Катулл (б.з.д. I ғ.). Гай Валерий Катулл б.з.д. 1 ғасырдың 80-ші жылдарында Верон қаласында дүниеге келген. Сол кезде Верон қаласы Италия құрамына кірмеген соң «цизальпиялық Галлия» деп аталатын.
Катуллдың әкесі римдіктермен қарым-қатынасы болған дәулетті адам болғандықтан оның ұлы белгілі римдік қоғамға кіруге мүмкіндік алады. Жас ақынның саясатқа басында талғамының төмен болғанын көзқарасынан көрінеді. Ол өз уақытын көбіне әдеби үйірмелердің жас өкілдерімен бірге өткізеді. Катуллдың әйелге деген махаббатының ауыр уайымы оның маңызды оқиғаларының арасынан ерекше орын алады. Оның өлеңдерінде «Лесбия» деген жалған атпен көрініс тапқан бүркеншік аттың астарында Клодия деген бикештің образы жасырынған.
Катуллдың әдеби мұрасы үшке бөлінеді. Біріншісі көлемді ғылыми стильдегі шығармалары. Екіншісі қысқа өлең-сатиралары, олар өз кезегінде эпиграммалар, «полиметралар» деген екі бөлімге бөлінеді. Катулдың бізге дейін жеткен өлең жинағында басында «полиметралар», аяғында «эпиграммалар», ал ортасында көлемді өлеңдері орналасады. Автор көбіне өзінің бар назарын ғылыми шығармашылығына бөлген.
Катуллдың негізгі қалам тербеген тақырыптарының бірі - махаббат лирикасы. Оның махаббат тақырыбында жазылған өлеңдері бәрінен бұрын Лесбияға арналған. Ал екінші лирикалық тақырыбы - белгілі бір адамдарға қарсы аяусыз әжуа. Ол әжуа өлеңдерін «ямбтар» деп атайтын. Ол өз кейіпкерлерінің бойындағы ұрлық, салақтық т.б. кемшіліктерін тілге тиек ететін. Б.з.д. I-II ғ. өзінде Катуллдың өлеңдері тамаша жетістіктерге ие болды.
Достарыңызбен бөлісу: |