Оқулық Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлiгi ұсынған



Pdf көрінісі
бет3/74
Дата10.12.2023
өлшемі9,67 Mb.
#196187
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   74
Байланысты:
24194 448605 09

АЛ
М
АТ
Ы
КІ
ТА
П
 
БА
СП
АС
Ы
9
беделді болғаны ұнамайды дейсің?! талғат та соны іштей
сезіп, масаттанады. келе-келе талғаттың кеудесіне нан пісе 
бастады. «менің көкем – ең ақылды адам», – дейтін бол
-
ды. Достары да мақтаншақ талғатқа қарсы дау айтпауға 
дағдыланып алған. 
Бір күні Нұрым: 
– Өзенге шомылып қайтайық. Бекетайды да жолай ала 
кетейік, – деді. 
күн ыстық. Бекетай әкесіне комбайн жөндеуге көмекте
-
сіп жатыр екен. Бұларға ергісі келіп, жаутаңдай қарады. 
Жұмысын бітірген соң Бекетай да қуып жетті. Достар 
күре жолға түсіп алып, жалаңаяқ борпылдақ топырақты 
кешіп, өзенге қарай бет алды.
– Ой, сенің де бетіңе май жұғыпты ғой. Өскенде көкең
сияқты май-май тракторшы болатын шығарсың? – деп күл
-
ді талғат.
– Не дедің? сеніңше тракторшы – қажетсіз мамандық па? 
Бекетай кәдімгідей шамданып қалды. 
– Үсті-басыңның май-май боп жүргені қайбір жақсы дей
-
сің?! Иісі де жүректі айнытады.
талғат қып-қызыл дауға тап болды. 
– мақтаншақсың сен!


АЛ
М
АТ
Ы
КІ
ТА
П
 
БА
СП
АС
Ы
10
– мен бе? мен мақтаншақпын ба?.. сендер көрер көзге 
мойындамай тұрсыңдар. Өткенде кәрімнің үйіндегі тойда 
көкелерің «қазақ» деген сөздің қайдан шыққанын таба ал-
мады. сонда менің әкем айтып берген. сендердің көкеле-
рің ештеңе...
кеудесіне нан пісу 
– дандайсу, менсінбеу
Шамдану 
– ашулану
ағат ой 
– жаңсақ, теріс ой
Әрі қарай оқиғаның қалай дамитынын болжаңдар.
– тоқта, талғат! Дауды қойыңдар! 
Әмірлі шыққан дауыс барлығын елең еткізді. Нұрым 
екен. Ол – бесінші сыныптағы оқу үздігі. 
– талғат, сенің айтқаның дұрыс емес!
– Жо-жоқ. Неге? 
– мамандық пен кәсіптің жаманы болмайды. Рас, 
мектепте, тіпті ауылда сенің көкеңнен тарихты терең бі-
летін адам жоқ. сырлыбай ағай да сондай. «Қазақ тілі мен 
әдебиетін ол кісідей білемін», – деп ешкім айта алмайды. 
менің әкем де, Бекетайдың көкесі де – осал жандар емес. 
талғат, өзің айтшы, сенің көкең сол кісілердей техника 
сырын біле ме? 
– Жоқ, – деді талғат төмен қарап. 
сол сәт көкесінің жекеменшік мәшинесі бұзылғанда әр-
кімге жалынып жүретіні есіне түсті. 
– кешіріңдер... мен ағат ойлап жүр екенмін. Әркім өз ісі-
нің маманы екенін түсінбеппін. кешіріңдерші...
Әлгінде ғана өз ойларымен арпалысып, талғатқа іштей 
өкпелеп тұрған құрдастар көңілденіп сала берді. Өзенге 
қарай құлдыраңдай жүгіріп бара жатқан балалардың 
соңынан көтерілген қою шаң ғана қалып барады. 
Бақтияр тайжан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет