Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет234/308
Дата31.01.2023
өлшемі4,59 Mb.
#166877
түріОқулық
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   308
Байланысты:
Экономикалык теория

Мемлекеттік бюджет
– кірістері мен шығыстары көрсетілген 
мемлекеттің қаржылық жоспары. Бюджеттің ерекше белгісі болып 
бюджеттік бағдарламалардың заңдық негізде бекітілуі табылады. 
Мемлекеттік бюджет жүйесі
– экономикалық қатынастар мен 
заңдық нормаларға негізделген барлық бюджет түрлерінің жиынтығы. 
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексіне сәйкес, бюджет жүйесі – 
бұл барлық бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, 
бюджеттік үдерістер мен қатынастардың жиынтығы.
Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің құрамына бюджет-
тердің келесідей деңгейлері кіреді:
- республикалық бюджет;
- жергілікті бюджеттер:
облыстық бюджет, облысқа бағынатын 
қалалар бюджеті, республикалық маңызы бар қалалар бюджеті, астана 
бюджеті, аудандар бюджеті.
Экономикада мемлекеттік бюджет жүйесі төмендегідей негізгі 
қызметтерді атқарады:
1) қаржы ресурстарын мемлекет пен қоғам қажеттіліктеріне 
жұмылдыру;
2) әлеуметтік-экономикалық мәселелерді реттеу;
3) қаржы ресурстарын қайта бөлу (аймақтық, салааралық, 
ведомствоаралық, әлеуметтік);


277
4) кәсіпкерлік қызметті қолдау және ынталандыру;
5) инвестициялық жобаларды жүзеге асыру;
6) әлеуметтік қорғау;
7) мемлекеттік қаржының кірістері мен шығыстарына бақылау 
жасау.
Мемлекеттік бюджет жүйесі бірнеше принциптерге негізделеді:
1) бірлік принципі – ҚР-сы территориясында бірыңғай бюджет 
заңдылығын, дербес бюджет сыныптамасын қолдану;
2) толықтылық принципі – бюджеттер мен Ұлттық қорға келіп 
түсетін барлық түсімдер мен шығыстардың заңдық тәртіпте көрініс 
табуы;
3) шынайылық принципі – бюджет параметрлерінің экономиканың 
ағымдық жағдайының көрсеткіштеріне, Қазақстан Республикасының 
және аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуының параметрлері 
мен бағыттарына сәйкес келуі;
4) ашықтылық принципі – бюджет заңдылығы аясындағы 
нормативтік-құқықтық актілерді міндетті түрде жариялау;
5) дәйектілік принципі – бюджеттік қатынастар аясында алдын-
ала қабылданған шешімдерді мемлекеттік басқару органдарының 
қадағалауы;
6) нәтижелілік принципі – бюджеттік бағдарламаларда көрсетілген 
белгілі бір нәтижелерге жетудің қажеттілігіне байланысты бюджет-
терді әзірлеу және орындау;
7) тиімділік принципі – бюджет құралдарын аз көлемде қолдана 
отырып, ең жақсы нәтижеге жетудің қажеттілігіне байланысты 
бюджетті нақты іске асыру;
8) жауапкершілік принципі – бюджет заңдылығын бұзғаны үшін 
бюджет үдерісіне қатысушыларды жауапкершілікке тарту;
9) бюджеттердің дербестілігі принципі – әртүрлі деңгейдегі 
бюджеттер арасындағы түсімдердің тұрақты түрде бөлінуін 
қамтамасыз ету.
Мемлекеттік бюджеттің табыстары мен шығындарының құры-
лымы төмендегідей бюджет сыныптамасымен анықталады:
1. Бюджет табыстары:
- салықтық түсімдер;
- салықтық емес түсімдер;
- негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер;
- трансферттердің келіп түсуі.
2. Бюджет шығындары.


278
3. Операциялық сальдо.
4. Таза бюджеттік несиелеу:
- бюджеттік несиелер;
- бюджеттік несиелерді жабу.
5. Қаржылық активтер операциясы бойынша сальдо:
- қаржылық активтерді иелену;
- мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түскен түсімдер.
6. Мемлекеттік бюджет тапшылығы (артықшылығы).
7. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (артықшылықты қолдану):
- қарыздардың келіп түсуі;
- қарыздарды жабу;
- бюджет құралдары қалдықтарының қозғалысы.
Мемлекеттік бюджет шығындарын бөлек алып қарайтын болсақ, 
оларға мыналар кіреді:

мемлекеттік қызмет көрсетулер;

қорғаныс;

қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, сот қызметі, құқықтық және 
қылмыстық-атқару іс-әрекеті;

білім беру;

денсаулық сақтау;

әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру;

тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық;

мәдениет, спорт, туризм, ақпараттық кеңістік;

ауыл, су, орман және балық шаруашылықтары, ерекше 
қорғалатын табиғи территориялар, қоршаған ортаны және жануарлар 
әлемін қорғау, жер қатынастары;

отын-энергетикалық кешен және жерді пайдалану;

өнеркәсіп, сәулет, құрылыс және қала құрылысы қызметі, 
көлік және байланыс;

қарыздарды өтеу;

арнайы трансферттер;

басқалары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет