Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен



бет47/100
Дата13.01.2023
өлшемі8,63 Mb.
#165468
түріОқулық
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   100
Байланысты:
AutoCAD графикалық ортасының интерфейсімен танысу.
0211-3is-mdk0301-lr3, 256-257 Алгоритмизация и программирования спецификация, РУП КМ06 , Курсач, Windows 10 сақтық көшірмесін қалай жасауға болад1, Доки по практике, Лабораторная работа
Блок жасау үшін BLOCK (БЛОК) командасын қолданамыз. Оны пернетақтадан жазудан бӛлек, Draw (Рисование) құлама мәзірінен Block/Make (Блок/Создать) пунктін таңдау арқылы немесе Draw (Рисование) аспаптар панелінде пиктограммасын басу арқылы шақыруға болады. Команданы шақырғаннан кейін экранда Block Definition (Описание блока) диалогтық терезесі пайда болады (2.60
– сурет). Бұл терезеде блокқа ат қою керек. Блоктың аты 255 символға дейін болуы мүмкін. Ол әріптерден, цифрлардан, жүйемен немесе программамен басқа мақсаттарға қолданылмайтын арнайы символдардан құралуы мүмкін. DIRECT, LIGHT, AVE_RENDER, RM_SDB, SH_SPOT и OVERHEAD деген атаулар блоктың аты бола алмайды.
Диалогтық терезенің жолдарын толтырғаннан кейін ОК батырмасын басамыз.
Бұдан кейін бұл блок қойылған атпен компьютердің жадында сақталады.

2.60-сурет


Ал енді блокты қою операциясын қарастырайық. Бұл команданы Insert (Вставить) құлама мәзірінен Block (Блок) пунктін таңдау арқылы немесе Draw (Рисование) аспаптар панелінде пиктограммасын басу арқылы шақыруға болады. Бұл команда экранға Вставка блока диалогтық терезесін шақырады (2.61- сурет). Жүйе қойылатын блоктың атын сұрайды. Алдында жасалғанблоктың атын жазып ОК батырмасын басамыз. Енді жүйе блокты экранның кез келген жеріне қоюға дайын болады. Экранда блок жіңішке сызықтармен кӛрінеді, тышқанның кӛмегімен блоктың орнын анықтаймыз да, тышқанның сол батырмасын шертіп, блокты қажетті орынға қоямыз.

2.61-сурет

3 РЕДАКЦИЯЛАУ КОМАНДАЛАРЫ


AutoCAD жүйесінің редакциялау командалары сызбаға әртүрлі ӛзгерістер енгізуге мүмкіндік береді. Сызбаға ӛзгерістер енгізуге түрлі себептер болады. Кейбір редакциялау процедуралары сызбаны салудың бір бӛлігі болып табылады,


3.1-сурет


мысалы, объектіні кӛшіріп, жаңа орында кӛшірмесін қайталап салу керек болса. Қалған операциялар кӛп объектілерді ӛзгерту жасайды. Мысалы, объектілердің кейбір бӛліктерін ӛшіру, жылжыту, оларды бұру, масштабын ӛзгерту және т.б.
Командалардың кӛбі РЕДАКТИРОВАНИЕ (кейбір нұсқаларда ИЗМЕНИТЬ) (Modify) бӛлімінде орналасқан. Ең қолайлысы сәйкес атты аспаптар тақтасын қолдану (3.1-сурет).
Әрі қарай редакциялаудың келесі командалары қарастырылады:



  • Объектілерді ӛшіру (кетіру);

  • Объектілерді тұтқалары арқылы редакциялау;

  • Объектілердің орын ауыстыру;

  • Объектілердің кӛшірмесін жасау;

  • Объектілердің айналы кескіні;

  • Массив жасау;

  • Ұқсас объектілерді жасау;

  • Объектілерді бұру;

  • Фаскаларды орындау;

  • Түйіндесулерді орындау;

  • Объектілерді ұзарту;

  • Объектілерді кесу;

  • Объектіні үзу;

  • Объектіні бӛлшектеу;

  • Объектіні бӛліктеу;

  • Обектілерді «қасиеттер» терезесінде редакциялау;

  • Объектілерді масштабтау.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет