Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016


Абылайдың қазақ жерлерін біріктіру жолындағы күресі



бет26/251
Дата26.10.2022
өлшемі0,62 Mb.
#155042
түріОқулық
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   251
Байланысты:
ҰБТ Қазақстан тарихы 8 сынып Атамұра Алматы
Home alone 2, Saba-ty-ba-ylau-para-y-osymsha, Шамалар. Масса. 1 сынып, Хфөпма 15, stud.kz-36854, Кушербай Мадина , философия 9 Камбаралиева Н, философия 9 Камбаралиева Н, 1zX1R5JBYxVpSZQ62VZMp41z-7vDwifwM
4. Абылайдың қазақ жерлерін біріктіру жолындағы күресі. Абылай хан Қазақ хандығының қауіпсіздігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін сыртқы саясатты асқан көрегендікпен жүргізді. Ресейдің қол астына сырт көзге ғана формалды түрде қарағаны болмаса, 1756 жылы Қытай үкіметімен дипломатиялық қатынас орната бастады. Бұл шара оған Ресейдің Қазаңстан аумағындағы отаршылдық әрекеттерін тоқтатуына, сонымен қатар Қытай тарапынан туындайтын қауіпке жол бермеуіне мүмкіндік туғызды.
Осы кезеңде қазақ билеушілері мен Қытай үкімет билігі арасында жер қатынастарына байланысты едәуір шиеленісті дау туды. Қытай шекара мәселелерін реттеп қайту үшін Қазақстанға, Абылай сұлтанға хат жазып, арнайы елшілік жіберді. Алайда Абылай Қытайдың Жоңғарияны басып алғанын мойындағысы келмеді. Онымен де қоймай, жоңғар қалмақтарының циньдерге қарсы көтерілісін бастаған Әмірсанаға белсенді түрде көмек көрсете бастады. Қазақ басшылары Жоңғария жерінің бір бөлігі оның байырғы қожайыны болып табылатын қазақтарға қайтарып берілуін заңды деп санады. Бірақ Қытай жоңғарлардың көзін жойған негізгі жеңімпаздың құқығы өзінде екенін пайдаланып, ол жерлерді қайтарып беруден үзілді-кесілді бас тартты.
1756 жылдың көктемінде қазақ жасақтары Қытай әскерлеріне қарсы Жоңғарияның ішкі бөлігіне жорық жасап, терең еніп кетті. Бұған жауап ретінде Қытай императоры енді Қазақстанға шабуыл жасауға бұйрық берді. Қазақтар Цинь әскерімен бірнеше рет шайқасты, олардың даланың ішкі жағына терең бойлап өтуіне жол бермей, бөгеп тұрып алды. Бұл шара қазақ ауылдарының соғыс қимылдары аймағынан ұзаққа көшіп кетуіне жағдай туғызды. Қазақ жасақтары Қытай әскеріне күтпеген жерден үсті-үстіне шабуылдар жасады. Қытай әскері келген ізімен кері қайтуға мәжбүр болды.
Жеңіс қазақтар жағында болса да, алып империямен ұзақ соғысу өте тиімсіз еді. Екі ел арасында келіссөздер басталып кетті. Қытайлар Іле өзенінің аңғары мен Тарбағатай аймағында әскери бекіністер сала бастады. Ондағы мақсаты - босап қалған Жоңғар жеріне қазақтардың қайта оралуына жол бермеу еді. Қытай боғдыханы қазақтардың Аягөз өзенінің оңтүстік жағына қарай көшіп-қонуына тыйым салатыны туралы жарлық шығарды. Алайда қазақтар Тарбағатайдағы жайылымдарды қытайлардың рұқсатынсыз өз беттерімен қоныстануын тоқтатпады. Қытай әскерлері қазақтарды қайтадан кері қуып шығу үшін жазалау операцияларын бірнеше рет жүргізді. Бірақ қыс түсіп, қытайлар кеткен кезде қазақтар ол аймақтарға қайтадан көшіп баруын қоймады. Көшіп барушылардың саны ол аймақта бірте-бірте арта түсті. Абылай қытайлықтармен келіссөз жүргізуді күшейтті. Соның нәтижесінде 1767 жылы Қытай жағы Тарбағатай аймағындағы және Іле өзені бойындағы жайылымдарды қазақтардың пайдалануына рұқсат етуге мәжбүр болды. Оның есесіне қытайлықтар жайылымды жалға алып пайдалануды және қазақтардың Қытай мемлекетінің қол астына өтуін талап етті. Сөйтіп XVIII ғасырдың аяқ кезінде Орта жүз бен Ұлы жүз қазақтарының бір бөлігі Қытайдың қол астына өтіп, Синьцзяньдағы шөбі шүйгін жайылымдарға жайғасты.
Абылай хан қазақ пен қырғыз шекарасында тыныштық орнатуға арналған бірқатар шараларды жүзеге асырды.
Абылай 1779 жылы мазасыз қырғыздарға жорық жасауға мәжбүр болды. Жорық бейбіт келісім жасаумен аяқталды. Абылай ең атақты деген манаптардың балаларын аманатқа алып қайтты. Қыруар көп қырғыздарды тұтқынға алды. Олардан Жаңақырғыз және Байқырғыз деген екі болыс ел құрастырып, Көкшетау аумағындағы атығай руының арасына қоныстандырды. Абылай ханның бұл шаралары туысқан екі халықтың қарым-қатынасын жақсартуға үлкен себеп болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   251




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет