Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет218/302
Дата06.02.2022
өлшемі3,11 Mb.
#80173
түріОқулық
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   302
Байланысты:
iztaev osimdik sharyashylygy (1) (1)

№ 12-зертханалық жұмыс
Тақырып: «Быламық бойынша астықтың 
қышқылдығын анықтау»
Жұмыстың мақсаты:
Əдіспен танысу жəне быламық бойынша қышқылдықты өз бетінше 
анықтауды үйрену.
Тапсырма:
1. Бидай дəнінің қышқылдығын анықтау.
2. Берілген астық партиясының балғындығы жөнінде қорытынды 
жасау.
Құрал-жабдықтар:
1. Зертханалық диірмен;
2. Техникалық таразылар;
3. 150-200 см3 сыйымдылықтағы құтылар;
4. 3% фенолфталеин ерітіндісі;
5. 0,1 моль/дм3 натрий гидроксиді ерітіндісі;
6. Шыны пластиналар;


284
7. №08-металторлы елек;
8. Қалақша, шпатель, щетка;
9. 100 гр дəн өлшендісі.
Жұмыстың орындалуы:
Дəнді, ұнды, жарманы сақтау кезіндегі жүретін көптеген биохимиялық 
үдерістер оларда қышқыл өнімдердің жиналуымен бірге жүреді. Дəннің 
толық сапасы титрленетін қышқылдық көрсеткіштерімен сипатталады. 
Ол қышқылдық градустарымен өлшенеді.
Қышқылдық градусы деп 100 гр өнімдегі 1 моль/дм3 ерітінді көлемін 
қабылдайды. Дəннің қышқылдығын анықтау үшін ұсақталған дəннің 
сулы быламығын қолданады. 
Ол үшін орта сынамадан бөлгіш көмегімен немесе қолымен 50 гр дəн 
бөліп алып, бүлінген дəндерден басқа шөп-шалаң қалдықтан тазартады 
жəне №08-електен барлық майдаланған өнім өтетіндей етіп, зертханалық 
диірменде ұсақтайды. Анықтау стандарт талаптарына сай жүргізіледі.
Ұсақталған дəнді шыны пластинкаға салып, араластырады, оны 
тегіс етіп жаяды жəне үстінен дəл сондай шынымен нығыздайды, сол 
кезде шыны астындағы қабат 3-4 мм-ден жұқа болмауы керек. Содан 
кейін жоғарғы шыныны алып тастап, 10-нан кем емес жерден массасы 
5 грамнан болатын екі өлшенді алады. 
Бұл өлшенділерді бөлек құтыларға салады жəне əрқайсысына 100 
см3 дистилденген су құяды. Құтыдағыны түйіршік қалмайтындай етіп 
араластырады. Құтының қабырғасына жабысып қалғандарын дистил-
денген сумен шаяды. 
Алынған быламыққа 3% фенолфталеин ерітіндісінің 5 тамшы-
сын қосады, араластырады жəне 0,1 моль/дм3 натрий гидроксиді 
ерітіндісімен титрлейді. 
Титрлеу баяу жүргізіледі, əсіресе, реакцияның соңғы жағында, 20-30 
с арасында жоғалып кетпейтін, ашық жəне тұрақты қызғылт бояу пайда 
болғанша құтыны үздіксіз араластыру керек. 
Қышқылдықты анықтау кезінде бастапқы быламық қарқынды 
боялған жағдайда, салыстыру үшін зерттелетін дəннің басқа быламығы 
болу керек жəне титрлеу кезінде алынған түсі мен быламықтың 
бастапқы түсін салыстырып отыру керек. 
Нəтижелерді өңдеу:
Қышқылдылықты:
X=V*100/m*10
формуласымен анықтайды.


285
Мұндағы, m – ұсақталған дəн өлшендісінің массасы, г;
V – 0,1 моль/дм3сілті ерітіндісінің дəл көлемі, см
3
;
1/10 – қайта есептеу коэффициенті.
Есептеуді градустың жүз бөлігіне дейін жүргізеді жəне оны 10 
бөлікке дейін дөңгелектеп алады. 
Анықтау нəтижелерін дөңгелектеуді келесі жолмен жүргізеді: егер 
соңғы сан 5-тен кіші болса, оны өзгертпейді; ал егер соңғы сан 5-тен 
үлкен немесе тең болса, онда оны бірлікке дейін үлкейтеді. 
Екі параллельді анықтаудың орташа арифметикалық мəнін сонғы 
нəтиже деп қабылдайды, рұқсат етілген ауытқу 0,2 градустан аспау 
керек. 
59-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   302




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет