Оқулық Алматы 2011 Пікір жазғандар: Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С. Тебегенов



бет44/205
Дата06.01.2022
өлшемі1,06 Mb.
#109867
түріОқулық
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   205
Байланысты:
Әлем әдебиеті by Көптілеуова Д.Т. (z-lib.org)

Гораций (б.з.д. I ғ.). Квинт Гораций Флакк б.з.д. 5-ші ж. 8 желтоқсанында Италияның оңтүстігіндегі Венузия жерінде дүниеге келген.

Гораций - барлық білім баспалдағынан өткен кемел адам. Басында кәдімгі Римдегі Орбилия мектебінде алғашқы оқуын бастап, сол жерде ол Ливий Адроник пен Гомердің «Латындық Одиссейін» оқиды, содан кейін Афиныдағы Платон академиясында грек әдебиеті және филосо­фиясымен айналысады Бұл академия сол кезде Афиныдағы мансабы биік жоғар­ғы оқу орны болып саналған. Афиныда ол грек тілін өте жақсы меңгереді, тіпті сол тілде өлеңдер де жазады.

Алғашқы өлеңдерін 39-38 ж. латын тілінде жазудан бастайды. «Сатира» бастамасы болған гексометрикалы, «Эподтарының» бастамасы болған ямбалы туындылары жарыққа шыға бастай­ды. Горацийдің әдеби ізденістері оның классикалық қозғалыспен қатар жаңғыра бастайды. Өйткені Гораций П.Вергилий Марон және Л.Варий Руф басқарған классикалық қозғалыстың өкілі болады. Б.з.д. 17-ші ж. ел керемет салтанатпен «ғасырлық ойындар», яғни азаматтық соғыс кезеңі­нің соңы мен Римнің өркендеуінің жаңа дәуірін, «ғасыр жаңаруын» тойлайды. Август Горацийге мерекелік рәсімге әнұран жазуды тапсырады. Салтанатты «Мерейтойлық әнұран» б.з.д. 17-ші ж. 3 тамызында Аполлон ғибадатханасында 27 ұл және 27 қыз балалардан тұра­тын хорда айтылады.

Содан бастап Гораций зор атаққа ие болады. Халық алдында сөз өнерінін нағыз шебері ретінде танылады. Гораций соңғы он жыл өмірін әдебиет мәселелеріне арналған «Жолдау» кі­та­бына арнай­ды. Үш жазбадан тұратын кітап б.з.д. 19-10 ж. аралығында жазылған. Бірінші Августке арналған жолдауы 12 ж. шықса, екінші Юлия Флорға арналған жолдауы 20-19 ж. аралы­ғында туған, үшіншісі Пизонға жолдауы 10-шы жылдарда жазылған.

Гораций б.з.д. 8-ші жылдың 27 қарашасында ол 57 жасқа толған кезінде кездейсоқ ауру салдарынан қайтыс болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   205




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет