282
беретін басқа да факторлардан алынатын салықтарды атаймыз.
Қазақстан Республикасында тікелей салықтарға корпорациялық
табыс салығы, жеке табыс салығы, жер қойнауын пайдаланушыларға
салық, әлеуметтік салық, жер салығы, көлік құралдарына салық, мүлік
салығы және басқалары жатады.
Жанама салықтар
– бұл тауарлар
мен қызметтерді өткізу,
экспорттық-импорттық және сол сияқты операцияларымен
байланысты тауар бағасына үстеме немесе пайыз қосу арқылы
алынатын салықтар. Қазақстанда жанама салықтарға қосылған құн
салығы мен акциздер жатады.
Табысқа салынатын жоғары салық
кәсіпкердің белсенділігінің
төмендеуіне, басқа да жағымсыз факторларға әкеледі. Осы
проблемаларды американ экономисі Артур Лаффер 80-жылдардың
басында зерттеп, табыс салығы өсімінің жоғары болуы қай бір
елде болмасын оның өндірісінің тоқырауына, инфляция деңгейінің
тереңдеуіне және халық байлығының төмендеуіне әкеледі деген
қорытындыға келді. А. Лаффер салықтардың бюджетке түсуі және
оның мөлшері арасындағы тәуелділікті зерттеген. Графиктегі мұндай
көріністі «Лаффер қисығы» деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: