Сенека (б.з.д. I ғ.). Луций Анней Сенека - мемлекет қайраткері әрі әйгілі Рим жазушыларының бірі болған. Сенека Римде риторикалық білім алып, оны философиялық дәріс алумен кеңейтеді. Сотион, Аттал, Фабиан Папирий Сенеканың философиялық ұстаздары болады. Платон мен Эпикурге қызығушылығы басым бола тұрса да, ол өмірінің соңына дейін стоицизмге бейімділігін жоғалтпай сақтайды.
Оның әдеби мұралары философиялық шығармалар мен поэтикалық туындылардан тұрады. Бірінші топқа Тибериде зардап шеккен тарихшы Кремуций Кордтың қызы Марциге жұбаныш жолдау хаты, Гельвийдің анасы мен беделді де ерікті Клавдий Полибиге айдаудан жолдау хат. Екінші топтың мазмұнында этика мәселелері («Ашу-ыза туралы», «Өмірдің қысқалығы туралы», «Қайырымдылық туралы», «Бақытты өмір туралы», «Жанның жайлылығы туралы», «Данагөйдің шыдамдылығы туралы» т.б.), «Табиғи-ғылыми сұрақтар» мен «Луцилиге мораль тақырыбындағы хаттар» жинағы.
Поэтикалық туындыларында өлтірілген император Клавдийге арналған «Асқабаққа айналу» сатирасы, эпиграммалар және «Есерленген Геркулес», «Трояндар», «Финикияндар», «Медея», «Федра», «Эдип», «Агамемнон», «Филет», «Этедегі Геркулес», «Октавия» деген 10 трагедиясы жатады.
«Шарапат туралы», «Адамгершілік туралы» трактаттарында ол «білімпаз монарх» идеалын суреттейді, сонымен бірге қалың топты жақтырмайды, құл иеленуші жоғарғы таптың көңіл-күйін бейнелейді.
Сенеканың барлық шығармалары (философиялық) дидактикалық, тәрбиелік мәні бар туындылар. Оның философиялық шығармаларының ерекшелігін бейнелі тілмен өрілген антитезалар, парадокстар, есте оңай сақталатын сентенциялар құрайды.
«Агамемнон» трагедиясында Сенека оқиға сюжеті арқылы қарапайым өмірді дәріптейді. Қарапайым өмірге қарама-қайшы трагедиялар ретінде байлардың мастығы мен тирандардың үстемдігі суреттеледі.
Қайта өрлеу дәуірінде де Сенека трагедияларының маңызы зор болды.
Достарыңызбен бөлісу: |