Оқулық Алматы 2011 Пікір жазғандар: Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С. Тебегенов



бет93/205
Дата06.01.2022
өлшемі1,06 Mb.
#109867
түріОқулық
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   205
Байланысты:
Әлем әдебиеті by Көптілеуова Д.Т. (z-lib.org)

Ж.Ж. Руссо (1712-1778). Жазушы 1712 ж. Женевада дүниеге келген. Руссо­ның әкесі сағатшы болған, анасы Руссо туылған кезде қайтыс болады. Руссо он жасқа толғанда оның әкесі Женевадан қашуға мәжбүр болып, жас­тайы­нан жалғыз қала­ды. Осы­лайша, оның қиын өмірі басталады. Кейіннен жас Руссо мейірімді Варенс ханымның қолына түсіп, шіркеуде тәрбиеленеді.

1749 ж. бастап Руссо танымал бола бастайды. «Эмиль» атты романынан кейін Руссо қуғынға ұшырап, жасырынуға мәжбүр бола­ды. Алайда 1753 ж. Руссоның «Ауылдық сиқыр­шы» атты комикалық опе­ра­сы париждіктердің көңілінен шығып, тіпті XY Людовиктің де қызығу­шылығын оятады. Руссо өмірінің соңғы он жылын Парижде өткізеді. Сыйлық­тар мен зейнет­а­қы­дан бас тартқан Руссо өмірінің соңына дейін кедейлікте күн кешеді.

1761 ж. жазылған Руссоның ең атақты шығармасы «Жаңа Элоиза» романы Руссоның замандастары үшін күтпеген жағдай болатын. Прозамен жазылған лирика, махаббат әуені, сезім поэзия­сы, табиғатқа сүйсіну мен оның әсемдігін бағалау романның негізі болып табылады. Бұл шығармадан халық бостандығы мен құқық­тары үшін аянбай күрескен Руссоның ұлы ойларын көре аламыз.

Ұлы француз революциясы ағартушылық кезеңнің соңғы нүкте­сі болған. Төңкеріс жылдары және төңкерістен кейінгі жыл­дарда ағартушылық, философиялық, әлеуметтік көзқарастар жүйесі өзгере бастайды. Ғасырдың соңында өмір сүрген жазушылар мен ойшыл­дардың жаңа толқыны төңкерістен оянған жаңа әлемді көреді. Осы жылдары қалыптасқан романтизм XYІІІ ғ. жаңа буржуазиялық қоғамда пайда болған мәселерге жауап ретінде қалыптасады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   205




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет