Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы
дәрігерлік көмек көрсету ережелерімен танысады.
Әрбір оқу орнында меншік түрі мен формасына қарамастан АӘД
бойынша келесі оқу-материал базасы құрылады және жетілдіріліп отырады:
1) қамтамасыз ету табеліне сәйкес көрнекі құралдар, АӘД оқытудың
көрнекілік, техникалық құралдарымен, стендтермен жабдықталған оқу
бөлмесі;
2) алғашқы әскери дайындық, өмір қауіпсіздігінің негіздері және
азаматтық қорғаныс, медициналық білім бойынша арнайы жабдықтарды
сақтауға арналған бөлме;
3) саптық дайындық бойынша сабақ өткізу алаңы;
4) рота бойынша күндізгі кезекшінің міндеттерін іс жүзінде үйрететін
орын;
5) сақшының міндеттерін үйретуге арналған орын;
6) тактикалық алаң;
7) кедергілерден өту жолының кешені;
8) жабдықталған ату тирі;
9) әскери және еңбек даңқының бұрышы.
Оқу орындарын қару және өзге де әскери-техникалық құралдар
макеттерімен, оқу құралдарымен қамтамасыз ету оқу орнының есебінен іске
асырылады.
Алғашқы әскери дайындықты оқытушы-ұйымдастырушы әскери іс
негіздерін оқыту үдерісінде жастардың бойында азаматтық таным, Қазақстан
Республикасының тәуелсіздігін қорғау қажеттілігіне деген сенімділік, әскери
қызметке деген саналы жауапкершілікті қалыптастыру секілді тәрбиелеу мен
оқытудың басты міндеттерін шешеді. Әр сабақ сайын жастардың әскери
анттың рөлі мен маңызын түсінулеріне, Қазақстан Республикасы Қарулы
Күштеріне, оның дәстүрлері мен әскер түрлерінде қызмет ету
ерекшеліктеріне, әскери мамандыққа деген қызығушылықтарын дамытып,
жастардың әскери білім алуларына деген ұмтылыстарын ынталандыру керек.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жарғылары –
бұл Әскери Күштердің тұрмыс-тіршіліктерін реттестіретін құжаттар
жиынтығы, ал жарғы талаптарын орындау – әрбір әскери қызметкердің
міндеті екендігін түсіндіру қажет.
Саптық дайындық бойынша сабақтар арнайы алаңда (плацта)
өткізіледі. Практикалық сабақтарды өткізу кезінде оқушыларды үйрету
әдістемесіне (оқытушының саптық тәсілді тұтас және бөлшектеп көрсетуі
мен оқушылардың жаттығуы) баса назар аударылады.
Оқушылардың бойында саптық дайындық элементтерін орындау
дағдыларын шыңдау басқа пәндерді оқу кезінде, сондай-ақ алғашқы әскери
дайындық бойынша сыныптан тыс іс-шаралар кезінде де жалғасады.
«Өмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсының мазмұны 10-11-
сыныптарда «Алғашқы әскери дайындық» оқу курсының аясында 25
сағаттық жылдық оқу жүктемесімен алғашқы әскери дайындық пәнінің
оқытушы-ұйымдастырушысы жүзеге асырады. 11-сыныпта оқушылар
азаматтық қорғаныс және медициналық білім негіздері сабақтарында бейбіт
113
Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы
уақытта және соғыс кездерінде, табиғи апаттар, ірі көлемдегі зілзалалар және
жаудың қазіргі заманғы қырып-жою қаруларын қолданған кезде Қазақстан
Республикасының халқын қорғау бойынша іске асырылатын іс-шаралар
үйретіледі. Сонымен қатар төтенше жағдайлар пайда болған аудандарда және
зақымдану ошақтарында қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ
жарақаттанған адамдарға алғашқы дәрігерлік көмек көрсету ережелерімен
танысады.
Өмір қауіпсіздігінің негіздері бойынша сабақтар міндетті болып
табылады және оқу процесі кезінде жүргізіледі.
Сабақтың, сабақтан тыс және сыныптан тыс іс-шаралардың
тәрбиелік мақсатын «Мәңгілік Ел» идеясымен ұштастырып жүзеге асыру
ұсынылады.
«Алғашқы әскери дайындық» пәні бойынша сыныптан тыс
жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2019-2020 оқу
жылында мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады.
Оқушылардың алғашқы әскери дайындық бойынша қорытынды
тексеру сынақтарын орындаулары оқу процесінің қажетті элементтерінің бірі
болып саналады, сабақта алынған білімді бекітуге және тереңдетуге, спортқа,
әскери істерге қызығушылықтарын қалыптастырады, дене шынықтыруды
жетілдіреді.
«Алғашқы әскери дайындық» пәні бойынша оқу жүктемесі:
11-сыныпта – аптасына 1 сағат, жылына барлығы 34 сағатты құрайды.
114
Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы
4 ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БЕРУ
ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (1-4, 5-9, 10 -
СЫНЫПТАР)
4.1 1-4 СЫНЫПТАРДА БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2019-2020 оқу жылында 1-3-сыныптар жаңартылған білім мазмұнының
оқу бағдарламаларымен және жоспарларымен оқитын болады.
Еліміздің жалпы білім беру ұйымдарының бастауыш мектептерінде оқу
процесі ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604
бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру
стандартына сәйкес жүзеге асырылады.
ББ МЖМС талаптарын негізге ала отырып, бастауыш білім беру білім
алушыларды жан-жақты дамытуды, қоғамда өзіне лайықты орнын табуға
қабілеттіжеке тұлғаның қалыптасуы үшін негіз қалауды, оқыту мен
тәрбиелеусапасын арттыруды, қолданбалы сипаттағы тапсырмаларды шешу
үшін алған білімдерін қолдана білуін дамытуды қамтамасыз етуі тиіс.
Бастауыш мектептегібілім беру процесі ҚР білім беру саласындағы
қолданыстағы нормативтік-құқықтық базаға сәйкес жүзеге асырылады.
Оқу пәндері бойынша жаңартылған оқу бағдарламаларының мазмұны
несімен ерекшеленеді:
- оқу бағдарламасы «спиральділік» қағидаты негізінде әзірленген,яғни
тақырыптар мен сыныптар бойынша білім мен білік бірте-бірте өсіп,
дағдылар күрделеніп отырады;
- оқыту мен тәрбие бірлігі қағидатын іске асыруды қамтамасыз етеді;
- үштілді білім беруді іске асыру көзделген;
- пәндер бойынша күтілетін нәтижелер түрінде оқыту мақсаттарының
жүйесі берілген;
- пәндік білім, білік және дағдылардың кең спектрін қалыптастыруға
бағытталған: білімдерін функционалдық және шығармашылық қолдану, сын
тұрғысынан ойлау, жобалау және зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды пайдалану, қарым-қатынастың әртүрлі
тәсілдерін қолдану, жеке және топта жұмыс жасай білу, проблемаларын
шешу және шешім қабылдау;
- ортақ тақырыптардың болуы;
- негізгі құндылықтар негізінде кең спектрлі дағдылармен бірлікте жеке
тұлғалық қасиетті дамыту: «қазақстандық патриотизм және азаматтық
жауапкершілік», «құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек пен шығармашылық»,
«ашықтық», «өмір бойы білім алу».
Жаңартылған оқу бағдарламаларының маңызды сипаттамасы олардың
икемділігі мен әмбебаптылығыболып табылады. Мұғалімдерге сағат саны
мен бөлімшелерді оқытудың бірізділігін, бөлім мен тиісті тоқсан аясында
тақырыптарды немесе оқыту мақсаттарын өз бетінше анықтауға мүмкіндік
115
Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы
беріледі.Мұғалімдер бірнеше оқыту мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған
тапсырмалар әзірлей алады. Оқу бағдарламасы мұғалімдерге оқыту
мақсаттарына жетуге жетелейтін жиынтықта бірнеше сабақтың/сабақтардың
мақсаттарын
орындаудаоқыту
мақсаттарын
өзгертуге
мүмкіндік
береді.Мұғалім жоспарлау кезінде оқу материалын қайталау және бекіту
сабақтарын алдын ала қарастыруы қажет. Шешім мұғалімдердің оқу-
әдістемелік бірлестіктерінде
алқалы түрде қабылдануы мүмкін.
Тілді оқытудың негізі білім алушылардың әр оқу пәнінің құралдары –
әртүрлі оқу жағдаяттарында біліммен және дағдылармен алмасу, тілдік және
сөйлеу нормаларының жүйесін дұрыс қолдану арқылы сөйлеу қызметін
дамытудың жетекші қағидаты ретінде қарастырылатын коммуникативтік
тәсіл болып табылады.
Тілдерді оқыту сөйлеу қызметінің төрт түрін дамыту арқылы жүзеге
асырылады: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым. Мұғалімге білім
алушылардың сөйлеуін дамытуға ықпал ететін, оларға жақын табиғи
жағдаяттар негізінде оқыту ортасын үлгілеу маңызды.
1-4-сыныптың оқу бағдарламалары жаңа білім стандарты бойынша
оқыту процесін, критериалды бағалау жүйесін, оқытудың жаңа формалары
мен әдіс-тәсілдерін тексеруге және жетілдіруге, білім алушылардың нақты
оқыту мақсаттарына қол жеткізуіне, сондай-ақ білімнің белгілі бір көлемін
меңгеруіне, оларды оқудағы және өмірдегі проблемаларды шешуде қолдану
дағдыларын дамытуға бағытталған.
Оқу бағдарламасы пәндер бойынша ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес
жүзеге асырылады. Ұзақ мерзімді жоспарға сыныптар мен тоқсандар
бойынша оқыту мақсаттары енгізілген.
Орта мерзімді жоспарлау ұзақ мерзімді жоспарда анықталған
бағдарларды нақтылайды. Орта мерзімді жоспарларда белгіленген
мерзімнің негізгі міндеттері тұжырымдалады. Мұнда әр тоқсанның немесе
бөлімнің тақырыптары көрсетіледі. Бөлімдер ішінде сағаттарды бөлуді
мұғалімнің қалауына қарай өзгертуге болады.
Орта мерзімді жоспарларда дағдылар, оқыту мақсаттары, сабақта
ұсынылатын іс-әрекет түрлері, мұғалімдерге арналған белгілер (оқыту
әдістемесі бойынша) оқу ресурстары берілген.
«Ресурстар» бағанында сабаққа қажетті үлгілік материалдар тізбесі
жазылған, мұғалімдердің жұмыста қолдануына көмек ретінде интернет-
ресурстарға сілтемелер берілді. Оқыту мақсаттары бойынша жұмысты
жоспарлау және оларды мұғалім өз сыныбы білім алушылармен даму
деңгейлеріне қарайдамытуды жүзеге асыруы тиіс. Пән бойынша орта
мерзімді жоспарлар ұсыныс ретінде берілді.
Қысқамерзімді жоспарды немесе сабақ жоспарын, ортамерзімді
жоспардың соңында ұсынылған үлгі бойынша мұғалімнің өзі әзірлейді.
Қысқа мерзімді жоспарды әзірлегенде мұғалімге саралап оқыту тәсіліне
және білім алушылардың жеке ерекшеліктерін ескеруге назар аудару
ұсынылады. Сабақты қысқа мерзімді жоспарлау мұғалімнің оқу
мақсаттарына тиімді қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Мұғалім әр сабақтан
116
Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы
кейін білім алушылардың оқу материалын меңгеруде туындаған
қиындықтары мен оқу жетістіктерін анықтау үшін сабаққа талдау
(рефлексия) жасап отыруыкерек.
Бастауыш сыныптарда сабақтың форматы оқыту процесінде білім
алушыларды белсенді тартуды, олардың талқылауларға қатысуын,өткен
материалды талдауын және қорытуын, зерттеу жүргізуін, бағалауда
пікірлерін айтуын, өзін бағалауды, өзара бағалауды және т.б. тұжырымдайды.
Сабақтың міндетті элементі кері байланыс болуы тиіс, ол мұғалімнің
білім алушыны қолдауға бағытталған іс-әрекетін түзетуге мүмкіндік береді
және білім беру процесін жетілдіруге себін тигізеді. Қалыптастырушы
бағалау кезінде мұғалім білім алушылардың санын және кері байланыс беру
жиілігін өз бетінше анықтайды.
Оқу
процесін
ұйымдастыру
кезінде
мұғалімге
пәнаралық
байланыстарды іске асыратын ортақ тақырыптарға көңіл аудару қажет (51-
кесте). Оқу пәндерінің компонентін кіріктіруші ретінде ортақ тақырыптарда
тоқсандар бойынша бөлінген.Әр тоқсан бойынша екі ортақ тақырып, оның
әрқайсысына сағат саны шамамен бірдей бөлінеді. Әр ортақ тақырыпқа сағат
санынмұғалім білім алушылардың дайындық ерекшеліктеріне қарай өзі
өзгертіп отырады.
23-кесте – Сыныптар бойынша ортақ тақырыптар
№
1-сынып
2-сынып
3-сынып
4-сынып
1
Өзім туралы
Өзім туралы
Жанды табиғат
Менің Отаным –
Қазақстан
2
Менің мектебім
Менің отбасым
және достарым
Жақсыдан үйрен,
жаманнан жирен
Құндылықтар
3
Менің отбасым
және достарым
Менің мектебім
Уақыт
Мәдени мұра
4
Бізді қоршаған
әлем
Менің туған елім
Сәулет өнері
Мамандықтар
әлемі
5
Саяхат
Дені саудың жаны
сау
Өнер
Табиғат
құбылыстары
6
Салт-дәстүр және
ауыз әдебиеті
Салт-дәстүр және
ауыз әдебиеті
Атақты тұлғалар Қоршаған ортаны
қорғау
7
Тағам мен сусын
Қоршаған орта
Су – тіршілік
көзі
Ғарышқа саяхат
8
Дені саудың жаны
сау
Саяхат
Демалыс
мәдениеті.
Мерекелер
Болашаққа саяхат
Ортақ тақырыптар бойынша оқу мақсаттарын меңгеру үшінбазалық
оқулықта, сондай-ақ қосымша ресурстарда (оқу-әдістемелік кешендер,
хрестоматиялар және т.б.) ұсынылған әртүрлі жанрдағы мәтіндер
пайдаланылады. Мәтінді дайындау мен таңдауда ортақ тақырыптармен
байланысына ерекше мән берілуі тиіс.
Ортақ тақырыптар бойынша жұмыс жеке оқу қызметін ұйымдастыруды
117
Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы
қажет етпейді, керісінше, пән бойынша және тәрбиелік міндеттерге қол
жеткізу үшін оқыту мүмкіндігін кеңейтуге мүмкіндік береді. Осылайша, жаңа
бөліммен жұмыс істей бастағанда, мұғалім оқушылардың шынайы өмірмен
байланыс жасауға мүмкіндік беретін бірқатар негізгі сұрақтарды негізге
алады. Бұл сұрақтар мұғалімге оқу міндеттеріне жету үшін ресурстардың кең
ауқымын анықтауға көмектеседі. Сұрақтардың саны маңызды емес, нақты
сынып пен құрылған оқыту ортасы үшін қандай мәселелер қолайлы екенін
түсіну маңызды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы
4 қыркүйектегі № 441 бұйрығымен бекітілген бастауыш білім берудің
Үлгілік оқу жоспарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығымен бекітілген «Білім
беру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар»
санитарлық ережелеріне сәйкес, оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлемі 1-
сыныптарда
–
24 сағатты, 2-сыныптарда – 25 сағатты, 3-сыныптарда – 29 сағатты,
4-сыныптарда – 29 сағатты құрайды.
1-сыныпта (СанЕмН) оқу жүктемесін біртіндеп «сатылы» ұлғайту
әдісін жүзеге асыру мақсатында бейімдеу кезеңін ұйымдастыру
ұсынылады. Бейімдеу кезеңінен сәтті өту үшін қыркүйек-қазан айларында
соңғы сабақтар стандартты емес түрде (ойын сабақ, қиял-сабақ, мереке-сабақ,
театрланған сабақ, саяхат сабақ, экскурсия сабақ, импровизация сабақ)
жүргізу керек. Мектепте білім алушыны оқуға бейімдеу үшін қолайлы орта
жасауға ерекше назар аудару қажет, ол білім алушының оңтайлы дамуына,
ойдағыдай білім алуына және тәрбиеленуіне ықпал етеді. 1-сыныпта барлық
жұмыс кезеңінің міндеті – кішкентай мектеп білім алушысының оқу
қызметіне ішкі уәждемені қалыптастыру.
1-сыныптың
бірінші
жартыжылдығында
жиынтық
бағалау
жүргізілмейді және үй тапсырмасы берілмейді. Мұғалім өз жұмысын әр білім
алушының сабақта қажетті білімді толыққанды меңгеруін қамтамасыз
ететіндей жоспарлайды. Алайда, мұғалім біртіндеп жеке және топтық жұмыс
бойынша рефлексия дағдыларын қалыптастыру бойынша жұмысты
ұйымдастыру арқылы бағалау рәсіміне дайындағаны жөн. Мысалы, «мен
жасай аламын ....», «біз дайынбыз....», «менің айтып .... бере аламын», «біз
айта аламыз...». Рефлексия кесте түрінде ұсынылуы мүмкін, бұл да бағалау
алдында түсіндіру жұмысы болып табылады.
1-сынып
білім алушысының көру қабілетін, қолының ұсақ
моторикасын дамыту үшінсергіту сәтін уақытылы өткізу, 1-сынып білім
алушыларын ұзақ уақыт жазу мен сурет салудан жалықтырып алмау керек. 1-
сыныпта оқыту кезінде іс-әрекеттің ойын түрлері басым болуы тиіс.
2-сыныптан бастап білім алушылар үй тапсырмасын орындайды,
сондықтан сабақ кестесін құруға ерекше назар аудару қажет, себебі пәндерді
бір күнге топтастырмау мүмкіндігін қарастыру қажет, үй тапсырмасын
орындауға едәуір уақыт шығындауды талап етеді. Білім алушыларға үй
тапсырмалары,оларды орындау мүмкіндігін ескере отырып мынадай шекте
118
Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы
беріледі: 2-сыныпта – 50 минут, 3-сыныпта – 70 минут, 4-сыныпта – 70 минут
(ҚР БҒМ 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 182бұйрығы). Демалыс және мереке
күндері үй тапсырмасы берілмейді.
Бастауыш мектепте сабақты ұйымдастыру жүйелі іс-әрекеттік және
практикалық бағдарланған тәсілдер аясында жүзеге асырылады.Сабақ
жоспарлау кезінде уәж, мақсат, оқу міндеті, мақсатқа қол жеткізу үшініс-
әрекет тәсілдері, нәтижесі, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі бағалау, рефлексия
ескеріледі. Сабақтың мақсатты бағыты білім алушылардыңоқу-танымдық
және оқу-практикалық іс-әрекеттерін өз бетінше қалыптастыру және дамыту;
белсенді оқыту әдістерін қолдану: проблемалық-диалогтық, ішінара іздеу,
іздестіру, жобалау, зерттеу. Білім алушылардың сабақтағы жұмыстары жеке,
жұптық, топтық, дара және саралап оқыту түрлеріарқылы ұйымдастырылады.
Жаңа білім беру стандартына бағдарланған сабақтың маңызды белгілеріоның
мазмұнында бастауыш сынып білім алушыларынкең спектрлі дағдыларға
үйрету элементтерінің болуы. ББ МЖМС негізгі міндеттерін іске асыру үшін
тиімді педагогикалық технологияларды, озық әдіс-тәсілдерді, тұлғалық
бағдарланған оқыту тәсілінқолдану және ақпараттық-коммуникациялық
технологиялардыкіріктіру қажет.
Бастауыш мектептің жаңартылған білім мазмұнына көшуіне
байланысты бастауыш сынып мұғалімдері әдістемелік жұмыстарының
жүйесін құру маңызды орын алады. Бұлар семинарлар, тренингтер,
педагогикалық
қауымдастықтардыңотырыстары,
коучингтер,
конференциялар, шебер-сыныптар, дөңгелек үстелдер, ашық сабақтар,
сабақтан тыс үйірмелер мен ББ МЖМС енгізу мен іске асырудың басқа да
жекелеген бағыттары бойынша іс-шаралар болуы мүмкін. Балалардың
денсаулығын
сақтауға
және
нығайтуға,
психология-педагогикалық
қолдауғаназар аудару қажет. Шаршаудың, сколиоздың, жүрек-қан тамырлар
жүйесі, көз ауруларының алдын алу мақсатында жаттығулар жүргізуге
(динамикалық, тыныс алу жаттығулары, қол саусақтарына байланысты
жаттығулар, қол және көзге арналған гимнастикалық жаттығулар және т. б.)
көп көңіл бөлу керек.
Білім салалары бойынша пәндерді оқыту ерекшеліктері
«ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ» БІЛІМ САЛАСЫ
«Тіл және әдебиет» білім саласының мазмұны «Сауат ашу», «Қазақ
тілі», «Әдебиеттік оқу», оқыту орыс тілді емес сыныптарда «Орыс тілі»,
«Ағылшын тілі» оқу пәндері арқылы жүзеге асырылады.
Тілдік пәндерді оқытудың ерекшелігі коммуникативтік тәсілді жүзеге
асыру болып табылады. Коммуникативтік дағдыларды ортақ тақырыптарды
оқыту барысында қалыптастыруқажет. Коммуникативтік тәсіл білім
алушылардың оқу сауаттылығын дамытумақсатын көздейді, яғни мәтіндерді
түсіну және оларға рефлексия жасау қабілетін дамытуға, олардың мазмұнын
өз мақсаттарына қол жеткізу үшін пайдалануға, білімдерін және
119
Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы
мүмкіндіктерін арттыруға, қоғам өміріне белсенді қатысуға бағытталған.
Сауат ашу (1-сынып)
«Сауат ашу» пәнінің оқу бағдарламасы – бастауыш білімнің негізін
құрайтын аса маңызды пәндердің бірі. «Сауат ашу» пәні – «Қазақ тілі»,
«Әдебиеттік оқу» пәндерінің құрамдас бөлігі, бұдан әрі тілдік және
әдебиеттік білімге дайындық кезеңі, сондай-ақ одан кейінгі оқытудың негізі
болып табылады.
Пәнді оқытудың ерекшелігі білім алушылардың тыңдалым, айтылым,
оқылым және жазылым дағдыларын меңгеру процесінде функционалдық
сауаттылығын қалыптастыру болып табылады, ол оқу мен жазу бойынша
алған білім, білік, дағдыларын түрлі өмірлік жағдаяттарда пайдалануға
мүмкіндік береді.
«Сауат ашу» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 6
сағаттан, оқу жылына 198 сағатты құрайды.
Оқыту процесінде сауат ашу үш кезеңге бөлінеді: әліппеге дейінгі кезең,
әліппе кезеңі, әліппеден кейінгі кезең. Дыбыс және әріппен таныстыруға
бөлінетін сағат санын білім алушылардың оқу материалын, оқу мақсаттарын
меңгеру деңгейіне және әр кезеңнің тапсырмаларын орындау деңгейіне
байланысты мұғалімнің өзі реттей алады.
Бірінші жартыжылдықта оқу жылдамдығы тексерілмейді. Екінші
жартыжылдықтың соңында оқу дағдысының қалыптасу нормасы минутына
25-30 және одан артық сөзді құрайды. Ескерту: шылау, одағай, еліктеу
сөздер, қос сөздер жеке сөз ретінде саналады.
Бірінші сыныпта буынға бөліп оқудың қалыптасуы тексеріледі:
бағдарлама талаптарына сәйкес келетін оқу қарқыны кезінде оқылатын
мәтіннің жалпы мәнін түсінуі, жекелеген сөздер мен сөйлемдердің
мағынасын түсінуі.
1-сынып білім алушылары:
1) 2-6 сөзден тұратын сөйлемдерді буындық тәсілмен тұтас оқу;
2) 4-8 сөйлемнен тұратын қысқаша мәтіндерді буындық тәсілмен
тұтас оқу;
3) сөйлем, шағын мәтіндер (3-4 сөйлем) құрастырып жазу;
4) есту, есте сақтау арқылы сөздерді (3-7 сөз) жатқа жазу;
5) жай сөйлемдерді (1-2 сөйлем) жатқа жазу;
6) баспа әріптерімен берілген мәтінді (10-15 сөз) көшіріп жазу;
7) күрделі, айтылуы мен жазылуы әртүрлі сөздерді тыңдау арқылы жазу
(8-10 сөз);
8) сөйлемдерді (3-4 сөзден тұратын), шағын мәтіндерді (10-15 сөз)
тыңдау арқылы жазу;
9) белгілі бір тақырыпқа сөйлемдер құрастыру және жазу (2-4 сөйлем)
жұмыстарын орындай алуы керек.
Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау тоқсан аяқталғаннан
кейін және бөлімдерді зерттеу (ортақ тақырыптар) бойынша оқу
материалының мазмұнын меңгеру деңгейін анықтау үшін жиынтық бағалау
түрінде жүргізіледі.Пән бойынша жиынтық бағалау үшінші тоқсаннан бастап
120
Достарыңызбен бөлісу: |