Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет260/308
Дата31.01.2023
өлшемі4,59 Mb.
#166877
түріОқулық
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   ...   308
Байланысты:
Экономикалык теория

Хекшер-Олин дәлелдемесі
қалыптас-ты: мәселен, капитал артықшылығына ие ел капитал 
сиымды тауарларды экспорттайды немесе сол елде жұмыс күші көп 
болса, онда еңбек сиымды тауарларды сыртқа шығарады. Демек, 
қандай да бір елде белгілі бір фактор тапшы болса, онда ол ел сол 
фактордың көмегімен өндірілген тауарларды импорттайды.
Қазіргі әлемдік шаруашылық ХЭБ және ұлттық экономикалардың 
ынтымақтастығы негізінде туындайтын экономикалық қатынастар 
жүйесі болып табылады. Жоғарыда атап өткеніміздей, әлемдік 
шаруашылықтың пайда болу шарты ең алдымен, ХЭБ-ке негізделеді. 
ХЭБ
– бұл жекелеген елдерде өнімнің белгілі бір түрін өндіруге 
тұрақты түрде мамандану және шоғырлану. ХЭБ-ның аса маңызды 
алғышарты болып өндіріс факторларының халықаралық бөлінісі 
табылады. Өндірістің барлық факторлары былай бөлінеді:
1. Негізгі факторлар – бұл елге табиғаттың сыйы ретінде берілген 
және тарихи ұзақ жылдар бойы қолданылып келетін факторлар;
2. Дамыған факторлар – бұл интенсивті ізденістер мен капитал 
салымдарының нәтижесінде игерілген факторлар;
3. Жалпы факторлар – бұл әртүрлі салаларда қолданылатын 
факторлар;
4. Ерекше факторлар – бұл бір салаға арналған немесе өнімнің 
белгілі бір тар топтарын жасау үшін қажетті факторлар.
Қазіргі әлемдік шаруашылық үшін өндіріс факторларының 
халықаралық алмасуының дамуы, екі жақты және көп жақты жүйелер, 
көптеген мемлекеттер мен мемлекетаралық бірлестіктер шеңберіндегі 
ашық экономиканың пайда болуы тән.


308
Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) және Халықаралық Валюталық 
Қордың (ХВҚ) стандартты жіктемесі әлемнің 184 елін қамтиды және 
келесідей топтарды бөліп көрсетеді:
1. Индустриалды елдер
, оларға әлемдік экспорттың 2/3-сі және 
әлемдік ЖІӨ-нің 50%-дан астамы келеді. Бұл – Солтүстік Америка-
ның, Батыс Еуропаның және Тынық мұхит бассейнінің 24 мемлекеті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет