ОҚу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде оқу процесін


Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы



Pdf көрінісі
бет22/50
Дата06.12.2019
өлшемі3,46 Mb.
#53115
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   50
Байланысты:
ИМП-каз-сонгы-15.07


Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



қауіп-қатер  жағдайындағы  және  түрлі  жағдаяттардағы  мінез-құлықтары 

туралы мәтіндерді жұмыс үшін қолдану ұсынылады. 

Қосымша  материалдар  мен  Интернет-ресурстарды  қолдану  кезінде 

мәтіналды, мәтіндік және мәтіннен кейінгі жұмыс кезеңдерін сақтаған дұрыс.   

Шетел  тілінің  оқу  процесін  ұйымдастыру  коммуникативтік 

технологияларды  (жобалар,  сұхбат,  рөлдік  ойындар,  пікірталас,  дебат, 

конференциялар, конкурстар, сахналандыру және т.б.) жан-жақты қолдануды 

талап 


етеді. 

Сонымен 


қатар, 

ақпараттық-коммуникациялық 

технологиялардың  және  сабақтан  тыс  іс-әрекеттердің  кең  мүмкіншіліктерін 

белсенді қолдану шетел тілін оқуға ынтасын арттыруға, білім алушылардың 

танымдық  әрекеттерін  белсендендіруге,  олардың  өзара  тілдік  қарым-

қатынастарының белсенділігін арттыруға, шығармашылық әлеуетін дамытуға 

жағдай жасауға ықпал етеді.  

Сабақ  уақытын  ауызша  сөйлетудің    дағдылары  мен  біліктерін  дамыту 

және жетілдіру үшін қолданған дұрыс. Коммуникативтік жағдаяттарда жаңа 

лексикалық  және  грамматикалық  материалды  енгізу  және  бекіту,  сабақта 

жұппен,  топпен  жұмысты  ұйымдастыру  арқылы  әрбір  білім  алушының 

сөйлеу белсенділігін арттыру; мәтіндермен жұмыс жасау кезеңдерін міндетті 

түрде сақтай отырып оқылым мен тыңдалымға үйрету ұсынылады.

 

Шетел тілі бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 

5-9-сыныптарда – аптасына 3 сағат, оқу жылында 102 сағатты құрайды. 

«Шетел  тілі»  пәнінен  оқу  жұмысын  ұйымдастыруда  келесі 

ұсынымдар беріледі: 

1.  Білім  алушылардың  зерттеу  дағдыларын  дамытуға  бағытталған 

«Independent  project»  юнитына  назар  аудару  қажет.  Жоба  жұмысы  арқылы 

мұғалім  мақсаттар  мен  сөйлеу  дағдыларының  түрлеріне  бағытталған 

қалыптастырушы  бағалауды  жүргізе  алады.  Жоба  жұмысының  түрі  мен 

мазмұны  (тақырыптық  мазмұны,  іс-әрекет  түрлері,    күтілетін    нәтижесі, 

бағалау  түрлері  және  т.б.)  мектеп  ішіндегі  әдістемелік  бірлестіктерде 

талқыланады.

 

2.  «Reading  for  pleasure»  бөлімінде  оқу  дағдысын  дамыту  үшін 



әдістемелік  нұсқауларды  белсенді  қолдану  керек.  Көркем  және  оқу  әдебиет 

мәтіндерімен  жұмыс  жасау  ағылшын  тіліне  оқытудың  міндетті  элементі 

болып  табылады  және  білім  алушылардың  алған  дағдыларын  бекітуге 

мүмкіндік береді. 

Шетел  тілі  бойынша  сыныптан  тыс  жұмыстарды  жүргізудің  үлкен 

білімдік,  тәрбиелік  және  дамытушылық  маңызы  бар.  Бұл  жұмыс  шетел  тілі 

туралы  білімді  арттырып  қана  қоймай  білім  алушының  мәдениеттану  ой-

өрісін,  шығармашылық  белсенділігін,  эстетикалық  талғамын  тереңдетуге 

мүмкіндік  береді,  өзге  елдің  тілі  мен  мәдениетін  үйренуге  деген 

қызығушылығын  арттырады.  Міндетті  курспен  қатар  толық  практикалық, 

тәрбиелік, дамыту мақсаттарын жүзеге асыруға толық жағдай жасайды.  

 

Шетел  тілін  сыныптан  тыс  оқытуды  моделдеу  іс-әрекетінің  негізгі 



тәсілдері: 

•  тақырыптық ойын кештері; 



172 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



•  елтануға арналған үйірмелер; 

•  шетел тілдері апталығы; 

•  бейнеклубтар, тілдік орталықтар; 

•  шетел тіліндегі театрландырылған қойылымдар және т.б.  

Тілдік құзыреттілікті бағалауда ескерілетін жағдайлар: 

1.  Білім  алушылардың  тілдік  қателерін  атап  өту  керек  және  олардың 

назарын  жіберген қателеріне қарапайым тәсілмен аудару  қажет, алайда егер 

білім  алушы  өз  білімін  көрсете  алған  болса,  қателердің  бағалауға  әсері 

болмауы  керек.  Білім  алушының  ең  басты  мақсаты  –  өз  ойын  қарапайым 

сөзбен бере білуі, бұл жағдайда грамматикалық талаптар дұрыс сақталмауы 

мүмкін.  Уақыт  өте  келе  оның  өзіндік  сөйлеу  дағдысы  қалыптасады, 

нақтыланады әрі дұрыстала түседі. 

2.  Сұраққа  жауап  беру  барысында  білім  алушылар  бірінші  тілді 

қолдана  алады.  Олардың  шектеулі  сөздік  қоры  мен  мақсатты  тіл  бойынша 

білімдерінің аздығы сөз сөйлеу мен жауап беру кезінде кедергі болуы мүмкін 

болғандықтан,  оқудың  бірінші  сатысында  (кем  дегенде  ішінара)  бұл  рұқсат 

етіледі.  Сондықтан  барлық  білім  алушылар  мақсатты  тілге  қашан  көшуге 

болатынын келісіп алғаны жөн және келісілген уақыттан бастап бірінші тілді 

қолдану тоқтатылуы керек. 

3.  Мұғалім  ережеге  сәйкес  ауызекі  сөйлеу  тілінде  кеткен  қателерді 

перифраз көмегімен дұрыстайды, бірақ білім алушыға дұрыс түрін қайталату 

міндетті емес, себебі ол айтқалы жатқан  ойын үзіп және өзге тілде өз ойын 

сенімді жеткізе алмай қалуы мүмкін. 

4. Егер бір рет жіберілген қате тағы да қайталанса, сәйкес тақырыпты 

түсіндіру соңында мұғалім дұрыс үлгідегі сөздерге мысалдар келтіреді және 

қажет  болған  жағдайда  оның  грамматикасына  баса  назар  аударады.  Бұдан 

өзге,  сынып  білім  алушылары  немесе  мұғалім  барлығы  ынтымақтасқан  іс-

әрекет  негізінде  кейбір  тақырыптарға  байланысты  лингвистикалық 

мазмұндағы сөйлемдерге мысалдар келтіре алады. 

5. Жазба жұмысты тексеру барысында тілдік қателер ескерілмейді (егер 

білдіретін  ойы  мен  мәтіні  түсінікті  болса),  бірақ  педагог  оны  өзінің 

түсініктемесінде көрсетеді. 

«Шетел тілі/Ағылшын тілі» пәні бойынша жиынтық бағалау  

рәсімдерінің саны  

 

Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) 



рәсімінің нақты санын және 1 рет тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу 

қарастырылған.  Төменде  оқу  пәнінен  бөлім  бойынша  жиынтық  бағалау 

(БЖБ) рәсімдерінің нақты саны көрсетілген. 

42-кесте. Бөлім бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны 

 

Сынып 


Бөлім бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны  

1-тоқсан 

2-тоқсан 

3-тоқсан 

4-тоқсан 

5-сынып 




6-сынып 






173 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



7-сынып 



8-сынып 





9-сынып 




 

«Шетел тілі/Ағылшын тілі» бойынша қорытынды аттестаттау 

Қорытынды 

аттестаттау 

білім 

беру 


стандарты 

мен 


оқу 

бағдарламасында белгіленген талаптар шегінде білім алушыларда оқылатын 

шетел  тілінің  практикалық  меңгеру  деңгейін  бағалауға  арналған.  Білім 

алушыларды 

қорытынды 

аттестаттау 

объектісі 

коммуникативтік 

құзыреттілікті  меңгеру  болып  табылады.  Қорытынды  аттестаттаудың 

мақсаты білім алушылардың негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға 

міндетті  стандартына  сәйкес  пән  бойынша  оқу  бағдарламасының  көлемін 

меңгеру дәрежесін анықтау болып табылады. 

Қорытынды  аттестаттау  «Орта,  техникалық  және  кәсіптік,  орта 

білімнен  кейінгі  білім  беру  ұйымдары  үшін  білім  алушылардың  үлгеріміне 

ағымдағы  бақылауды,  оларды  аралық  және  қорытынды  аттестаттауды 

өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім 

және  ғылым  министрінің  2008  жылғы  18  наурыздағы  №125  Бұйрығымен 

бекітілген  Бастауыш,  негізгі  орта,  жалпы  орта  білімнің  білім  беретін  оқу 

бағдарламаларын  іске  асыратын  білім  беру  ұйымдарындағы  білім 

алушылардың  үлгеріміне  ағымдық  бақылаудың,  оларды  аралық  және 

қорытынды  аттестаттау  жүргізудің  үлгі  қағидалары,  сонымен  қатар 

Қорытынды  аттестаттауды  ұйымдастыру  мен  өткізу  бойынша  Нұсқаулыққа 

сәйкес өткізіледі.

 

2019-2020  оқу  жылында  Шетел  тілі  мұғалімдерімен  әдістемелік 



жұмысты  жоспарлау кезінде педагогикалық қызметкерлердің мүдделері  мен 

сұраныстарын, олардың кәсіби шеберлігі мен дағдыларын ескеру қажет. 

Шетел тілі мұғалімдерінің тамыздағы пәндік секцияларында төмендегі 

сұрақтарды талқылау ұсынылады:  

1.  Негізгі  орта  мектепте  жаңартылған  білім  мазмұны  аясында  шетел 

тілін оқытудың ерекшеліктері.  

2. Білім мазмұнын жаңарту жағдайында шетел тілі пәнінен әдістемелік 

бірлестіктердің жұмысын жоспарлаудың ерекшеліктері.  

3. 2019-2020 оқу жылында шетел тілін оқытуда мұғалімдердің тәжірибе 

алмасуы мен семинарларын жоспарлау.  

Жаңа  оқу  жылында  шетел  тілі  мұғалімдерінің  әдістемелік  бірлестік 

отырыстарында төмендегі сұрақтарды қарастыру ұсынылады:   

-  шетел  тілі  бойынша  білім  беру  процесін  ұйымдастыруда  заманауи 

тәсілдерді іске асыру;  

- қалыптастырушы бағалауды өткізу;  

-  шетел  тілін  оқытуда  шығармашылық  бастамаларды  енгізу  және 

сабақтан тыс қызметті ұйымдастыру;  

-  шетел  тілі  пәні  бойынша  бітіруші  сыныптарды  қорытынды 

аттестаттауға дайындау.  

 


174 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



«МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА» БІЛІМ  САЛАСЫ

 

 

Математика  және  информатика»  білім  саласы  бойынша  жаңартылған  оқу 

бағдарламаларымен келесі пәндер оқытылады:  

1) «Математика» – 5, 6-сыныптар;  

2) «Алгебра» – 7-9-сыныптар; 

3)  «Геометрия» – 7-9-сыныптар; 

4) «Информатика» – 5-9 сыныптар.  

 

Оқу  пәндері  бойынша  оқу  жүктемесінің  көлемі  төмендегі  кестеде 



көрсетілген. 

 

43-кесте – Оқу жүктемесінің көлемі 



 

Сынып  


Оқу пәнінің атауы 

Жалпы жүктеме, сағат 

Апталық 

Жылдық 


Математика 

170 


Информатика  

34 


Математика 

170 


Информатика  

34 


Алгебра 


102 


Геометрия 

68 


Информатика  

34 


Алгебра 


102 


Геометрия 

68 


Информатика  

34 


Алгебра 


102 


Геометрия 

68 


Информатика  

34 


 

Негізгі  орта  білім  беру  деңгейінде  «Математика»,  «Алгебра», 

«Геометрия»  пәндерін  оқытудың  мақсаты  -  пән  мазмұнын  сапалы  игеруді 

қамтамасыз  ету,  білім  алушылардың  функционалдық  сауаттылығын 

қалыптастыру,  сыни  тұрғыдан  ойлауды  дамыту,  ғылыми-жаратылыстану 

пәндерін  игеруге  қажетті  математикалық  білім  мен  дағдылардың  негіздерін 

игеру, оқу пәні материалдары негізінде білім алушылардың интеллектуалдық 

деңгейін дамыту. 

Оқу пәнін оқытудың мақсатына сәйкес келесі міндеттер анықталған: 

- «Сандар», «Алгебра», «Геометрия», «Статистика және ықтималдықтар 

теориясы»,  «Математикалық  модельдеу  және  анализ»  бөлімдері  бойынша 

математикалық  білім,  білік  және  дағдыларын  қалыптастыру  мен  дамытуға 

жағдай жасау;  

-  әртүрлі  мәнмәтіндегі  есептерді  шешуде  математикалық  тілді  және 

негізгі  математикалық  заңдарды  қолдануға,  сандық  қатынастар  мен 

кеңістіктік формаларды оқып білуге мүмкіндік беру;  



175 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



-  есептерді  шешу  мақсатында  білім  алушылардың  білімдерін 

математикалық  модельдерді  құруға  және  шынайы  процестерді  сипаттайтын 

математикалық модельдерді түсіндіруге бағыттау;  

-  өздігінен  оқуға  және  болашақ  таңдаған  мамандығы  бойынша  білімін 

жалғастыруға  қажетті  физика,  химия,  биология  және  басқа  да  теориялық 

облыстарда  зерттеулер  мен  есептерді  шешу  үшін  және  практикалық  іс-

әрекеттерінде  математикалық  әдістерді  қолданудың  қарапайым  дағдыларын 

қалыптастыру;  

-  практикалық  есептерді  шешуде,  алынған  нәтижелерді  бағалау  мен 

анықтылығын  орнатуда  лайықты  математикалық  әдістерді  таңдап  алу  үшін 

логикалық  және  сыни  тұрғыдан  ойлауын,  шығармашылық  қабілеттерін 

дамыту; 


-  коммуникативтік  дағдыларын,  оның  ішінде,  ақпаратты  дұрыс  және 

сауатты түрде беру, сонымен қатар әртүрлі ақпарат көздерінен, басылымдар 

мен электрондық құралдардан алынған ақпаратты қолдану қабілетін дамыту; 

өздігінен  және  топта  жұмыс  істеуде  қажетті  тәуелсіздік, 



жауапкершілік, 

бастамашылдық, 

табандылық, 

шыдамдылық 

пен 

толеранттылық сияқты тұлғалық қасиеттерді дамыту;  



-  математиканың  даму  тарихымен,  математикалық  ұғымдардың  пайда 

болу тарихымен таныстыру;  

-  математиканы  оқыту  процесінде  ақпараттық-коммуникациялық 

технологияларды қолдану дағдыларын дамыту.  

«Информатика» оқу пәнін оқудың мақсаты білім алушылардың бойында 

заманауи  ақпараттық  технологияларды  пайдалана  отырып  ақпараттармен 

тиімді жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру болып табылады. 

 «Информатика»  пәнінің  оқу  бағдарламасы  компьютердің  жұмыс  істеу 

қағидаларын  түсінуді,  объектілер  мен  жүйелерді  талдау  қабілеттерін,  

алгоритмдер  әзірлеу  және  бағдарламалауды,  шешімдер  мен  программалық 

қосымшаларды  модельдеу  және  жобалауды,  сондай-ақ  түпкілікті  өнімді 

бағалауды білім алушылардың бойында қалыптастыруды  көздейді. 

Оқу мақсаттарына сәйкес келесі міндеттер анықталған:  

-  білім  алушылардың  бойында  ақпараттық  процестердің  қоғамдағы 

рөлін,  адамзат  қызметінің  әр  түрлі  саласында  ақпараттық  технологияларды 

пайдаланудың  техникалық  мүмкіндіктері  мен  перспективаларын  түсінуін 

қалыптастыру; 

-  ақпараттық  технологияларды  күнделікті  өмірде,  оқуда  және  келешек 

еңбек іс-әрекетінде тиімді қолдану біліктерін дамыту;  

-  білім  алушылардың  жүйелерді  талдауда,  шешімдерді  әзірлеу, 

программалық  қосымшаларды  қалыптастыру  және  өз  өнімдерін  бағалауда 

компьютерлердің жұмыс істеуі негізгі қағидаларын меңгеру;  

-  талдау,  абстракция,  модельдеу  және  программалау    арқылы  әр  түрлі 

міндеттерді шеше білулерін дамыту;  

-  білім  алушылардың  логикалық,  алгоритмдік,  сонымен  қатар, 

жалпылау мен үйлестік, тапсырмаларды құрамдас бөлікке ажырату мен ортақ 

заңдылықтарды  бөлу,  қойылған  міндеттерді  шешуде  тиімді  әрі  оңтайлы 


176 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



тәсілдер табу мүмкіндіктерін қамтитын есептік ойлауды дамыту;  

-  білім  алушылардың  бойында  ақпараттық  мәдениетті  қалыптастыру  – 

жалпы  ережелерді  ұстану  және  жеке  тұлға  мен  бүкіл  қазақстандық 

әлеуметтің мүддесін көздеу;  

-  білім  алушылардың  ғылыми  тілді  меңгеруіне  және  пән  бойынша 

ұғымдық аппаратты байытуына ықпал ету. 

«Алгебра»,  «Геометрия»  пәндерін  оқыту  барысында  математикалық 

сауаттылықты 

қалыптастыру 

мақсатымен: 

білім 

алушыларға 



анықтамалықтарды 

қолдану, 

оқу, 

әдістемелік 



және 

анықтамалық 

әдебиеттерден  анықтамаларды,  формулалар  және  басқа  да  тұжырымдарды 

іздеу; математикалық формулаларды қолдану, дербес жағдайларды жалпылау 

негізінде  шамалар  арасындағы  тәуелділіктің  формулаларын  өздігінен 

құрастыру;  игерілген  математикалық  білім,  білік,  есептеу,  өлшеу  және 

графиктік  дағдыларды  пайдаланып  практикаға  бағытталған  тапсырмаларды 

шешу;  дәлелдемелі  пайымдау  жүргізу,  талқылауға  қатысу  және  логикалық 

негізделген  қорытындылар  жасау;  математикалық  мәтінмен  жұмыс  жасау 

(талдау,  қажетті  ақпаратты  алу),  математикалық  терминология  мен 

символдарды  қолдана  отырып,  өз  ойын  ауызша  және  жазбаша  түрде  анық 

және нақты түсіндіру іскерліктерін үйрету ұсынылады.  

 

«Информатика» пәнін 5, 6, 7, 8, 9 сыныптарда оқытудың мақсаты  – 



оқушыларға білімін тәжірибе жүзінде тиімді пайдалану үшін қазіргі заманғы 

ақпараттық технологиялармен жұмыс істеу үшін базалық білімдер, дағдылар 

мен қабілеттерін қамтамасыз ету. 

 

Оқу  мақсаттарына  сәйкес  келесі  міндеттер  анықталды:  оқушыларда 



қоғамдағы  ақпараттық  процестердің  рөлін  түсіну,  адам  қызметінің  түрлі 

салаларында  ақпараттық  технологияларды  пайдаланудың  техникалық 

мүмкіндіктері  мен  перспективаларын  дамыту;  ақпараттық  технологияларды 

күнделікті  өмірде,  зерттеулер  мен  одан  әрі  жұмыс  істеуде  тиімді  пайдалану 

дағдыларын  дамыту;  оқушылар  жүйені  талдау,  шешімдерді  әзірлеу, 

бағдарламалық  қамтамасыз  етуді  әзірлеу  және  олардың  өнімдерін  бағалау 

үшін  компьютердің  негізгі  принциптерін  үйренеді;  Талдау,  абстракция, 

модельдеу  және  бағдарламалау  арқылы  түрлі  тапсырмаларды  шешу 

қабілеттілігін  дамыту;  оқушыларда  логикалық,  алгоритмдік  және  есептік 

ойлауды  дамыту,  соның  ішінде  қорыту  және  ұқсастығы,  мәселені  оның 

құрамдас  бөліктеріне  бөліп,  жалпы  үлгілерге  бөліп,  міндеттерді  шешудің 

тиімді  жолдарын  табу;  оқушылар  арасында  ақпараттық  мәдениетті 

қалыптастыру  -  жеке  тұлғаның  және  бүкіл  Қазақстандық  қоғамның 

мүдделерін  ескере  отырып,  жалпы  қабылданған  ережелерді  сақтау;  пән 

бойынша концептуалды аппараттарды байыту. 

Оқушылардың  білім  беру  және  ақпараттық  құзыреттіліктерін  дамыту 

мақсатында жобалық жұмыс арқылы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге 

ерекше назар аудару керек. Жоба бойынша жұмыс істейтін оқушылар жеке-

жеке немесе топпен жұмыс жасайды, мақсаттарды қойып, қажетті ақпаратты 

іздейді,  гипотезаны  ұсынып,  дәлелдеуге,  эксперимент  жүргізуге,  жасалған 

жұмыстың  нәтижелерін  ұсынуға,  талдауға,  бағалауға  және  өз  жобаларын 


177 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



шебер  қорғауға  тиіс.  Оқушылар  Интернеттің  қол  жетімді  ақпараттың 

көптеген  көздерінің  бірі  екенін,  әртүрлі  дереккөздерден  деректерді  жинай 

алатындығын біледі. 

Сонымен  қатар  оқушылар  арасында  танымдық  қызығушылықты 

дамытуға, 

интеллектуалды 

және 

шығармашылық 



қабілеттерге, 

бағдарламаның компоненттерін өз бетінше пайдалану мүмкіндігіне және оқу 

курсының  мазмұны  арқылы  білімін  толықтыруға,  технологиялық 

проблемаларға  бағдарланған  оқытуды  қолдану  мен  өнертапқыштық 

проблемаларды шешу дағдыларын дамытуға назар аудару қажет  

 «Математика  және  информатика»  білім  саласының  пәндерін  оқыту 

процесінде  білім  сапасын  жетілдіру  мақсатында  жеке  тұлғаға  бағытталған 

проблемалық  оқыту,  саралап  оқыту  тәсілдерін,  сонымен  қатар  іс-әрекет 

түрлері мен тапсырмаларды ұқыпты іріктеу арқылы дамыта оқыту тәсілдерін 

қолдану ұсынылады.  

Пәнге  деген  қызығушылықты  арттыру  жолдарының  бірі  білім 

алушылардың  жобалық  іс-әрекеттерін  дамыту  жұмыстарын  жүргізу  болып 

табылады.  Жобалау  технологияларын  қолдану  пән  бойынша  оқу  сапасын 

көтеріп  қана  қоймайды,  пәнаралық  байланысты  жүзеге  асырады  және  оқу 

пәнін  игерудің  тиімділігін  арттырады.  Жобамен  жұмыс  істеу  барысында 

білім  алушылар  топтасып  немесе  жеке  жұмыстарын  жоспарлауды,  мақсат 

қоюды,  қажетті  ақпаратты  іздеуді,  гипотезаны  ұсыну  және  дәлелдеуді, 

тәжірибелер жүргізуді, орындалған жұмыстың нәтижелерін көрсетуді, талдау 

мен бағалауды, сонымен қатар өз жобаларын қорғауды үйренеді. 

Сонымен  қатар  проблемаларды  өнертапқыштықпен  шешу  теориясы 

ерекшеліктерін 

дамыту 


және 

проблемалық-бағдарланған 

оқыту 

технологиясын пайдалану, оқу курсы мазмұны арқылы өз білімін толықтыру 



мен  бағдарламаның  құрамдас  бөліктерін  өздігінен  қолдана  білу  қабілетін, 

білім  алушылардың  интеллектуалдық  және  шығармашылық  қабілеттерін, 

когнитивтік мүдделерін дамытуға назар аудару керек. 

Бұл  білім  саласы  пәндерінің  мазмұны  бөлімдер  бойынша  берілген. 

Бөлімдер  бөлімшелерге  бөлініп,  әр  бөлімшені  оқып  игеру  сыныптар 

бойынша  күтілетін  нәтижелер:дағдылар  немесе  біліктер,  білім  немесе 

түсініктертүрінде оқу мақсаттары жүйесінде көрсетілген. 

Сонымен  қатар,  жаңартылған  мазмұндағы  оқу  бағдарламаларында 

барлық  пәндер  бойынша  ұзақ  мерзімді  жоспар  берілген.  Онда  курс 

материалы  тоқсандарға  бөлініп  көрсетілген.  Ұзақ  мерзімді  жоспарда 



тақырыптарды  игеруге  және  бөлімшелерді  игеруге  жұмсалатын  сағат 

сандары  көрсетілмеген.  Бөлімшелердің  арасында  сағат  санын  бөлу 

құқығы  практик-мұғалімге  берілген,  бірақ  материал  көрсетілген 

тоқсанда толық оқытылып болуы тиіс. 

2013  жылғы  оқу  бағдарламаларымен  салыстырғанда  оқу  пәндердің 

базалық мазмұнында аздаған өзгерістер бар.  

1. 5-сынып, «Математика» оқу пәні. 



2019-2020 

оқу 

жылы 

5-сыныпқа 

бастауыш 

сыныптарда 

«Математика»  пәнін  қолданыстағы  оқу  бағдарламасы  бойынша  оқыған 

178 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



білім  алушылар  келеді.  Сондықтан,  5-сыныпта  «Математика»  оқу 

пәнінің  базалық  мазмұны,  шамалы  өзгерістерді  қоспағанда  толығымен 

бұрынғыдай  қалды.  Атап  айтқанда,  қолданыстағы  оқу  бағдарламасымен 

салыстырғанда  жаңартылған  мазмұндағы  оқу  бағдарламасында  «Жиын» 

тарауы  және  «шиыршық»  принципін  сақтау  мақсатында  «Кеңістік 

фигураларының  жазбалары»  тарауы  қосылған,  оларды  оқуға  оқу  жылына 

берілген 170 сағаттан сәйкесінше 5 сағат және 3 сағат бөлінеді.  

Сонымен  қатар  базалық  мазмұн  тарауларын  оқып  игеруге  бөлінген 

сағаттарда  айырмашылық  бар.  «Натурал  сандар  және  нөл  саны»  тарауын 

игеруге  шамамен  15  сағат  бөлінген.  Қалған  тарауларды  игеруге  бөлінген 

сағат сандары өзгеріссіз.  

2. 6-сынып, «Математика» оқу пәні. 

1) 6-сыныпта  «Математика»  оқу  пәнінің  базалық  мазмұнына 

шамалы  өзгерістер  енгізілген.  Атап  айтқанда,  қолданыстағы  оқу 

бағдарламасы  бойынша  6-сыныпта  қарастырылатын  «функция»  ұғымына 

қатысты  тарау  7-сыныпқа  көшірілген.  Осы  тараудың  орынан  6-сыныпта 

«Шамалар  арасындағы  тәуелділіктер»  тарауы  қарастырылады  және  келесі 

тақырыптардан  тұрады:  «Шамалар  арасындағы  тәуелділіктерді  беру 

тәсілдері:  аналитикалық  (формула  арқылы),  кестелік,  графиктік  тәсіл», 

«Нақты  процестердің  графиктерін  қолданып  шамалар  арасындағы 

тәуелділіктерді  зерттеу»,  «Тура  пропорционалдық  және  оның  графигі». 

Осыған байланысты «Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер мен олардың 

жүйелері» бөліміне өзгерістер енгізілген. Яғни осы тарауда екі айнымалысы 

бар  сызықтық  теңдеу  және  оның  графигі,  екі  айнымалысы  бар  сызықтық 

теңдеулер жүйелері, екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін  қосу 

тәсілімен  және  алмастыру  тәсілімен  шешу,  есептерді  сызықтық  теңдеулер 

жүйелері арқылы шығару материалдары ғана қарастырылады. 

5-6-сыныптарда  «Математикалық  моделдеу  және  анализ»  бөліміне  баса 

назар  аударылған.  Әр  бөлімді  игерген  кезде  мәтінді  есептерді  шығару 

ұсынылады.  Статистикалық  мәліметтерді  ұсынуға  арналған  тапсырмаларды 

орындауға көңіл бөлінген. Бұл практикаға бағытталған есептерді қарастыруға 

байланысты.  

3. 7-сынып, «Алгебра» оқу пәні. 

Оқу  пәнінің  базалық  мазмұнында  қолданыстағы  оқу  бағдарламасымен 

салыстырғанда 

елеулі 

өзгерістер 



жоқ. 

Егер, 


қолданыстағы 

оқу 


бағдарламасында  5  тарау  оқытылатын  болса,  жаңартылған  мазмұндағы  оқу 

бағдарламасында  6  тарау  оқытылады.  Бұл,  «функция»  ұғымына  қатысты 

материалдар  жеке  «Функция.  Функцияның  графигі»  тарауы  етіп  берілген 

және  бұл  тарауға  6-сыныптан  «Функция  ұғымы»,  «Функцияның  графигі», 

«Сызықтық  функция  және  оның  графигі»,  «Сызықтық  функциялардың 

графиктерінің өзара орналасуы», «Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер 

жүйесін  графиктік  тәсілмен  шешу»  тақырыптары  көшірілген.  Бұл 

тақырыптар  6-сынып  білім  алушыларының  игеруіне  қиындық  туғызады  деп 

есептеп, практик-мұғалімдердің ұсыныстары бойынша ауыстырылған.  


179 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет