Оқулық Алматы 2011 Пікір жазғандар: Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С. Тебегенов



бет52/205
Дата06.01.2022
өлшемі1,06 Mb.
#109867
түріОқулық
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   205
Байланысты:
Әлем әдебиеті by Көптілеуова Д.Т. (z-lib.org)

Бхартрихари жайлы көптеген қарама-қайшы аңыз-әңгімелер де кездеседі. Ең қызық әрі шындыққа жанасатын әңгіме қытайлық И Цзиннің жазбаларында келтірілген. Ол Үндістанға келер алдында қырық жыл бұрын, яғни 651 ж., «Вакьяпадия» грамматикалық трактатын және Үндістанда кеңінен танымал болған бірқатар шығар­маларды жазған ұлы ғалым Бхартриха­ридің қайтыс болғанын айтады. Бхартрихаридің бейнесін салған И Цзин оның монахтар мен ақсүйек­тер өмірі туралы көп ойланғанын айтады. И Цзиннің айтуынша, бірде шіркеуге келіп, ол бірден өз оқушысынан ат арбаны дайын ұстауды сұрайды, яғни әлемнің қызығушылығы оны билеген кезде бірден кетіп қалуына мүмкіндік болу үшін дайын­далады.

Бхартрихаридың мұрасын үш шатака құрайды: «Шрингараша­така» («Махаб­бат жайлы жүз шумақ»), «Нитишатака» («Дана тәртіп жайлы жүз шумақ»), «Вайрагьяшатака» («Босату жайлы жүз шумақ»). Сақталған шатака қолжазбалары интерполяция мен қосымша­ларға толы, онда «Пан­чатантра», «Шакунтала» мен «Мудра­ракшадан» бірнеше шумақтар кезде­се­ді, антологтар бұл шумақ­тар­ды басқа ақындарға тіркеп қойғандықтан, қазір бұл шатака­лар­дың түпнұсқасын қай­та қалпына келтіру мүмкін емес.

Бхартрихаридің шығармашылығының негізгі сарыны - өмір елесі мен оған деген қызығу­­шылығы және өзінің құмарлық сезімдеріне қарсы күресі; бір жағынан әйелдер, патша сарайы, байлық, ал екінші жағынан қуаныштарға деген немқұрай­лы­лық, даналық пен әділдік - міне, осы екі жағымды нәрсе Бхартри­харидың поэзиясындағы лирикалық шиеленіске негіз бо­лып, әрбір шатаканың мазмұнын айқындап береді.

Жалпы санскрит лирикасындағы сияқты Бхартрихаридың да әрбір шумағы тұйықталған бірлік болып табылады. Әр шумақ өзіндік ой мен жеке идеялар арқылы жанданады, ал ұзақ кө­лем­ді формалар бір шумақта кейде кішігірім поэмаға жетерлік мағына­ның ашылуына мүмкіндік береді.

Үнділік классикалық кезеңде прозалық мағынадағы дүниелерде кездеседі. Сондай санскриттік романдардың бірі сана­латын Дандиннің «Дашакамара­чарита» («Он ханзада оқиғалары») шығармасы.

«Дашакамарачаритада» ханзада Раджавахан және оның тоғыз жолдасы жайлы баян­далған. Олар тағдыр тәлкегімен ұзақ уақытқа бір-бірінен алыстап, кейін кездеседі де, бір-біріне кезекпен бас­та­ры­нан өткен шытырман оқиғаларды айтып береді. Роман компози­циясы көмкерілген повеске жақын, бірақ бір айырмашылығы – соңғысында эпизодтар көрнекі және шектеу мазмұ­нына еш қатысы жоқ, ал Дандиннің туындысында олар өзіндік қасиетке ие бола тұра, белгілі бір дәрежеде Раджаваханның тағдыры жайлы негізгі баяндауды толықты­рып тұрады, ал бұл өз тарапынан танымал сюжет­тік бірлікті романға тиесілі етеді.

Дандин әңгімелеуінің қызықтылығы мен көркемдігі романда көп орын алатын әзіл-сықақ көріністерін күшейте түседі, кейбір күлкілі эпизодтар, мысалы, Камамньджари гетера­сының «ұлы тақуа» қарт Маричиді азғыруы немесе «Артхашастраның» нұс­қауы­мен ғана жүретін патша­ның мүшкіл жағдайы, айқын түрде сатиралық реңкке ие. Дегенмен Дандин салған ғұрыптар көріні­сінде оның жеке идеалын көру оңай емес, ол барлығын кастасына да, атағына да, ол патша болсын, брахман, аскет, саудагер, қара­пайым қолөнерші немесе шаруа болсын, ешнәр­сеге қара­мастан, әрқашан күлкі етуге дайын. Тіпті романда құдайлардың өздері де үлкен құрметке ие емес, оларға адамгершілікке жат іс-әрекетті ақтау керек болған кезде ғана сілтеу жасалынады (мысалы, гетера Маричи қартты құмарлық ләззат алудан бас тартқанда күнә бар екенін сендіру үшін, оған аспан құдайларының махаббат ерліктерін тізіп береді). Жалпы ешқан­дай да адамгершілік мәселелер роман кейіпкерлерін қызықтырмайды және оған деген автордың көзқара­сын білдірмейді.

YIII-XII ғ. санскрит әдебиетіндегі өмірге бейім туындылардың бірі көмке­рілген повесть болып табылады. Қарастырылып отырған кезеңде «Панчатан­траның», «Брихаткатхидың» және көптеген бір­ту­ма жинақтарының жаңа нұсқалары пайда болған. Үндістанда және одан тыс аймақтарда «Панчатантра­ның» кейінгі үлгісі – «Хитопадеша» («Қайырымды нұсқау») кеңі­нен таралған, оның құрастырылған уақыты әдетте ІХ-Х ғ. деп белгіленеді. Бізге белгі­сіз «Хитопадже­шаның» авторы (бір қолжазбаларда ол Нараяна деп аталған) «Панчатантраны» ғана қолданбай, басқа да жинақты пайдаланған. «Хитопаде­шаның» басты ерекшелігі онда «Панчатан­тра­дан» да көп көрнекі өлең жолдары­ның болуында.

І мыңж. орта тұсында авторы белгісіз «Веталапанчавин­ша­ти­ка» («Вета­ланың 25 әңгі­месі») туындысы бір­не­ше редакциямен жеткен. Бұл жинақтың кейіп­кері – жарты­лай танымал патша Викрам, аңыз бойынша ол б.з.д. І ғ. Удджайиниде билік құрған. Бұл патша­ның сара­йы­на бір сопы келіп, оған ішінде бағалы меруерті бар жеміс сыйға тартып, оның орнына патшадан бір қызмет көрсетуін сұрайды, яғни өлілерді күйдіру орнына барып, оған ағашта ілініп тұрған ветала деген құбылғыш жын кірген өлікті алып келуін сұрайды. Өлік сопыға сиқырлы күшке ие болу үшін қажет болатын. Бірақ патша тіс жармау керек, әйтпесе, өлік одан қашып құтылып, ағашқа қайта оралады. Викрам қабірлер басына барып, ағаштан өлікті шешіп алады, жолда ветала патшаны әңгіме­ге тартпақ болады, оған түрлі түсінік беруге болатын әңгімелерді қозғайды. Ветала әңгімесін сұрақпен аяқтайды да патша үндемей қала алмай­ды. Осы уақытта өлік ағашқа қайта оралады, патша қайтадан баруға мәжбүр болады. Патша жауап беруден бас тартқанша, оқиға 24 рет қайталанады.

«Веталапанчавиншатиканың» тек кейінгі өңдеулеріндегі жина­ғы «Шука­сап­тати» («То­ты­құс­тың 70 әңгімесі») ғана бізге жеткен. Баяндау барысында кө­пес­тің жеңілтек мінезді әйелінің күйеуі басқа жерге кеткен кезде ашынасымен кездескісі келетіндігі айтылады. Бірақ әрқашан ол табалдырықтан аттай бері­сімен, тотықұс оны түрлі-түрлі қызықты әгімелерімен ұстап қалады. Осылай күйеуі оралғанша қайталанып отырады.

Бірақ YIII ғ. аяқ кезінен бастап, Үндістанның қоғамдық өмірі жағ­д­айында санскрит әдебие­тінің мүмкіншіліктері әлсірей бастай­ды.

Бұл өзгерістер ішкі әлеуметтік және саяси дамудың нәтиже­сін­де, феода­лизмнің нығайып, ірі, қуатты империялардың күйреп, көптеген феодалдық мемлекеттер мен ІІ ғ. мұсылман жаулаушылық­тарының салдарында Үндістанда жаңа халықтар қалыптасып, түрлі тілді және түрлі сипаттағы мәде­ниет­тің пайда болуына негіздер салына бастайды.

Мұндай әдебиеттер арасында дравидтік тамиль әдебиетінің жағдайын атап өту өте маңызды. Тамиль әдебиетінің ерте ескерткіштері (панегирика пен лирикалық поэмалар) сол­түс­­тік үнді ықпалынан тыс пайда болған сияқты, дегенмен классикалық санскрит әдебие­тімен ұқсас жағдай­ларда қалыптасқан тамильдік әдебиет ұзақ уақыт оған типология­лық тұрғы­дан жақын болып қалады.

Тамиль мәдениетінің екі ұлы ескерткіші «Тируккурал» және «Наладийар» дидакти­ка­лық жи­нақ түрінде құрылған. «Тируккурал» («Қасиетті куралдар») 1330 куралдан тұратын жинақтар (мет­ри­­ка­лық образда­ғы екі жолды өлеңдер) - өлең афоризм­дері болып табылады. Оларды құрас­тырған атақты Тиру­вал­лувар дана деп айтылады. Жинақ ежелгі Үндістанның үш дәстүр­­лі өмір мақсат­тарына сай келетін үш бөлім­нен тұрады: дхарма, артха, кама. Соңғы мақсат – мокша, жан­ның мате­риалды дәнекерден босатылуы, яғни қайта туу циклінен босату – «Курал­да» көрсетіл­ме­ген, себебі афоризмдерді құрай отыра, автор, алды­мен, осы өмірдегі адам жайлы айтқан.

«Тируккуралдың» бірінші бөлігінде адамның адамгершілік образындағы афоризмдері жинақ­тал­ған. Қамқор отағасы, қонақжай үй иесінің мінсіз бейнесі басты назарда болады. Жақсы­лық жасау жайлы айта отырып, автор белгілі бір діни доктринаны ұстанбайды. Жалпы кейбір жағдай­ларда джайнизм мен буддизмге тән пікірлер­дің бағытын көруге болады, бірақ автор түрлі ілім­дер­ден өзінің дүниетанымына сай келетін тұстарын ғана таңдап алады. Осылай­ша, шығармалар­да махаббат, қонақжайлылық, алғыс, жақсылық пен жүректің жо­март­тығы туралы тараулар да кездеседі.

«Тируккуралдың» екінші бөлімі адамның қоғамдық қызметіне арналған. Мұнда мемле­кеттік құрылыс, шенеуніктер мен патшаның міндеттері, басқару әдістері және тағы да басқа сұрақтар қам­тыл­­ған. Сондықтан екінші бөлім адамның қоғамдық міндетте­ріне емес, өмір мен әрекеттің бас­ты принциптеріне арналған; мұнда ілім-білім, ризашылық, кемшілік­терді жеңу, достық сияқ­ты тақырыптар қозғалады. «Куралдың» үшінші бөлімі - ковей («гүл тізбе­гі») жан­рын­­­да­ғы тамиль поэзиясының алғашқы үлгісі, ол кейін ортағасырлық поэ­зияда кең тарап, ғашық­тар қатынастарының дамуын суреттейтін эпизодтар тізбегін құраған.

Діни фанатизмнің болмауы, пайымдау­дың тереңдігі мен нақты­лығы оны тамиль қоға­мының бар­лық сатысында танымал етеді. «Куралдың» тамиль мәдениетіне әсері өте үлкен, оны кейде «та­миль ведасы» деп те атайды. «Наладийар» («Төрт жол шумақ» YII-X ғ.) деп аталатын 400 өлең шумақтарынан құралып, үш бөлімнен тұрады. Жалпы бұл туынды сөзсіз аскет­тік сарында қатал жазылған шығарма болып табылады.

І мыңж. екінші жартысында жоғарыда аталған шығармалардын басқа тағы да бірқатар джайндық поэмалар пайда болған, мысалы Конгувелирдің «Перунгадейі» («Үлкен әңгіме») «Брихат­катхидің» тамильдік нұсқасы, Тола­мо­життевараның сюжеті «Маханпурана­дан» алынған «Суламани» («Диадема­дағы асыл тас») атты поэма­сы. Олардың пайда болуы оңтүстік Үндістан­дағы джайндық діннің өмірлік тұрақтылығы мен джайндықтардың қызмет­терінің осы уақытта біраз күшейгеніне куә болады. Бірақ олардың ықпалдары YI ғ. діни бхакти ағымының дамуына байла­нысты әлсірей түседі. Бұл ағым джайнизмды ығыстырған­мен, өзі пайда болған дәстүр­лі брах­ма­­низм­г­е қарсы болады. Бұл ағымның маңыздылығы адамның құдаймен тілдесуінің алдың­ғы шарты - сезім, құдайға деген тірі махаббат, онымен тікелей эмоциялық қатынасты іздестіру деген түсінігінде жатыр. Ондағы сыртқы әдет-ғұрыптар мен құдайды танудағы қиын тәртіп­терден бас тарту бұл ағымның демократиялық сипатын көрсетіп, абыз-брахмандар табының жойылуына әсер етеді. Бхатки үшін ақындық шығармашылықпен органикалық байланыс тән. Діни эмоциялар діни әнұрандарда тікелей көрініс табады. Бұл еркін жанр веда мифологиясына, эпос, санскриттік пуранға (кейбір тамильдік аңыздар мен мифтер де қолданылады) сүйенеді. Бхатки ілімінің тарапынан жалпы ақын­­дық шығармашылықтың өзі жалпы ритуалдық әрекет ретінде қарастырылады.

Солтүстік үнді әдебиетті (хинди, бенгал, маратхи, пенджаб және т.б) YIIІ-ХІІІ ғ. қалыптас­қан деп айту ертерек болады. Бұл әдебиеттер тек ұлттық әдеби құндылықтар мен осы әдебиеттің ескерткіштері апабхранша және басқа да ауыспалы тілдерде шығарыла бастаған кезде ғана өмір сүре бастайды. Олар­дың қалыптасуына дравидтік әдебиетпен қатар санскриттік әде­биет­тің де қосқан үлесі ұшан теңіз. Көптеген үндіарийлік әдебиет­тердің ерте кездегі ескерткіштері ежелгі үнді эпосына жасалған өңдеулер ретінде келсе, кейде чампу немесе пенджабтықтардың вара, раджастандықтардың расо сияқты батырлар дастаны, тіпті тұтас жанрларда санскриттік үлгі бойынша өзгертулерге ұшы­рап отырған. Дегенмен санс­крит­тік ықпал жаңа әдебиеттің ерекше­лігін айқындайтын факторларды жоя алмайды. Орта ғасыр­ларға тән діни күпірлік түрін­дегі оппозициялық демократиялық ағымдар олардың да­муын­да маңызды орынды алады. Пенджаб әдебиетінің ескерткіштерінен натха секталық қозға­лысының қаты­су­шыла­ры­ның өлең­де­рін, хинди әдебиетінің мұрасынан - синдх-ақын­дары­ның апабхранша тілінде жазылған өлең­дерін, ал бенгал әдебиетінің шығармашы­лығы­нан – буддист-тантристар құрастыр­ған «Чорджа­под» діни әнұрандарының жинақтарын кез­дес­тіруге болады. Осыған ұқсас мәтіндер жергілікті фольклормен тығыз байланысты болған. Дәл осы тірі фольклорлық дәстүрмен тығыз байла­ныс және кейінгі санскрит әдебиетінен ерекшеленетін жаңа үнді әдебиеттің өзекті идеоло­гия­лық бағыттары ХІІІ ғ. бастап, бұл әдебиетің гүлдену кезеңіндегі көркемдік құндылықтарының алғышарттарын жасайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   205




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет