Оқулық Алматы 2011 Пікір жазғандар: Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С. Тебегенов


Екінші софистика. Жанрлар мен өкілдері



бет39/205
Дата06.01.2022
өлшемі1,06 Mb.
#109867
түріОқулық
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   205
Байланысты:
Әлем әдебиеті by Көптілеуова Д.Т. (z-lib.org)

Екінші софистика. Жанрлар мен өкілдері. Б.з.д. Y ғ. Афиныда орын алған ағарту­шы-философтар ілімін софистика атаса, ал онымен айналысқандарды, яғни кәсіби мұғалім­дер­ді софистер атаған. Софист термині грек тілінен «данагөй» мағынасын береді, сонымен қатар сол кездегі шешендік өнерге үйрететін «ақылы» мұғалімдерді айтқан. Өкінішке орай, олар­дың бірде-бір еңбектері бізге жетпеген.

Ал, екінші софистиканың бесігі сол кезеңде өзінің соңғы экономикалық өрлеуін бастан кешіріп жатқан Кіші Азия мемлекеттері болды. Осы жерден басталатын софистік ілім тарату­шылар саяхаты империяның түкпір-түкпіріне жеткен. Софистерге шешен ретінде оны тыңдайтын жаңа орта, яғни халық қажет, ал философ ретінде ілімді тыңдаушылардың саны­ның көп болуы керек болды. Олардың саяхаттары мен ораторлық сөздері өте жақсы дәре­жеде қабылданып, шешеннің мәртебесі өсіп, оларды қарсы алған тыңдаушылардың қолша­па­лақтаулары кәдімгі вакханалиге (жүгенсіздік) дейін жеткен. Шешен адамдық идеал­дың іске асырушысы болды, сол себептен софист даңқы артып, рим тұрғындары оған жол беретін. Халық қиын да маңызды жағдайларда оларды тапқыш ретінде қабылдады.

Сөз сөйлеу түрі бұрынғысынша қызыл сөздің үш жанрында бола білді: Дион жина­лыстық сөздерімен Прус билеушілерінің алдында сөйлесе, Апулей соттық сөзімен - қара магияның тұтқындауынан өзін қорғау үшін өнер көрсеткен. Бірақ басты жанр салтанатты қызыл сөз болып қала берді, оған қалаларға, ашылған ескерткіштерге, жергілікті батыр ерліктеріне арналған мақтаулар жатады.

Кейін жаңадан екі бөлімнен тұратын концерттік бағдарламалы шешендік сөз сөйлеулер пайда бола бастады: melete (жаттығу) және dialexis (әңгімелеу). Бұл софистік шешендіктің екі элементі – риторика мен философияға сай болған. «Мелете» риторикалық мектептердің контро­версия, свазория, бейнелеу, салыстыру және т.б. репертуарларынан халық алдында сөз сөйлеудің белгісін білдірді. «Диалексис» философиялық - танымал тақырыпты нақты дәлел бойынша әңгіме етуді білдірді. Сөз сөйлеушінің таңдауы жеке қабілетіне байланысты әрі өз қалауы бойынша - не риторикалық, не философиялық болған.

Риторикалық мектептерге декламацияның тақырыптары Афины тарихынан таңдалы­нып, арнайы стильді талап ететін. Осындай тақырыптарға маманданған ораторлардың көбі бірнеше ұрпақтарға созылған. Олардың арасындағы ең танымалы софист Полемон (шамамен 88-145) болды. Осы кісіден Марафон шайқасындағы екі батырдың әкелері – афинылық­тар­дың арасында кімнің баласы күшті екені туралы бәстестік декламациясы қалған. Полемон­ның шәкірті Герод Аттик (101-178) бай жанұядан шыққан, өз ортасының білімдісі әрі беделдісі саналған. Ол маке­дон­дықтарға қарсы күресуде фессалдықтарға көмек көрсету үшін спарта­лықтарды уағыздаған сөз осы кісіден қалған.

Геродтың шәкірті Элий Аристид (117- шамамен 190 ж.), артынан 55 сөз қалдырған софист болды. Олардың ішінде – «Панафиней сөзі» Исократпен айтысы, «Төрттікті қорғау сөзі» Платон­мен бәсекесі, «Лентинге арнау» Демосфен қарсы сөзі, сонымен қатар Кизик, Смирна, Родос, Элевсин, Рим қалаларына арнаған сөздері, Зевс, Афина, Посейдон, Дионис және т.б. прозаларға жазған әнұрандары сақталған.



Лукиан (шамаман 125-180 ж.) шеткейдегі сириялық Самосат қаласынан. Мектеп қабырғасынан грек тілін үйреніп, өзінің шешендік өнерімен Грекия, Италия, тіпті Галлияны да аралап өткен. Ол философиямен айналысып, сатиралық диалогтар мен памфлеттер шығарған. Оның атымен 80-ге жуық шағын шығармалар сақталғанмен, кейбіреуі оныкі емес болуы мүмкін. Соның ішінде ертеректегі шешендік дәстүр түріндегі декламацияларға («Тиранды өлтіруші», «Мұрагерліктен айырылған», «Шыбынға арнау» және т.б), сұхбаттық және хабарлаушы элементі еселенген декламациялар («Токсарид», «Анахарсис», «Түс көру» т.б), әзілді мазмұнды шағын диалогтар («Құдайлар сөйлесуі», «Прометей» «Гетералар сөйлесуі» және т.б), ең ауқымдысы философиялық және сартиралық мазмұнды сұхбаттар (Менип циклі), философия және оған қарсы сұхбат циклі («Өмірді сату», «Балықшы», «Қаш­қын құлдар» және т.б) және соңғы декла­ма­­­циялары («Дионис», «Геракл», «Сатурналии» және т.б.

Екінші софистика кезеңінде роман жалпыға ортақ көңіл көтеретін оқуынан, дәстүрлі «жоғарғы әдебиетке» жақындай түседі. Сондықтан II-III ғ. папирустық жазбалар үзінділері емес, толыққанды грек романдары (бесеуі) жеткен: Харитонның 8 кітаптан тұратын «Херей мен Каллироя» атты романы, 5 кітаптан тұратын Ксенофонт Эфестің «Гоброком және Ан­тия» рома­ны, 8 кітаптан тұратын Ахилл Татийдің «Левкиппа және Клитофонт» романы, 4 кітап­тан тұратын Лонгтың «Дафнис пен Хлоя» романы, 10 кітаптан тұратын Гелидордың «Феаген және Хариклия» романы. Сонымен қатар латын тілінде «Апполон Тирскийдің тари­хы» романы, Ямвлихтің «Вави­лондық повесть» және Антоний Диогеннің «Фуланың арғы бе­тін­дегі қызықтар» романдарының византиялық тілінде қысқа нұсқасы сақталған.

Қысқасы, екінші софистиканың III-IY ғ. романдарын екі топқа бөледі: ерте кезеңдегі Харитон, Ксенофонт және «Аполлония Тирскийдің тарихы» романдарын қамтыса, кейінгісі - Ямвлих, Ахилл Татий және Гелиодор романдары қамтиды. Бұлардың арасында үш айырма­шылық байқалады. Біріншіден, шығарманың қиындығы артса: Харитон мен Ксено­фонтқа тән эпизодтардың қарапайымдылығы, қосымша жолдармен күрделіне түседі (Ямвлих), бірінші жақ­­тың әңгімесі (Ахилл Татий) эффекті хронологиялық қойылымдармен (Гелиодор) күрде­ле­неді. Екіншіден, патетикалық қосымшалар көбейеді: Ямвлих романында Вавилон патшасы батырды дарға аспақшы болғанда (бақытты кейіпкер өлуді армандайды), өзінің райынан қайтып сирия­лық ханға шабуылға жібереді. Үшіншіден, діни-мистикалық мотивтер көбейеді; Гелиодор рома­ны күн құдайына деген сенім мен табынушылық орын алған, б.з. III ғ. империяда Оған табыну кең таралған. Жалпы алғанда, ерте кездегі романдар қарапайым ха­лыққа арналған да, кейінгі кезеңдегі романдар - риторикалық білімді, сезім мен стильдің құдіреттілігін бағалайтын адамдарға арналған.

Қысқасы, екінші софистика жанрлары мен стиліне тән сипат, ол поэзияның прозаға айналуы. Сондықтан шешендік өнер дамыған уақытта, поэзия үшінші орынға шегінген. Бұл кезде проза поэтикаға, керісінше поэзия проза тіліне ауысқан.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   205




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет