтін мазмұнын болжауға байланысты сұрақтар қою, т.б.
151
Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы
Мәтінмен жұмыс тапсырмалары:
әртүрлі
оқылым/тыңдалым
дағдыларын
дамытуға
арналған
тапсырмалар (сұрақтар). Алғашқы тапсырмалар жалпы мазмұнын түсінуге
бағытталса, кейінгі жаттығулар нақты ақпаратты табуға арналуы тиіс.
Мәтіннен кейінгі тапсырма:
мәтінде көтерілген мәселеге, ақпараттарға байланысты талқылау
сұрақтары. Мұндағы сұрақтар олар үйренген жаңа сөздерді, мәтінде
кездестірген
сөздерді
қолдана
отырып,
жауап
бере
алатындай
ұйымдастырылуы қажет. Сонымен қатар сұрақтар оқушылардың өмірлік
тәжірибесімен де байланысып, өз көзқарастарын білдіруге мүмкіндік бере
алатындай жасалуы керек.
«Қазақ тілі» пәнінің жаңартылған оқу бағдарламасы оқушысына қазақ
тілін ана тілі ретінде тілдік қатынас және таным құралы ретінде оқытуды,
сөз, сөз тіркесі, сөйлемнің мәтін түзімдік қызметін танытуды, тілдік
бірліктердің табиғатына сай мәтін құратуды, мәтін құратудағы
заңдылықтарды үйретуді, тілдік жағдаяттарда ауызша және жазбаша
сөйлеудің нормаларын меңгертуді, әсерлі сөйлеудің лексика-грамматикалық
тәсілдерін меңгертуді көздейді.
Күнделікті сабақ
жоспарын құруда назар аударатын
мәселелер:
1) ұзақ мерзімді жоспарда көрсетілген оқу мақсаттары арқылы
оқушылардың тілдік дағдылары дамытылып, жетілдіріліп отырады және
тарау аяқталған соң сол дағдылар бойынша бағаланады;
2) мұғалім сынып ерекшелігін ескере отырып, бір тарау барысында оқу
мақсаттарының ретін, оларға ұсынылатын сағат санын өзі таңдап жоспарлай
алады және мектеп журналына белгілі бір тарау бойынша ұсынылған
тақырыпшаларды жазған дұрыс;
3) бір сабаққа таңдалатын оқу мақсатының саны 1-3 аралығында
болуы қажет, үштен артық мақсат таңдалса оқушыға қиын тиеді және оны
жүзеге асыру мүмкін болмайды;
4) қалыптастырушы және жиынтық бағалау оқу мақсаттарында
көрсетілген дағдылар бойынша жүзеге асады;
5) күрделі деп танылған оқу мақсаттарын мұғалім сабақ мақсатына
қарай бейімдейді және бірнеше бөлікке бөліп, бірнеше сабаққа жоспарлай
алады;
6) бір сабақта сөйлеу әрекетінің бір немесе екі түрі ғана таңдалады.
Егер сөйлеу әрекетінің екі түрін таңдаған кезде рецептивті (тыңдалым,
оқылым) продуктивті дағдыға шығып отыруы қажет. Яғни оқушы тыңдаған
не оқыған материал негізінде ауызша/жазбаша тапсырмалар орындауы қажет;
7) тыңдалым және оқылым дағдыларын қалыптастыру барысында
мәтін кезеңдерін (мәтіналды кезең, мәтінмен жұмыс кезеңі, мәтінсоңы кезеңі)
қатаң сақтау қажет;
8) жазылым және айтылым дағдыларын қалыптастыру барысында
оқушыларға тақырып бойынша үлгі мәтіндер берілуі керек;
152
Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы
9) айтылым (диалог, монолог, полемика), жазылым (хат, хабарлама,
мақала, т.б.);
10) грамматика
коммуникативтік контексте оқытылады, яғни
грамматика теориясынан гөрі оның функционалдығына, оқушылардың тілдік
бірліктерді ауызша және жазбаша түрде орынды қолдана білуіне аса мән
беріледі;
11) лексикалық тақырыптар бойынша материал таңдау барысында
қазақ тілі пәні мұғалімінің басты міндеті оқушының сол тақырып бойынша
тілдік қорын байыту, тақырып бойынша ақпараттар бере отырып, шынайы
өмірмен байланыс орнату, пәнаралық байланысты жүзеге асыру барысында
оқушылардың академиялық сөздерді орынды қолдана білуіне ықпал ету.
Сабақ жоспарын құрастыру барысында оқушылардың деңгейі мен
қажеттілігіне сай әдеби тіл нормаларын қалыптастыруға назар аударған
дұрыс. Тілдік бірліктер мен құрылымдарды, яғни грамматиканы оқыту
коммуникативтік контекст негізінде жүзеге асырылуы керек. Яғни мұғалім
тіл туралы білім қалыптастырудан гөрі тілдік қолданыс, грамматиканың
функционалдығына назар аударуы тиіс.
«Қазақ тілі» пәні бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны
Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық
бағалау (БЖБ) рәсімінің нақты санын және әр тоқсан сайын 1 рет тоқсандық
жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. Төменде оқу пәнінен
бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты
саны көрсетілген.
39-кесте. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаурәсімдерінің
саны
Сынып
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаурәсімдерінің саны
1-тоқсан
2-тоқсан
3-тоқсан
4-тоқсан
5-сынып
2
2
2
2
6-сынып
2
2
2
2
7-сынып
2
2
2
2
8-сынып
2
2
2
2
9-сынып
2
2
2
2
Ескертпе: Тілдік пәндерде бөлім бойынша жиынтық бағалауда сөйлеу
қызметінің екі түрі біріктіріледі (мысалы, тыңдалым және айтылым; оқылым
және жазылым)
Достарыңызбен бөлісу: |