ӘЛЕМДІК Орта ғасырЛАР әдебиетіНЕ КІРІСПЕ
Орта ғасыр дәуірінде әлем әдебиеті дамудың жаңа кезеңін бастан кешірген болатын. Бұл құбылыс Еуропа, Азия мен Солтүстік Африкада құлиеленушілік құрылыстың ыдырап, толық жойылғанынан кейін өндірудің феодалдық тәсілінің пайда болуы мен оның даму кезінде жүреді. Осы кезде құлиеленушілікті білмеген «жабайы» халықтар да феодлизмге өткен болатын, бірақ олар феодализмге бірден алғашқы қауымдық құрылыстың құлауынан кейін өтеді. Ирландия мен Испаниядан бастап Индонезия мен Жапон аралдарына дейінгі алып географиялық бытыраңқылық пен уақыт аралығына қарамастан, өндірудің феодалдық тәсілі және онымен байланысты идеологиялық, саяси және мәдени институттар ежелгі әлем әдебиетінің негізгі тірегі болады.
Осылайша, қалыптасқан идеологиядағы феодалдық құрылыс талассыз шіркеу беделімен сипатталады. Мұндай қызметке тек христиан діні ғана емес, сонымен қатар басқа да көптеген монотеистік негіздегі «әлемдік» діндер де ие болған. Ежелгі діндерге қарағанда, мұндай діндердің адамгершілік құндылықтары зерттеліп, анықталады. Сондықтан да орта ғасырлар әдебиетінде этикалық мәселелер маңызды орынға ие болады. Осындай діни идеология салтанат құрған дәуірде кез келген әлеуметтік қайшылық сөзсіз діни мәселелер төңірегінде жүреді.
Шіркеулік идеология бөлшектенген қоғамның таптық–иерархиялық құрылымын анықтайды. Иерархиялық байланыстар жүйесі өмірде де, мәдениет саласында да түрлі аймақта түрліше болғанымен, орта ғасыр дәуірінде олардың басты белгісі болып табылған таптық мәселелер әмбебап сипатта болады.
Орта ғасырлардағы әлем әдебиетінің үдерісі айқын бірлікпен сипатталады. Осы бірліктің негізінде қоғамдық құрылыс пен мәдениет деңгейінің жалпылық сипаты жатыр. Орта ғасыр дәуірінде географиялық тұрғыдан бір-біріне жақын үздіксіз байланыстағы әдебиет пен бір-бірінен алшақ келетін ежелгі салт-дәстүр негізіндегі «көне» әдебиеттер мен «жас» әдебиеттердің барлығы да жалпы заңдылықтарға бағынады.
Зерттеліп отырған кезеңді ежелгі дәуірден алшақтататын хронологиялық шекара жеткілікті дәрежеде жалпы әмбебап сипатқа ие. Осындай алып мыңжылдық дәуірдегі әлем әдебиетін, яғни Ерте орта ғасырмен Кемелденген орта ғасыр әдебиетін бөліп көрсетуде де өзіндік тұтастық бар. Әлемнің әр түкпіріндегі әдебеттерде бұл үлкен кезеңдердің сипаты көбіне бір типті болып келеді. Нақтырақ айтсақ, әдеби үдерістердің бағыттары мен олардың түрлері және нақты әдебиеттердегі ескерткіштер мен олардың ерекшеліктерінде ұқсастықтар кездеседі.
Дегенмен ортағасыр әдебиеті әлем мен адамды тану және шындықты нақты әрі дәл суреттеуде тынымсыз тәжірибе жинау үстінде болады.
Орта ғасыр әдебиеті әр алуан және бай болғаны соншалық, орта ғасыр дәуірінен кейінгі кезеңде пайда болған әдеби үдеріс оның ғасырлар бойы қалыптасқан тәжірибесіне сүйенбей, өмір сүруі мүмкін емес еді. Көптеген шығыс әдебиеттерінде ортағасыр дәстүрлері, өзгеріске ұшыраған түрде болса да, ХІХ ғ. алғашқы жартысына дейін өмір сүруін тоқтатпады. Мұндай әдебиеттер үшін бұл дәстүрлер ұлттық мұра болған. Батыста да мұндай дәстүрлерден толық бас тарту болмады. Бұл аймақта орта ғасыр мәдениетінде кездесетін кертартпа тұстары ғана алып тасталынады. Дегенмен орта ғасыр әдебиеті өзінің жетістіктерімен бірге адамзаттың әдеби дамуында маңызды дәуірдің бірі ретінде өз бағасын табаты.
Достарыңызбен бөлісу: |