Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен



бет214/304
Дата22.04.2022
өлшемі9,78 Mb.
#140282
түріОқулық
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   304
Байланысты:
Uchebnik Gigiena-kaz yaz

10.4-кесте.
Палата бөліміндегі жасанды жарықтың нормалары.



Бөлмелер

Ең аз жарық деңгейі(лк)

Жарықтандыру нормалары орнатылған беттердің жазықтығы мен деңгейі

Люминесцент-тік шамдарды қолдану кезінде

Қыздыру шамдарын қолдану кезінде

Дәрігерлер кабинеті

300

150

Еденнен 0,8 м биіктіктегі көлденең жазықтықта

Палаталар

100

30




Ем-шара кабинеттері, бокстар, кезекші медбике посты

150

75

»

Дәліздер, өтетін жерлер, санитарлық жүйелер

75

30

Еденде

Ванна бөлмелері

100

50




Палаталарды сырлауға ашық-жасыл, алтынтүсті-сары, сарғылт, қызғылт-сары, ашық-сұр, немесе басқа ашық түстерді қолданған жөн. Ал, төбесін бояу үшін ақ немесе аспан түсті-көгілдір – суық түстер қолданылады. Палаталардың қабырғаларын терезелердің бағытталуына қарай сырлайды. Терезелері оңтүстікке бағытталған палаталар үшін, күн сәулесінің жарқылын жұмсартатын, суық (жасылдау, салат түсті, көгілдір, жасылдау-көгілдір) түстер, ал солтүстік румбаларға бағытталған палаталар үшін, оларға түспейтін күн сәулесіне ұқсататын, жылы (сарғыштау,өрік түстес, қызғылт-сары) түстер ұсынылады. Палаталардың едені жылы болуы керек. Ең жылы болатыны, паркет және майлы сырлармен сырланған ағаш едендер.


Буфетті және асхананы ас үйден тағам жеткізілетін қызметтік баспалдаққа немесе лифтіге жақын орналастырады. Буфет бөлімдерінде бөлек, екі бөлме қарастырылуы керек, біреуі ыдыс-аяқ жууға, екіншісі, тағамдарды ысытуға және таратуға қолданылады. Буфет тағамдарды қыздыруға, таратуға және ыдыс-аяқты жууға, су ысытуға арналған барлық қажетті заттармен және тоңазытқышпен жабдықталады. Асхананы, аурулардың бір мезгілде 50% шамасында тамақтанатындай етіп, 1 науқасқа 1,2 м2 есебінен ұйымдастырады. Төсек тартып жатқан аурулардан басқалары асханада тамақтанады, бұл гигиеналық жағынан орынды, сонымен қатар, ауруды белсендірек өмір сүру түріне тартып, оның психикалық тонусын көтереді, тағамға тәбеті және көңіл-күйінің жақсаруына ықпал етеді. Дайын тағамдарды буфет қызметкері және кезекші медбике таратады. Тағамды кіші медицина қызметкері үлестіруіне рұқсат етілмейді.
Палата бөлімі элементтерінің бірі - санитарлық жүйе болып табылады, оны палата секциясының шетінде орналастырады. Санитарлық жүйе құрамына жуынатын, ванна, дәретханалар және санитарлық бөлме кіреді. Санитарлық бөлмеде әжет ыдыстарын, клеенкаларды жуу және стерилльдеу жүргізіледі, талдауға арналған биоматериалдар сақталады, кірлеген киімдер мен төсек жапқыштарды іріктеп, уақытша сақтау жүргізіледі, бөлмелерді тазалайтын заттар сақталады. Санитарлық жүйенің бөлмелерінде табиғи жарық болуы керек, едені мен панельдері глазурленген плиткалармен жабылады.
Қазіргі кездегі ауруханаларда, санитарлық жүйелер палаталардың ішінде орналасады («жақындатылған» санитарлық жүйе), бұл науқастар үшін қолайлы және санитарлық тазалықты сақтауға мүмкіндік береді. Палаталарда санитарлық жүйенің болу немесе болмауына қарамастан, онда ауруларға арналған суық және ыстық су қосылған қол жуғыштар болуы қажет. Мұндай қол жуғыштарды бөлімдердегі дәрігерлердің кабинеттеріне, ем-шара, жара таңатын бөлмелерге де орнатады. Жұқпалы аурулар бөлімінің бокстары мен жартылай бокстарының шлюздерінде, жұқпалы аурулар, туберкулез және тері-венерологиялық аурулары бөлімдеріндегі қызметкерге арналған дәретханаларда, операция алдындағы, жара таңатын, ем-шара бөлмелерінде, әйелдер босанатын залдарда, краны шынтақпен ашып жабылатын қол жуғыштар, ал әжетханаларда жуып әкететін суды шағын бактан аяқпен басып ағызатын педаль орнатылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   304




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет