АЛ
М
АТ
Ы
КІ
ТА
П
БА
СП
АС
Ы
142
ГлоссаРий
кейіптеу
–
таби ғат құбылыстарын
тірі адам кейпінде
немесе жансызды жанды түрде суреттеу тәсілі.
Мазмұндау
– мәтінді оқып, түсініп, мазмұнын айтып беру.
мазмұндау барысында мәтіндегі негізгі ой ашылуы тиіс.
Монолог
(грек сөзі) – әдеби шығармада кейіпкердің
тыңдаушыға бағытталған, ішкі сырын білдіретін сөз. монолог
кейіпкердің көңіл күйін (қуанышын, ренішін, күдігін) білдіреді.
Мінездеу
– көркем шығармада кейіпкердің мінез-құл қын,
сенім-нанымын,
көзқарасын, көңіл күйін суреттеу. мінездеу
сол кейіпкердің жағымды-жағымсыз әрекеттері, сөйлеу мәде
-
ниеті, үлгі боларлық қылықтары арқылы көрінеді.
Мысал
– жануар,
затты кейіпкер етіп, солардың әрекеті
арқылы адам бойындағы кемшілікті сынайтын, жақсы мінез-
құлықты үлгі етіп көрсететін көркем шығарма.
мысал өсиет,
ақыл айтуға құрылады, қарасөзбен де, өлеңмен де жазылады.
Пейзаж
– көркем әдебиетте суреттелген табиғат көрінісі.
Жазушы пейзаж арқылы көбелектің қанатының дірілін, жа
-
пырақтың сыбдырын, судың сылдырын құлағымыз естіп, көзі
-
міз көргендей әсер қалдырады.
Портрет
– көркем шығармадағы кейіпкердің сыртқы түрі,
кескін-келбеті, жүріс-тұрысы.
теңеу
– бір затты немесе
құбылысты екінші бір затқа,
құбылысқа ұқсатып бейнелеу. теңеу
-дай/-дей, -тай/-тей,
-ша/-ше
жұрнақтары
арқылы немесе
секілді, сияқты, тәрізді
сөздерінің көмегімен жасалады.
Экология
(грекше
«экос»
– үй, баспана,
«логос»
– ілім) –
жеке организмнің өзара қарым-қатынасын қоршаған тір
-
шілік ортасымен, мекенімен
байланыстырып зерттейтін
ғылым.