288
Коммерциялық банктердің екі тұрпаты болады: операциялардың
үлкен көлемін іске асыратын
әмбебап банктер
, және бір немесе
бірнеше банктік операцияларды орындайтын
мамандандырылған
банктер
(мысалы, жинақ банкі).
Банктердің мамандандырылуының өлшемдері алуан түрлі болып
табылады. Банктердің функционалдық мамандануы бойынша банктер
инновациялық, инвестициялық, есептік, жинақтық, ипотекалық,
депозиттік және т.б. болып бөлінеді. Салалық мамандануы бойынша
банктер әлеуметтік дамуға бағытталған, құрылыстық, энергетикалық,
сыртқы саудалық, ауыл шаруашы-лықтық және т.б. болып бөлінеді.
«Клиенттік» мамандануы бойынша банктер биржалық, тұтынушы-
лық, коммуналдық, сақтандырушылық болып ажыратыла-ды.
Сондай-ақ территориялық мамандануы бойынша банктер аймақтық,
аймақаралық, халықаралық болып бөлінеді.
Қазақстанда ұйымдық-құқықтық нысаны бойынша коммерциялық
банктер акционерлік қоғамдар ретінде жұмыс істейді.
Банктік тәжірибеде банктік операциялардың негізгі түрлері бөліп
көрсетіледі: активтік және пассивтік операциялар, банктік қызмет
көрсетулер.
Достарыңызбен бөлісу: