Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов


Несиенің мәні мен формалары. Қазақстандағы банк



Pdf көрінісі
бет240/308
Дата31.01.2023
өлшемі4,59 Mb.
#166877
түріОқулық
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   308
Байланысты:
Экономикалык теория

14.4. Несиенің мәні мен формалары. Қазақстандағы банк 
жүйесі
«Несие»
(кредит) сөзі латынның «credo» деген сөзінен аударғанда 
«сенемін» деген мағынаны білдіреді. 


285
Несие
деп мерзімділігі, қайтарымдылығы және пайыздың төленуі 
жағдайында ақшалай немесе тауарлық нысанда берілетін қарызды 
айтады. 
Несиелік келісім
– бұл төлем мерзімі кешіктірілген сату-сатып 
алу қатынастары. Несие берудің мақсаты болып табыс алу табылады. 
Несие жүйесі
– бұл несиелеу нысандарының және әдістерінің, 
несиелік қатынастардың жиынтығы, яғни несие жүйесі банктік, 
коммерциялық, тұтынушылық, мемлекеттік және халықаралық 
несиелер арқылы көрініс табады. Несие жүйесі несиелеудің негізгі 
принциптеріне сәйкес, ақша қаражаттарын жасаушы, жұмылдырушы 
және ұсынушы несиелік институттардың жиынтығын сипаттайды. 
Несие жүйесі банктік жүйеден және банктік емес қаржы-несие 
институттарынан құралады. 
Қазіргі уақытта, несиенің кең тараған нысандары бар:
1. Коммерциялық несие
тауарды төлем мерзімін кейінге қал ды-
рып сату кезінде орын алады. Мұндай несиенің мақсаты тауарлардың 
өткізілуін жеделдету болып табылады.
2. Банктік несие
банктердің кәсіпкерлерге және басқа да қарыз 
алушыларға қарыз ретінде беретін ақша қаражаттарын білдіреді. 
Несиенің бұл нысаны коммерциялыққа қарағанда аса икемді болып 
табылады, өйткені ол несиелік келісімдер сомасымен, олардың 
бағытталуымен және мерзімімен ерекшеленеді.
3. Мемлекеттік несие 
– мемлекеттің халыққа пайызбен немесе 
мақсатты түрде пайызсыз түрінде беретін қарыздары мен қазыналық 
міндеттемелері. 
4. Тұтынушылық несие.
5. Халықаралық несие.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде несие берудің жаңа 
нысандары пайда болды. Оларға лизинг, факторинг және фарфейтинг 
жатады.
Лизинг
– машиналарды, құрал-жабдықтарды және басқа да 
материалдық құралдарды ақшалай емес формада жалға беру. 
Кейіннен, жалға берілген құралдардың құны бірте-бірте төленіп 
болған соң, олар жалға алушылардың меншігіне айналады. Лизингтің 
қолданылуы меншік қызметтерінің бөлінуіне негізделеді. Мүлікке 
меншік құқығы жалға берушіде қалады, ал жалға алушы осы мүліктің 
құнын толық өтелгенше оны пайдаланады. Лизингтік келісімдер 
1 жылдан 15 жылға дейін созылуы мүмкін. Әдетте, фирмалар 
техниканы өздері емес, лизингтік компаниялар арқылы береді. 
Лизингтік компаниялар қызметін әртүрлі ұйымдар – банктер және 


286
олардың бөлімшелері, өнеркәсіптік корпорациялардың филиалдары 
мен еншілес компаниялары атқарады.
Факторинг
– бөтеннің қарызын сату-сатып алу немесе сенімхат 
арқылы коммерциялық операциялар жүргізу. Бұл жерде банк 
фирманың «дебиторлық есеп-шотын» қолма-қол ақшаға сатып алады, 
кейін фирманың сатқан тауары немесе көрсеткен қызметін нақты 
сатып алушыдан қарызды өндіріп алады.
Фарфейтинг
– қарызды банкке сатумен байланысты ұзақ мерзімді 
факторинг, қарызды өндіріп алу мерзімі 1-5 жыл аралығын қамтиды.
Несиенің, несиелік қатынастардың және несиелік механизмнің 
негізінде несиелік жүйе – банктер пайда болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет