Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы
•
Жасушалардың сызықтық ұлғаюын есептеу;
•
Биотехнологиялық
үдерістің
жалпы
сызбасы
және
биотехнологияда алынатын өнімдері;
Сонымен қатар жаңа бағдарламада терең меңгеруге арналған бірқатар
тақырыптар берілген:
•
Өкпедегі газ алмасу және ұлпалық тыныс алу механизмдері;
•
Контрацепцияның маңызы;
•
Ағзалардың тірі қалу стратегиялары;
•
Түрлі жағдайлардың ферменттер белсенділігіне әсері.
Бағдарламаның ерекшеліктерінің бірі – теориядан гөрі тәжірибеге
қарай бағытталуы болып табылады. Білім алушыға биологиялық білім беріп
қана қоймай, алған білімдерін болашақта өмірінде қолдана алатындай жағдай
жасау. Оны жүзеге асыру үшін жаттанды білім бермей, өз қолдарымен
тәжірибе жасауға баулу.
Мұғалімдер назарына!!!
Оқу бағдарламасы бойынша 7-9- сыныптарда қарастырылатын
зертханалық жұмыстар мен модельдеу жұмыстары міндетті түрде жүргізілуі
тиіс.Себебі қарастырылатын зертханалық жұмыстар мен модельдеу
жұмыстары білім алушының ізденіс қабілеттерін арттыруға мүмкіндік
жасайды. Модельдеу жұмыстары білім алушының өзіндік ғылыми ізденіс
жұмысына бағытталған болғандықтан тоқсанның басында беріледі, оны
орындау үшін нақты уақыты айқындалады. Сонымен қатар берілген
жұмыстар бағаланады. Оқу бағдарламасы бойынша қарастырылған
демонстрациялық жұмыстар бағаланбайды.Демонстрациялық жұмысты
орындау үшін мұғалім кез-келген ақпарат көзін пайдалана алады.
Мұғалімдер назарына!
«Физика», «Химия», «Биология» және «География» курстарының оқу
бағдарламаларында қарастырылатын зертханалық, практикалық жұмыстар,
модельдеу міндетті түрде жүргізілуі тиіс, себебі бұл әрекет білім
алушылардың
ізденіс
дағдыларын
дамытуға
мүмкіндік
береді.
Демонстрациялық жұмыстардан басқа барлық жұмыстар бағаланады.
Демонстрациялық жұмысты орындау үшін мұғалім кез-келген ақпарат көзін
пайдалана алады
51 кесте - 7 сыныптағы зертханалық жұмыстар саны
Зертханалық жұмыстар
Модельдеу
Демонстрация
1-тоқсан
3
1
-
2-тоқсан
4
1
-
3-тоқсан
2
-
-
4-тоқсан
5
2
-
Барлығы
14
4
-
196
Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы
8- сыныпта 14 зертханалық жұмыс, 2 модельдеу, 2 демонстративтік
жұмыс қарастырылған, оның ішінде қолданыстағы бағдарламада 8-
сыныптан – 3 жұмыс алынған. 11 зертханалық жұмыс жаңадан қосылған.
52 кесте - сыныптағы зертханалық жұмыстар саны
Зертханалық жұмыстар
Модельдеу
Демонстрация
1-тоқсан
5
1
1
2-тоқсан
3
-
-
3-тоқсан
6
1
4-тоқсан
-
1
Барлығы
14
2
2
9- сыныпта 8 зертханалық жұмыс, 2 модельдеу, 2 демонстративтік
жұмыс қарастырылған, оның ішінде қолданыстағы бағдарламада 8-
сыныптан – 3 жұмыс алынған. 11 зертханалық жұмыс жаңадан қосылған.
Зертханалық жұмыстар
Модельдеу
Демонстрация
1-тоқсан
5
1
2-тоқсан
1
2
3-тоқсан
2
3
1
4-тоқсан
-
1
Барлығы
8
7
Білім саласы бойынша қолданбалы курстарға немесе таңдау
курстарына ұсынылатын тақырыптар: «Биологиялық модельдер және
қолданбалы есептер», «Әлемнің ғылыми-жаратылыстану эволюциялық
бейнесі», «Биологиядағы математикалық модельдер және әдістер»,
«Тамақтану және денсаулық», «Экологиялық этика»,«Биология және
денсаулық»,
«Әлемнің
заманауи
ғылыми-жаратылыстану
бейнесі»,
«Биологиялық белсенді қоспалар», «Бәрі біздің түп-тұқиямызда (генетика
негіздері бойынша)», «Әлемнің інжу маржаны (7–9-сынып қыздарына
арналған курс)», «Менің денсаулығым – менің қолымда», «Тірі жасуша
жұмбақтары», (Тұқым қуалаушылықтың заңдылықтары», «Биологияның
проблемалары», «Жасушалар және тері», «Үй іргесіндегі телім»,
«Биогеография проблемалары», «Тері – денсаулық айнасы», «Заманауи
микробиология», «Нанотехнологияға кіріспе».
Мұғалімдердің өздігінен білімін жетілдіруіне және әдістемелік
бірлестіктерге ұсынылатын тақырыптар: «Биология сабағында білім
алушылардың танымдық белсенділігін арттыру», «Биология және химия
сабақтарында кіріктіріп оқытуды қолдану», «Биологияны оқытуда пәнаралық
байланыстарды жүзеге асыру», «Оқу еңбегінің дағдыларын қалыптастыру
және ұйымдастырудағы рефлексияның рөлі», «Биология сабақтарында білім
алушы тәрбиесіндегі экологиялық бағыт», «Сабақта білім алушылардың
шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамыту», «Ойлау әрекетін
197
Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы
белсендендіру кұралы ретінде жаңа материалды зерделеудегі проблемалық
тәсіл», «Білім алушының белсенді өздік жұмысы арқылы проблемалық
жағдайларды жасау», «Білім алушылардың сабақта және сабақтан тыс
уақыттағы ғылыми және жобалық жұмыстары», «Білім алушыларды
олимпиадаға дайындау әдіс-тәсілдері», «Оқу процесін жаңғырту жағдайында
сабақтарға ақпараттық технологияларды қолдану».
Тақырыптар мұғалімдердің мүмкіндіктері және жағдайларына
байланысты өзгертілуі мүмкін.
«Биология» пәні бойынша жиынтық бағалау
рәсімдерінің саны
Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық
бағалау (БЖБ) рәсімінің нақты санын және әр тоқсан сайын 1 рет тоқсандық
жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. Төменде оқу пәнінен
бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің нақты саны
көрсетілген.
53 кесте - Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаурәсімдерінің
саны
Сынып
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаурәсімдерінің саны
1-тоқсан
2-тоқсан
3-тоқсан
4-тоқсан
7-сынып
3
3
3
3
8-сынып
3
2
3
3
9-класс
3
3
3
3
7, 8, 9-сыныптарда жаңартылған білім мазмұны бойынша
«Химия» пәні бойынша оқу процесін ұйымдастыру ерекшеліктері
Химия – заттар, олардың қасиеттері, құрылымы және олардың бір-
біріне айналуы туралы ғылым.
Химия органикалық және бейорганикалық заттардың құрамын,
заттардың құрылымын,заттардың өзара әрекеттесу қабілетін зерттейді және
химиялық энергияның жылу, электр, жарық тағы басқа энергияларға өту
құбылыстарын зерттейді.
«Химия»оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
1) 7 сыныпта – аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағатты;
2) 8 сыныпта – аптасына 2 сағаттан, оқу жылында 68 сағатты құрайды;
3) 9 сыныпта – аптасына 2 сағаттан, оқу жылында 68 сағатты құрайды.
Оқу пәнінің мазмұны бес бөлімді қамтиды:
1) заттардың бөлшектері;
2) химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары;
3) химиядағы энергетика;
4) химия және қоршаған орта;
5) химия және өмір.
7-сыныпта
жаңартылған мазмұндағы бағдарламаға «Заттардың
агрегаттық күйінің өзгеруі» тақырыбындазаттардың агрегаттық күйлерінің
198
Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы
өзгеруін бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан оқыту тұңғыш рет
енгізілді, бұл білім алушыларға заттардың құрылысы мен қасиеті арасында
себеп-салдар байланыстарды жүргізуге мүмкіндік береді. Мұғалімдерге
ескеретін жайт кесте, диаграмма, суреттер, графиктер түрінде берілген
ақпаратты құруға көбірек көңіл бөлу керек, білім алушыларға физика мен
математика сабақтарында қалыптасқан дағдыларды қолдана отырып,
тәжірибе барысында температураны өлшеп және өздерінің бақылауларын
жинақтап, тиісті қызу және салқындау үрдістерінің графиктерін салуды
ұсынуға болады.
«Адам ағзасындағы химиялық элементтер» бөлімі химия пәні
бағдарламасына жаңадан қосылып отыр, бөлімде қоректік заттар, адам
ағзасындағы химиялық элементтер (О, С, Н, N, Ca, P, K), химиялық
элементтердің тірі және өлі табиғаттағы таралуы, адам ағзасындағы микро-
макроэлементтердің биологиялық рөлі, тыныс алу үдерісі, тамақтану
теңгерімі ұғымдары берілген.
Сондай-ақ
білім
алушылардың
зерттеушілік
дағдыларын
қалыптастыруға бағытталған зертханалық және практикалық жұмыстарды
орындау қарастырылған:
- «Тағам құрамындағы қоректік заттарды анықтау» № 4 практикалық
жұмысы;
- «Тыныс алу процесін зерттеу» № 11 зертханалық тәжірибе.
Бұл жаңа бөлімнің негізгі танымдық міндеттері – білім алушыларды
шынайыөмірдегі кейбір маңызды биологиялық процестердің химиялық
тараптарымен таныстыру. Биология курсынан алған білімді пайдаланып,
білім алушылар адам ағзасының химиялық құрамын оқыпбіледі. Мұнда
сондай-ақ адам ағзасына кері әсер ететін зиянды заттар туралы мәліметтер
беріп, салауатты өмір салтын ұстануға бағыттауға көңіл бөлу қажет.
Жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасына «Тағам құрамынан
қоректік заттарды анықтау»деп аталатын жаңа практикалық жұмыс
енгізілген.
«Геологиялық химиялық қосылыстар» бөлімі де жаңадан енгізіліп
отыр. Бұл жаңа бөлімде пайдалы геологиялық химиялық қосылыстар, табиғи
ресурстар, кен орны, кен, кеннің құрамы, минералдар, табиғи ресурстарды
өндіру, металдарды алу, Қазақстанның пайдалы қазбалары, минералдарды
өндірудің экологиялық аспектілері ұғымдары оқытылады.
Қазақстанның байлығы болып табылатын жанар май қоры мен
минералдық ресурстар туралы білім алушыларға «Жаратылыстану» және
«География»
пәндерікурсынан
өз
білімдерін
жинақтап
қорытуға
мүмкіндіктері бар.Жер қыртысының химиялық құрамы, кендерден металл
өндіру негіздері мәселелері қарастырылады.Бұл тақырыпты зерделеу жансыз
табиғатта өтіп жатқан процестер туралы білімддерін тереңдетуге, сондай-
ақпатриоттық сезімдерін оятуға мүмкіндік береді.
8-сыныптың оқу бағдарламасында жаңадан қосылған «Химиялық
реакциялардағы энергиямен танысу» бөліміндетиісінше экзотермиялық және
эндотермиялық реакциялар, термохимиялық реакциялар,отындардың жануы
199
Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы
мен энергиясын бөлуі, кинетикалық бөлшектер теориясы тұрғысынан
энергия өзгерту жаңа ұғымдар зерделенеді.
Жану – ол, жылу мен жарықты қоса бөле отырып оттегімен жоғары
жылдамдықта өтетін реакция.
Жанатын бөліктің басты өнімі көміртек, ол көп мөлшерде жылу бөліп
шығарады. Кейде көміртек қосылыстары шала жанған кезде өмірге қауіпті
улы газ-иіс газы СО және күйе С түзіледі.
Термохимиялық теңдеулерді дұрыс жазуға көңіл бөлу маңызды.
Термохимиялық теңдеулерді жазғанда заттардың агрегаттық күйлерін
әріппен белгілеуге назар аудару қажет, мысалы:
Н
2
(г) + Cl
2
(г) =2HCl (г) +184 кДж
N
2
(г) + О
2
(г) = 2NO(г) -180 кДж
Жаңартылған
мазмұндағы
бағдарламада
практикалықіс-
әрекеттердағдыларын
қалыптастыру
әлдеқайда
көп
дәрежеде
қарастырылған. Бұл арада практикалық және зертханалық жұмыстар ерекше
рөл атқарады.
8-сыныпта жаңартылған бағдарлама бойынша 10 зертханалық тәжірибе
берілген,оның ішінде 3-уі жаңа:
- «Әрекеттесуші заттар массасының арақатынасы» № 2 зертханалық
тәжірибе;
- «Энергияның өзгеруімен жүретін химиялық реакциялар» № 4
зертханалық тәжірибе;
- «Судың кермектігін анықтау» № 10 зертханалық тәжірибе.
«Әрекеттесуші заттар массасының арақатынасы» зертханалық
тәжірибесінде
білім
алушылар
әрекеттесетін
заттар
қатынасын
эксперименттік жолмен анықтайды.
«Энергияның өзгеруімен жүретін химиялық реакциялар» зертханалық
тәжірибе 2-ші тоқсанда өткізіледі. Бұл зертханалық тәжірибеде білім
алушылар
экзотермиялықреакциялар
жылуды
бөле
отырып,
ал
эндотермиялық реакцияларжылуды өзіне сіңіре отырып өтетінін танып
біледі.Тәжірибені оындаған кезде білім алушылардың қорғаныш көзілдірік
кигендігін қадағалау керек.
№ 10 «Судың кермектігін анықтау» зертханалық тәжірибесі«Су»
бөлімін өткенде өткізіледі. Білім алушылар судың «кермектігін» анықтайды
және оны жою тәсілдерін түсіндіреді.
Жаңартылғанмазмұндағы
типтік
оқу
бағдарламасы
бойынша
қолданыстағы
бағдарламамен
салыстырғанда
7-8-сыныптар
үшін
зертханалық жұмыстар саны көбейді.
54
кесте - зертханалық және практикалық жұмыстар мен
демонстрациялар өткізутізімі берілген.
Жұмыс түрлері
7-
сынып
8-сынып
9-сынып
Демонстрациялар
-
4
16
Зертханалық тәжірибе
11
10
16
200
Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы
Практикалық жұмыстар
4
7
6
Оқу жылы ішінде химия пәні мұғалімдерінің әдістемелік
бірлестіктеріне төмендегідей тақырыптар ұсыныс ретінде беріледі:
Химияны оқыту практикасында заманауи дидактикалық тәсілдерді
жүзеге асыру. Оқытудағы жүйелік әрекет және тұлғаға бағытталған тәсілдер.
Білім алушылардың оқу-танымдық және ғылыми-зерттеу құзыреттерін
дамыту. Пәнішілік және пәнаралық байланысты жүзеге асыру. Белсенді және
интербелсенді оқыту әдістерімен химия сабақтарында білім беру
саласындағы ынтымақтастықты ұйымдастыру тәсілдері.
Білім мен дағдыларды түзету бойынша іс-шараларды ұйымдастыру,
өзін-өзі бағалаудағдыларын дамыту бойынша іс-шаралар ұйымдастыру.
Химия пәні бойынша оқу сабақтарында бақылау-бағалау процесінде білім
алушылардың
ұйымдастырушылық
және
білімділік
қабілеттерін
қалыптастыру. Білім алушылардың бірін-бірі бақылау,бірін-бірі бағалау,
өзін-өзі бағалау,кері байланыс тәсілдерін тиімді пайдалану, пәнді оқытуда
анықталған кемшіліктерді жою бойынша жүйелі жұмыстарды ұйымдастыру.
Жалпы орта білім беру ұйымдарындағы химия пәнін оқытуда
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.
Білім алушылардың ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілігін
дамыту және білім сапасын арттыру мақсатында химия сабақтарында және
сабақтан тыс қызметте заманауи технологияларымен электронды білім беру
оқыту құралдарын пайдалану. Медиа білім беру құзыреттілігін
қалыптастыру: талдау, бағалау, ақпаратты пайдалану, оны түсіндіру және
жаңа мәселелерді шешу үшін қолдану
дағдыларын. Компьютерлік технологияларды пайдалана отырып
химиялық эксперименттерді модельдеу әдістері (виртуалды зертхана).
Академия мұғалімдерге білім берудің жаңартылған мазмұнына көшу
жағдайына әдістемелік ұсынымдамалар дайындады. Ұсынымдамалар
Академияның сайтына орналастырылған.
«Химия» пәні бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны
Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық
бағалау (БЖБ) рәсімінің нақты санын және әр тоқсан сайын 1 рет тоқсандық
жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. Төменде оқу пәнінен
бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің нақты саны
көрсетілген.
55 кесте - Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаурәсімдерінің
саны
Сынып
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаурәсімдерінің саны
1-тоқсан
2-тоқсан
3-тоқсан
4-тоқсан
7-сынып
2
2
2
2
201
Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы
8-сынып
3
3
3
3
9-сынып
3
3
2
3
«АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ» БІЛІМ САЛАСЫ
«Адам және қоғам» білім беру саласының оқу пәндерінің мазмұны
«Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы», «Құқық негіздері» және «Өзін-өзі
тану» оқу пәндерінде іске асырылады.
«Адам және қоғам» білім беру саласының мазмұны білім алушыларда
«Адам – Қоғам» жүйесі шеңберінде қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар
бойынша білім негіздерін қалыптастыруға бағытталады.
«Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша
оқу процесін ұйымдастырудағы ерекшеліктер
Негізгі орта білім беру деңгейінде тарихты оқыту:
− білім алушыларда тарихи сананы, толеранттылық, өз елі және басқа
елдердің тарихы мен мәдениетіне құрмет көрсетуді, ғасырлар бойы
қалыптасқан жалпы адамзаттық, ұлттық және жалпыадами құндылықтарды
қалыптастыруға, ойлау, коммуникативтік және зерттеу дағдыларын
дамытуға;
− білім алушыларды ұлттық және әлемдік мәдениет жетістіктеріне
тарту, қазақ халқының мәдени және тарихи мұрасының құндылығы мен
ерекшелігін
түсіну,
мәдени
әртүрлілікті
бағалау
қабілеттілігін
қалыптастыруға бағытталған.
2019/2020 оқу жылында «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі
тарихы» оқу пәндері бойынша оқу процесін ұйымдастыруда келесі оқу
бағдарламалары қолданылады:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін
атқарушысының 2017 жылғы «25 » қазандағы № 545 бұйрығымен бекітілген
Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақстан
тарихы» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін
атқарушысының 2017 жылғы «25 » қазандағы № 545 бұйрығымен бекітілген
Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Дүниежүзі
тарихы» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы.
Жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламалары
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының сайтында
орналастырылған (https://www.nao.kz /Білім беруді оқу-әдістемелік
қамтамасыз ету/ Оқу бағдарламалары./ Негізгі орта білім беру
деңгейінің жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламалары Қазақстан
тарихы. Дүниежүзі тарихы)
2019-2020 оқу жылында тарих пәндері бойынша негізгі орта білім
202
Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы
беру деңгейінің 5-9-сыныптарында жаңартылған мазмұндағы оқу
бағдарламалары енгізіледі.
«Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша оқу
бағдарламасының білім мазмұны хронологиялық реттілікпен берілген (көне
дәуірден бүгінгі күнге дейін) және әлеуметтік қатынастардың дамуы,
мәдениеттің дамуы, мемлекеттің дамуы, экономикалық даму бөлімдерін
қамтиды.
Білім мазмұнын ұйымдастырудағы ерекшеліктер:
-
тарихи пәндер мазмұнының қөлемі тақырыптық бөлімдерді біріктіру
арқылы ықшамдалған;
-
тарихи пәндер арасындағы пәнаралық байланыс іске асырылған. Бұл
оқу материалдарын қайталамауға және Қазақстан тарихын әлемдік тарихи
процестер контекстінде қарастыруға мүмкіндік береді;
-
тарихи ойлау дағдыларын (тарихи процестер мен құбылыстарды
зерттеу, талдау, түсіну және түсіндіру) дамытуға бағытталған;
-
білім алушыларда тарихи сана, ұлттық және жалпыадамзаттық
құндылықтарды дамытуға септігін тигізетін материалдарды зерделеуге
ерекше көңіл бөлінген.
«Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша оқу
бағдарламасының басты мақсаттарының бірі – оқушылардың бойында
тарихи ойлау дағдыларын қалыптастыру мен дамыту болып табылады.
Сондықтан сабақта оқушылардың «тарихи ойлау» дағдысын қалыптастыруға
мүмкіндік беретін түрлі әдіс- тәсілдерді (белсенді және проблемалық оқыту
әдістері, зерттеу, жоба әдістері т.б.) қолдану ұсынылады. «Тарихи ойлау»
өткен заманның кез-келген құбылысын сол заманның контекстінде, бұрын
болған және кейінгі тарихи оқиғалармен өзара байланысында көру, анықтау,
бағалау, талдау қабілетін білдіреді. Осы қабілетке ие болу арқылы оқушы
өткен тарихқа қатысты білім мен түсінікке негізделген өзіндік дәлелді
ұстанымды қалыптастыра алады. Тарихи ойлау дағдылары әрбір сабақта
олардың біртіндеп кеңеюі мен прогрессиясы негізінде дамытылуы тиіс.
Сондықтан, жаңартылған білім мазмұны бойынша «Қазақстан
тарихы», «Дүниежүзі тарихы» пәндерін тарихи түсініктер негізінде
оқыту ұсынылады:
Оқыту келесі түсініктердің негізінде құрылуы тиіс:
1) өзгеріс және сабақтастық (мысалы, белгілі тарихи кезеңде қоғам
қаншалықты өзгеріске ұшырады)
2) себеп-салдар (мысалы, белгілі тарихи кезеңде қандай маңызды
факторлар саяси үдерістерге әсер етті);
3) дәйек (белгілі тарихи кезеңнің өнері бізге құндылықтар, наным-
сенімдер мен технологиялар туралы қандай мәлімет бере алады);
4) ұқсастық пен айырмашылық (мысалы, XIII-XV ғғ. Қазақстан
территориясындағы мемлекеттердің саяси құрылысындағы ұқсастықтар мен
айырмашылықтар);
203
Достарыңызбен бөлісу: |