Оқулық Алматы 2011 Пікір жазғандар: Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С. Тебегенов



бет45/205
Дата06.01.2022
өлшемі1,06 Mb.
#109867
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   205
Байланысты:
Әлем әдебиеті by Көптілеуова Д.Т. (z-lib.org)

Овидий (б.з.д. I ғ.). Публий Овидий Назон б.з.д. 43-ші ж. Сульмоне қаласында дүниеге келген. Ол Римдегі ауқатты тектен шыққан. Әкесі баласын мемлекеттік шенеунік қылуға тырысқанымен, Овидий әкесінің ол үмітін ақтамайды.

Болашағы толық қамтамасыз етілген және мемлекеттік міндеттерден босатылған Ови­дий Римде жеңілтек өмір салтын жүргізуге кіріседі. Соншалықты зор дарынға ие бола тұра, ол өзінің поэзиясына жеңілтек бейнелер мен сарындарды жиі енгізеді. Ал, ол Августің ескіні жаңғырту, қатаң тәртіпті орнату саясатына қайшы келеді. Сондықтан Овидий өлеңдерінің Рим қоғамына теріс ықпалын көрген Август оны Рим империясының шеткі солтүстік-шығы­сын­дағы Томо (қазір қала Румынияда) қаласына жер аударуға бұйрық береді. Ақын шығар­ма­ларында өзінің Римдегі соңғы түнін, әйелімен, балаларымен қоштасуын, төгілген көз жа­сын, ұзақ та қауіпті теңіз жолында, бораннан аман қалғанын өте мұңды суреттермен бейне­леген. Әйеліне, достарына, Августке жазған хаттарында кешірім сұрайды. Бірақ Август те оның орнын басқан Тиберий де оның өтінішін қарамайды. Тағдыр тәлкегіне ұшыраған Ови­дий бөтен елде өмір сүріп, он жыл шет жерде жүріп, б.з. 18-ші жылында Римнен алыс жерде дүние салады.

Шығармашылығының алғашқы кезеңі тек махаббат элегиясына арналған. «Кейіпкер­лер» немесе «Жолдамалар» мифологиялық кейіп­керлердің өз сүйгендеріне жолдаған 21 ха­ты­нан тұра­ды. Ал екінші кезеңінде өсіп келе жатқан империяны мадақтауға тырысады. «Өзгерістер» - бұл кезеңнің басты шығармасы. Бұл шығармада автор әдебиеттегі кең тараған әлеуметтік өзгерістерді, айналым­дарды кеңінен қолда­нады.

Овидий - өз шығармалары арқылы Рим әдебиетіне үлкен үлес қосқан ақын. Дарынды тұлғаның туындылары Рим әдебиетінің қарыштап дамуына септігін тигізді. Оның жоғарыда атал­ған шығармаларының әрқайсының өзіндік ерекшелігі, өзіндік құндылығы бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   205




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет