Оқулық Алматы 2011 Пікір жазғандар: Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С. Тебегенов



бет90/205
Дата06.01.2022
өлшемі1,06 Mb.
#109867
түріОқулық
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   205
Байланысты:
Әлем әдебиеті by Көптілеуова Д.Т. (z-lib.org)

Дидро (1713-1784). 1713 ж. Францияның ескі қаласы Ланграда дүниеге келеді. Оның әкесі қолөнерші болып, отбасындағы пышақ жасау өнері атадан балаға беріліп отырған. Отбасы ауқатты болады, сондықтан Дени Дидро астананың ең жақсы мектебінде білім алып, Париждің Гаркур колледжінде өз білімін жалғастырады. Әкесі ұлының өз нұсқауларын орындап, дін қызмет­ші­сі бол­мағаны үшін материалдық қолғабыс беруден бас тартады.

1746 ж. оның «Философиялық ойлар» атты еңбегі жарыққа шығып, Париждік соттың үкімімен бұл шығарма жендеттер арқылы отқа жағылады. 1749 ж. Дидро өзінің атеистік «Со­қыр­лар туралы хат» атты шығармасы үшін 100 күнге Венсен сарайындағы түрмеге қамауға алынады.

1746 ж. Лебретон баспасы үлкен ғылыми сөздік шығару ниеті­мен оны «Энциклопедия» редакторы ретінде қызмет істеуге шақы­ра­ды. Дидро осындай кішкентай ойды үлкен ғылыми-мәдени және саяси маңызы бар іс-шараға айналдырады. Ол барлық француз ағартушы­ла­рымен біріге отырып, көптеген қиындықтар мен өткір сындарға қарамастан, өмірінің соңына дейін ұлттық маңы­зы бар монументалды шығарма жасап шығарады. «Энциклопедия» 30 жыл көлемінде құрастырылады. Ол «Энциклопедияға» мыңға жуық мақа­ла жазған. Бірақ 1759 ж. 3 қыр­күйек­те ХІІІ Климент бұйры­ғымен энциклопедияны жағуға үкім шығарылады.

Дидро материализм мен атеизмнің ұстанымдары бойынша өмір сүріп, материалистік принциптер айқын көрінетін «Табиғат пен философиялық принциптерді түсіндіретін ойлар» (1754), «Д’Аламбер мен Дидроның әңгімесі», «Д’Аламбердің түсі», (1769), «Физиологияның элементтері» (1774-1780) атты философиялық шығармаларды да жазады.

Дидроның көркем таланты драматургияда емес, прозаикалық новеллары­нан да көрінеді. К. Маркс Дидроның «Рамоның жиені» атты повестін оқып таң қалса, Энгельс оған «Диалек­тиканың жоғар­ғы көрінісі» деген баға береді. Бұл шығармада ұшқыр ойлы адамның әңгімесі жайында айтылады, олардың бірі (автордың өзі) кедей, байларды жек көретін, бірақ жоғары адамгершілік қасиеттердің иесі, адамзаттың иделы ретінде суреттелсе, екіншісі (Рамоның жиені) өзінің адамгершілік қасиеттері мен абыройынан бас тартқан, бір ғана өмірлік ұстаны­мы бар, тек өзінің сезімдерін қанағаттандыруды ғана ойлайтын адам ретінде бейнеленген. Ең басты кейіпкердің прототипі өмірде болып, оны Дидро өте жақсы білген. Дидро шын мәнісін де француз композиторы Жан Филипп Рамоның жиені болған. Рамо жағымпаздық аянышты лас өмір кешіп, 1771 ж. баспанаға да қол жеткізе алмастан дүние салған. Дидро ол адамның өмірінен сол дәуірге лайықты ерекше сипатты көрген.

Дидро бұл повесті жазуды 1762 ж. бастайды. Повесть автор­дың көзі тірісі кезінде басылып шықпайды, тіпті бір кездері ол жоғалып кетеді. Тек 1805 ж. оның көшірмелері Шиллердің қолына түседі де, ол Гетеге береді. Гете оны неміс тіліне аударып, басып шыға­рады. Тек 1823 ж. ғана түпнұсқасы табылып, Францияда басы­лып шығарылады.

Романтизм қарасыңында романның мүлдем жаңа түрі пайда болады. Бұл ақыл-ойдың иесі – жағымды кейпкерлерден бас тарту мен ағартушылық кезеңдегі оптимизмге қарсы бо­ла­ды. Ағартушы­лар­дың кафедрасы мен трибуна­сы театр болады. Филдингтің сатиралық комедиялары мен Гольдонидің тұтас драматургиясы, Бомаршенің «Фигароның үйленуі» мен Шиллердің «Қарақшы­лар» атты туындылары демократиялық бағытты ұстанатын көрермен­дерге арналған XYIII ғ. қоғамдық күрестің актілері болатын. Хольберг, Гей, Филдинг, Шери­дан, Бомарше мен Гольдони сияқты асқан шеберлердің қыл қаламынан туындаған комедиялар үлкен жетістіктерге жетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   205




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет