Оқулық Алматы, 2013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



бет54/159
Дата24.02.2022
өлшемі3,79 Mb.
#133033
түріОқулық
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   159
Байланысты:
kabysheva-topyraktanu

5-ТАРАУ.




ТОПЫРАҚТЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ


    1. Тау жыныстары жəне топырақтағы химиялық элементтердің мөлшері


Топырақтың түзілуіне жоғарыда сипатталған топырақ түзу фак- торларымен қатар, оның түзілуіне тікелей қатысы бар материалдық негіздердің рөлі ерекше. Топырақ түзу материалдық негіздерге: аналық тау жынысы, осы қабаттағы ауа құрамы мен ылғал, мекендейтін бүкіл жоғарғы жəне төменгі сатылы организмдер қосындылары жатады. Табиғаттың ауа райы мен жер бедерлерінің өзгешелігі нəтижесінде əртүрлі топырақтар түзіледі.


Əдетте, бір затты түзуге қатысатын материалдар негіздерінде үлесін зерттеу олардың химиялық құрамын анықтаудан баста- лады. Биосферадағы əр түрлі табиғат денелерінің химиялық құрамын сипаттағанда, оның құрамындағы əр түрлі элементтердің орта есеппен алатын орнын, үлесін пайызбен шығарады. Жер қабатындағы элементтердің орташа құрамын 1924 жылы алғаш есептеп шыққан американдық ғалым Ф. У. Кларк еді. Сондықтан мұны Кларк көрсеткіші деп атайды. Кейінірек жаңа қосылған мəліметерге байланысты бұл Кларк көрсеткіштері бірнеше рет толықтырылды (А. Е. Ферсман, 1934 – 1939, А. П. Виноградов, 1962).
Сонымен қатар, ауа құрамындағы, судағы жəне тірі заттардағы элементтер кларкы да есепке алынатын болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет