Оқулық Алматы 2011 Пікір жазғандар: Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С. Тебегенов



бет92/205
Дата06.01.2022
өлшемі1,06 Mb.
#109867
түріОқулық
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   205
Байланысты:
Әлем әдебиеті by Көптілеуова Д.Т. (z-lib.org)

Свифт Джонатан (1667-1745) ағылшын жазушысы, сатирик, ақын, публицист әрі саясаткер болған. Ол 1667 ж. 30 қарашада Дублинде ағылшын отбасында дүниеге келген. Свифтің әкесі жас­тайы­нан қайтыс болып, ол ағасының қолында тәрбиеленеді. Свифт Ирландияда өз заманына сай өте жақсы жоға­ры білім алады. Алғашында графтар мектебі Килкенниде содан соң дублиндік Тринити-колледжінде оқиды.

1704 ж. жазылған «Бөшке туралы ертегі» деген шығармасында оның католиктермен қақатығысы туралы жазылған. 1726 жылы жазылған «Гулливер саяхаты» атты шығармасы Свифтің ең соңғы және қорытынды кітабы болатын. Онда автордың фантастикалық, өмірлік, шығармашылық өте бай тәжірибесі көрініс тапқан.

Свифтті әлемдегі адамзат тағдыры жайындағы мысқылды әрі мұңды толғауға толы «Гулливер саяхаты» атты мәңгі өлмес роман­ның авторы ретінде бүкіл әлем таныған. Свифттің кейіпкері Гулли­вер әлемнің төрт еліне саяхат жасап, оны баяндау саяхатшының ресми және қысқа есеп беруі ретінде келген. «Англияда саяхат жайлы кітаптар толып жатыр», - дейді оқырманның тек көңілін көтеруді мақсат тұтып, түрлі аңыз-әңгімелер мен жоқты тілге тиек ететін авторларға көңілі толмаған Гулливер. Автор саяхатшының негізгі мақсаты адамдарды өзі болған елге қатысты жақсы-жаман мысалдардан хабардар етіп, оқырманның ой-санасы мен дүниета­ны­мын арттыру екенін көрсетеді. Хирург, кеме дәрігері, лауазым­сыз, қарапайым Гулливердің қысқа жазбаларының астарында қалыптасқан адамзат өміріне, саналы түрде басталмаған қоғамдық қатынастарға қатысты тамаша сатира жатыр.

С. Ричардсон (1689-1761) өзін әдебиетші ретінде дайында­ған жоқ еді, ол тіпті әдеби атақ туралы да ойламаған болатын, оның жазушылық шеберлігі кездейсоқ ашылады. Ағаш ұстасының ұлы болған Ричардсон жас кезінен-ақ типографияға қызметке тұрып, оның иесінің қол астында өседі де, кейін оның қызына үйленіп, өзі де баспа ісінің қожайыны болады. Сол кезде жеке хат жазысу жоғары деңгейде болғандықтан, хат үлгісіндегі кітапшалар да кең сұраныста болады. Ричардсонға да осындай бір дайын хат үлгілер жинағын басып шығару қажет болатын. Қолайлы мәтіннің болмаған­дығынан, Ричардсон оны өзі жазып шығаруға бел буады. Ыңғайлы болу үшін сюжеттік ертегі құрастырады. Автор қатты қызығып, эпистолярлық жанрдың алғашқы үлгісі болған бірнеше хаттардан тұратын «Памела немесе сыйға бөленген ізгілік» (1740) атты роман жазып шығарды. Осылайша, 50 жастағы типограф әлемге жазушы ретінде танылады.

«Памелада» Ричардсон «төменнен» жоғары қарай көтерілудің идеалды жолын сурет­тейді. Романның атының өзі-ақ оның ақыл берушілік бағытта жазылғандығын аңғар­тады. Онда бейнеленген қайшылық әлеуметтік сипатта болып, адамгершілігі мол, инабатты Паме­ла есімді қызметші қыз бен оның жас қожайыны арасындағы күрес асқан шеберлікпен суреттелген.

Ричардсонның шебер туындысы болып табылатын «Кларисса» романында жанры мен стилі жағынан әр қилы хаттар кездеседі. Роман қайталауларға толы болғандықтан, «Кларис­са» ағылшын тілінде жазылған романдардың ішінде ең ұзақ туынды болып табылады. Ричардсон романдары, әсіресе «Кларисса» Еуропаның ағарту­шы­лық әдебиетінде өшпес­тей із қалдырады. Ричардсон шығарма­лары кейінгі сентимен­тальды прозаның ұлы туынды­ларының (Ж.Ж. Руссо «Жаңа Элоиза», Гете «Жас Вертердің қайғысы») жарық­қа шығуына негіз болады.

Сентименталист-жазушылар әдебиетке үлкен үлес қосқан. Олар­дың шы­ғар­ма­шылық­тары классицистердің шығармаларынан әлдеқайда өзгеше бола­тын. Трагедиялық сюжеттер ұлы адамдар мен ұлы оқиғалар тақырыпта­рынан құралады. Ал сентимента­лис­тер қарапайым, қуғынға ұшыраған, әлсіз адамдар­дың образдарына жүгінген.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   205




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет