Оқулық Алматы 2011 Пікір жазғандар: Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С. Тебегенов



бет43/205
Дата06.01.2022
өлшемі1,06 Mb.
#109867
түріОқулық
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   205
Байланысты:
Әлем әдебиеті by Көптілеуова Д.Т. (z-lib.org)

Вергилий. Публий Вергилий Марон (б.з.д. 70-19) Рим империясының әйгілі ақындары­ның бірі. Вергилийдің өмірі тірі кезінде аңызға айналған.

Жас кезінде Вергилийдің ойы екі идеяның әсерінде болады, сондықтан бір жағынан ол неоте­рикалық поэзия бой ұрса да, кейде жаңа стильдегі лирикалық та, сатиралық та өлеңдер жаза бастайды. Жас кезінде жазылған өлеңдерінен тек қайтыс болғаннан кейін ғана «Ұсақ өлеңдер» деген жинағы жарық көреді. Оның шығармашылық ғұмырына екінші әсер етуші фактор ол - эпикурлік мектеп болатын. Ол мектеп Вергилийдің поэзияға деген құштар­лығын оя­тады. Ал поэзия Вергилийдің өмірде ұстантан мақсаты мен шығармашылығының іске асуы жолындағы орны бөлек жанр еді. Осы мектепте жүріп, ол ақын Вариймен танысып, онымен тығыз қарым-қатынаста болады. Вергилий - Рим империясының күйреуін өз көзімен көрген куәгерлердің бірі.



Вергилийдің негізгі үш жыры бар. Олар: « Бақташы жыры», «Егіншілік туралы дастан», «Энеида». Бірінші жырында - негізгі идеясы идиллиялық өмірді мадақтап, саясаттан аулақ болуға тырысты. Жыр «Бакташы жыры» немесе «Эклог» деп аталады. Себебі бұл жыр - 10 эклог­тан тұрады. Бұл эклогта Мелибий деген қойшы өз Отанын тастап кетеді. Өйткені мемлекет оның жерін азамат соғысына қатысқан ардагерлерге тартып алып берген еді. Ал оның досы Титир деген қойшы өз жерін ешкімге бермей сақтап қалады (Титир - автордың өзі). Автор римдік кезеңді сұрықсыз заман ретінде көрсетеді. Y эклогта Асиний Полион «алтын ғасыр» келе жатқанын естиді. Бұл болашақ Авгус­тің бейбіт­шілік саясаты еді. Олар бұл баланың туылуын екі отбасынан күтті. Бірі Октавиан отбасында, екіншісі Асиний По­лион жанұясында. Брундисейлік бейбітшілік осы баланың өмірге келуімен суреттеледі. Бұл Октавиан мен Антонидің достасуына әкеледі. Асиней Полион отбасында бұл бала туылады. Бірақ «бала» шынайы өмірде болмаған қиялдың жемісі еді. X эклогта Корнелей Галло деген махаббат күйігіне өртенген бейнені көреміз. Оқиға жырды түйіндейді.

Екінші «Егіншілік туралы жырда» (б.з.д. 36-24 ж.) - «рахат» өмірді шаруалар еңбегінен іздейді. Ақын осы жазу үшін шығармасын жеті жыл күткен, тек 29-шы жылы Акциумдағы шайқастан кейін ғана қолына қалам алады. Бұл шығарма 4 кітаптан19 тұрады.

Үшінші жыр - «Энеида» да «Илиада» мен «Одиссеяға» ұқсас поэма. Бұл поэмада импера­тор Августтің «түп атасы» Энейдің жорықтары мен шайқастары жайлы баяндайды. Негізгі кейіпкер - қашқын, өзінің Отанының күйреп жатқанын көре тұра қашып кетеді. Анти­ка­лық биографтардан Вергилий кітабын он екі бөлімді құрайтынын білдік. Б.з.д. 19-шы жылы «Энеида» дайын болуға жақын қалған еді. Автор енді қалған өмірінде осы шығарма­ның кем-кетігін толтырумен айналыс­пақ ойы бар болатын. Бірақ қапыда келген ажал бұл жоспарына жеткізбейді. Грекиядан қайтар жолда Вергилий ауырып, халі өте нашар күйінде Брундизийге жеткізіледі. Сонда 19-шы жылы 21 қыркүйекте қайтыс болады. Ол өлер алдын­да өзінің бітпей қалған поэмасын өртегісі келеді және өзінің баспаға берілмеген жұмыстарын жарыққа шықпасын деп өсиет етеді. Бірақ Август бұл өсиетке қарсы болып, барлық қалған еңбегін оның ақын достарының қолына ұстатып, бастыруға тапсырыс береді.

Вергилийдің классикалық үлгіде жазылған шығармасы «Энеиданы» орыс қаламгері В.Брюсов зерттеп, орыс тіліне аударған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   205




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет